Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің тарихы



Pdf көрінісі
Дата09.02.2023
өлшемі43.92 Kb.
#469344
mpdf



Жамбыл облысының мемлекеттік
архивінің тарихы
1939 жылы Жамбыл облысы құрылғаннан кейін 1939 жылдың 22-
желтоқсанында Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Ішкі
істер Халық Комиссариаты облыстық басқармасының «Облыста
мұрағат бөлімін құру туралы» №1875 бұйрығына сәйкес Жамбыл
облысы бойынша мұрағат бөлімі ашылды.
Жамбыл облысының Ішкі істер басқармасының 1960 жылғы 26-
шілдедегі №11 бұйрығының Жамбыл облыстық атқару комитетінің
1960 жылғы 23-шілдедегі №322 шешіміне сәйкес облыстық атқару
комитетінің Ішкі істер басқармасының мұрағат бөлімі Жамбыл
облыстық атқару комитетінің мұрағат бөлімі болып өзгертілді.
1991 жылдың қазанында Қазақстан Коммунистік партиясы Жамбыл
облыстық комитетінің жойылуына байланысты, бұрынғы партиялық
мұрағат құжаттары Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының
иелігіне берілді.
Жамбыл облысы әкімінің 1995 жылғы 4-желтоқсандағы №45
шешімінің негізінде облыстық мұрағаттар және құжаттама
басқармасы қысқартылып, оның қызметі облыстық мемлекеттік
мұрағатқа берілді.
Жамбыл облысы әкімінің 2000 жылғы 31-қаңтардағы «Жамбыл облысы
әкімінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік
мекемесін құру туралы»» №379 шешімімен «Жамбыл облысы
әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік
мекемесі құрылды. Соның негізінде «Жамбыл облысының
мемлекеттік мұрағаты» қайта құрылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің 29.09.2011 жылғы № 321 қаулысының
негізінде «Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ-нің
атауы «Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі болып өзгерді (мемлекеттік тіркеу
куәлігі 14 қазан 2011 жылғы №5582-1919-ММ Жамбыл облыстық


әділет басқармасымен берілген).
Жамбыл облысы әкімдігінің 03.07.2013 жылғы № 210 қаулысына
сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама
басқармасы мен Мәдениет басқармасының бірігіуне байланысты
«Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің атауы Жамбыл
облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама
басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгерді (мемлекеттік
тіркеу куәлігі 22 қараша 2013жылғы №5582-1919-ММ Жамбыл
облысының әділет департаментінің Тараз қалалық әділет
басқармасымен берілген).
Жамбыл облысы әкімдігінің 27.01.2016 жылғы № 27 қаулысына
сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және
құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік
мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы
әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
«Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі болып өзгерді (мемлекеттік тіркеу куәлігі 16 наурыз
2016 жылғы Тараз қалалық Әділет басқармасының орынбасарымен
берілген).


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет