Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы «____» _________
№ _____
қаулысына 1 қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы 29 сәуірдегі № 11/09
қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
-
«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қарағанды облысының агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі біртұтас мемлекеттік саясатты және тұқым шаруашылығы, мемлекеттік техникалық инспекция (салаларындағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері.
Қазақстан Республикасы, 100008, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Лобода көшесі, 20
9. Басқарманың толық атауы:
мемлекеттік тілде — «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ;
орыс тілінде - ГУ «Управление сельского хозяйства Карагандинской области».
10. Осы Ереже «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
12. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер, «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органнның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
13. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы экономикалық өсуге және агроөнеркәсіпкешені саласындағы бәсекеге қабілеттілікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал жасау мақсатында облыстың агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.
14. Міндеттері:
бір тұтас мемлекеттік аграрлық саясаттың шараларын жасау және жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», 7 бап, 2 тармақ, 1 тармақша);
агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», 7 бап, 2 тармақ, 2-1 тармақша);
өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып («Астық туралы» Қазақстан республикасының заңы 6-1 бабы, 1 тармағы, 1,6 тармақшалары), («Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 6-1 бабы, 9 тармақшасы);
мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыру (Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңы, 14 бабы, 1,3 тармақшалары);
халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармағы, 1,7 тармақшалары).
15. Функциялары:
азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Ауылдық аумақтарды және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы, 7 бабы, 2 тармағы, 17-3 тармақшасы);
облыс аумағында индустриялық-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады және қалыптастыруға қатысады (Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметке мемелекеттік қолдау көрсету туралы» заңы, 8 бабы, 1 тармақшасы);
агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламаларын және стратегиялық жобаларды дайындау және оларды жүргізудің мониторингісін жасау (Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы, 7 бабы, 2 тармағы, 1 тармақшасы);
ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне суды жеткізу бойынша қызметтің құнын субсидиялау шараларын жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының Су Кодексы, 39 бабы, 10 тармақшасы);
суды пайдаланушы ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің арасында су пайдалану лимитін бөлу (Қазақстан Республикасының Су Кодексы 39 бабы, 11 тармақшасы);
астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру (Қазақстан Республикасының «Астық туралы» заңы, 6-1 бабы, 1 тармағы, 1-1 тармақшасы);
тұқым шаруашылығын және селекцияны дамыту, дәнді-дақылдарды өңдеу технологиялары, топырақтың құнарлығын жаңғырту және сақтау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Астық туралы» заңы, 6-1 бабы, 1 тармағы, 1 тармақшасы);
астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау (Қазақстан Республикасының «Астық туралы» 6-1 бабы, 1 тармағы, 2 тармақшалары);
табиғи-климаттық жағдайларды және нарық коньюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу (қазақстан республикасының «Астық туралы» 6-1 бабы, 1 тармағы, 4 тармақшасы);
бюджеттік бағдарламаларға сәйкес тұқымдарды дәрілеуіштердің және гербицидтердің, минералдық тыңайтқыштардың құнын отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатып беру (Қазақстан Республикасының «Астық туралы» заңы, 6-1 бабы, 1 тармағы, 6 тармақшасы) ;
өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау (Қазақстан Республикасының «Астық туралы» заңы, 6-1 бабы, 1 тармағы, 8 тармақшасы);
астық қабылдау кәсіпорындарына бақылау жасау, оның ішінде:
бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді,
астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау (Қазақстан Республикасының «Астық туралы» заңы, 6-1 бабы, 1 тармағы, 9-1 тармақшасы);
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру (Қазақстан Республикасының «Астық туралы» заңы, 6-1 бабы, 1 тармақшасы, 10 тармақшасы);
өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру (Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңы, 9 бабы, 1-1 тармақшасы);
қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңы, 9 бабы, 1 тармақшасы);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау (Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңы, 9 бабы, 5 тармақшасы);
өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады (Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» заңы, 9-1 бабы, 1-1 тармақшасы);
тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 1 тармақшасы);
тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 2 тармақшасы);
уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 3 тармақшасы);
тұқым шаруашылығы субъектілеріне (тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды қоспағанда) тиісті куәлік бере отырып, аттестаттауды жүргізеді (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 4 тармақшасы);
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 5 тармақшасы);
облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасайды (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 6 тармақшасы);
ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 7 тармақшасы);
құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 8 тармақшасы);
бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 9 тармақшасы);
сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 10 тармақшасы);
осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 11 тармақшасы);
субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша келіседі (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 12 тармақшасы);
субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 13 тармақшасы);
байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 14 тармақшасы);
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 15 тармақшасы);
тиісті куәлік бере отырып, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды жүргізеді (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 16 тармақшасы);
тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады (Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңы, 6-1 бабы, 17 тармақшасы);
карантиндік аймақтың темір жол станцияларында, өзен және көл порттарында, аэропорттарда (автостанцияларда), базарларда, пошта байланысы ұйымдарында және басқа да объектілерде, осы объектілердің иелері, заңды және жеке тұлғалардың, және де мемлекеттік басқару органдарының қатысуымен карантиндік шараларды өткізу (Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» заңы, 9-1 бабы, 2 тармақшасы);
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады (Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңы, 14 бабы, 1-1 тармақшасы);
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және сақтау бойынша облыстық (аймақтық) бағдарламаларды дайындау (Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңы, 14 бабы, 1 тармақшасы);
асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізімін жасау және жүргізу (Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңы, 14 бабы, 2 тармақшасы);
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияларды іске асырады (Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңы, 14 бабы, 3 тармақшасы);
белгіленген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында деректер есебін жүргізу (Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңы, 14 бабы, 4 тармақшасы);
ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталардың ұсыныстарын ескере отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнiң әрбiр түрi және әрбір субъект бойынша субсидиялануға жататын, өткізілетін асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде айқындайды (Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңы, 14 бабы, 5 тармақшасы);
жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды пайдалану тиімділігіне ынталандыру мақсатында бағалау мәліметтерін жинақтап, мүдделі адамдарға ақпарат беру (Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңы, 14 бабы, 6 тармақшасы);
асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңы, 14 бабы, 7 тармақшасы);
ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асару (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 1-1 тармақшасы);
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 17-2 тармақшасы);
профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 17-3 тармақшасы);
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер дайындау (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 2 тармақшасы);
осы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер дайындау (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 3 тармақшасы);
ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 4 тармақшасы);
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 5 тармақшасы);
уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 6 тармақшасы);
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 7 тармақшасы);
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 8 тармақшасы);
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және оларды тасымалдау (жеткізу) (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 10 тармақшасы);
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізуді ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 11 тармағы);
ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға табыс ету (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 10 бабы, 1 тармақ, 12 тармақшасы);
жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 14 тармақшасы);
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 15 тармақшасы);
ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 17 тармақшасы);
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы, 10 бабы, 1 тармақ, 1 тармақшасы);
малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдарды, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуды, ұстауды және қайта жаңартуды қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы, 7 бабы, 2 тармағы, 11 тармақшасы);
Қазақстан Республикасының заңнамаларымен анықталған басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.
16. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
өз функцияларын орындау үшін қажетті құжаттарды, ақпараттарды белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан сұрау және алу (Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңы, 13 бабы, 1 тармағы);
заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, 7 бабы);
жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға, тауарларды жеткізуге келісім-шарттар жасасады және белгіленген тәртіппен олардың орындалуына бақылау жасайды (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, 37 бабы);
ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында қызметтерді лицензиялауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы, 11,25,29 баптары);
шығарылатын өнiм түрлерi бойынша аймақтық көрмелерін, жәрмеңкелерін өткізуді ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы, 7 бабы, 2 тармағы, 6 тармақшасы);
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басшылықты, «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі аппаратының басшысы мен бағыттаушы орынбасарының ұсынысы бойынша облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және Басқарма бөлімдерімен орындалуға міндетті нұсқаулар береді, келісім-шарттарды жасайды;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімдер туралы Ережені бекітеді;
-
өзінің орынбасарларының, құрылымдық бөлімдердің міндеттері
мен өкілеттілігін анықтайды;
-
басқарма жұмыскерлерін жұмысқа алу және жұмыстан шығару жайлы сұрақтарын шешеді, олардың міндеттерін бекітеді;
-
заңмен белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
-
қолданыстағы заңдарға сәйкес барлық ұйымдарда және органдарда Басқарманың өкілі болып табылады;
-
құжаттардың орындалу барысын ұйымдастырады және бақылау жасайды;
-
өз міндетінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарының орындалуын қаматамасыз етеді және осы үшін жеке жауапкершілікті тартады;
-
орынбасарларының, құрылымдық бөлімдер бастығының, Басқарманың басқа бағыттағы қызметіне жауапты мамандардың жауапкершілік деңгейін анықтайды;
-
қолданыстағы зандарға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бекiтiлген мүлкі коммуналдық меншiкке жатады.
24. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі
25. Жұмыс тәртібі еңбек заңнамасында қарастырылған кепілдікті есепке ала отырып белгіленеді.
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру мен тарату
26. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |