Жануарлар туралы қызықты деректер: аю



Дата07.06.2022
өлшемі17 Kb.
#459056
Жануарлар туралы қызықты деректер


Жануарлар туралы қызықты деректер: аю

Аюдың барлық түрі адам айтқысыз ақылды болады. Есте сақтау қабілеті де өте жақсы дамыған әрі әр нәрсеге әуес. Үнемі жаңа да айрықша нысандарды бақылап жүреді. Аңшылар олардың қақпанға тас не таяқ лақтырып, тамағын зиян келтірмей алатынын анықтады. Аюды ізі арқылы тауып алу қиын. Жүрген кезде кейін шегініп, айналып жүріп, ізінен адастырып кетеді.


Аюлар тұқымдасының сегіз түрі бар. Оның төртеуі Оңтүстік, төртеуі солтүстік жартышарды мекендейді.
Бәріміз аюды маймақ, қисық аяқ санаймыз. Бұл мүлдем олай емес. Аю бір басқанда бірден оң аяқпен екі адым, содан кейін сол аяқпен екі адым басады. Сондықтан екі жаққа теңселіп жүретіндей көрінеді. (Білеміз, сіз қазір дәл солай жүріп көргіңіз келді)
Аю баяулығы мен ебедейсіздігіне қарамастан, өте жылдам жүгіреді. «Маймақ» аю қысқа шақырымда жылдамдығын 55 км/с арттыра алады. Бұл үнемі жаттығып жүрген жігіт жылдамдығынан 20 км/с артық.
Әлемдегі ең алып аю – полярлық түрі. Ересек еркегінің салмағы 500 кг дейін жетеді. Ал 30 000 жыл бұрын Солтүстік Америка аумағын мекен еткен қысқа тұмсықты аю одан екі есе үлкен болса керек.
Ал аю тұқымдастары ішінде ең кішкене түрі малай аюының тырнағы бәрінен ұзын – 10 см екен. Оның тілі де ұзын – 25 см.
Жер бетіндегі бүкіл аюдың түгі екі қабатты. Бірінші қабаты қысқа да қатты, ол жылу беру қызметін атқарады. Ал екінші қабаты ұзын әрі сирек, оның қызметі – судан қорғау.
Ақ аю мен пандадан басқалары түгелімен қысқы ұйқыға кетеді. Ұйқы кезінде жалпы салмағының 30-50 пайызын жоғалтады.
Аю сүтінің құнарлылығы сиыр сүтіне қарағанда 4 есе жоғары.
Полярлық аю ғана еттен өзге ештеңе жемейді. Ол бір жегенде 70 кг етті тауысып тастай алады.. Ал басқа аюдың барлығы кез келген нәрсе жей береді. Панда бір сәтте 22 кг бамбук тауысады.
Аюлардың көру қабілеті адамдардан қалыспайды. Ал есту және иіс сезу қабілеті бізге қарағанда әлдеқайда жақсы дамыған. Қоңыр аю бал иісін 8-9 км қашықтықтан сезеді, араның ызыңын 5 км жерден естиді. Олар айналасында қай жерде қандай жеміс-жидек, саңырауқұлақ өсетінін және қашан пісіп-жетілетінін жатқа біледі.
Пандада 6 саусақ болады. Анығырақ айтсақ, бес толық саусағы және ағашқа өрмелегенде көмекке келетін бір қосымша саусағы бар.


Ақ аю туралы қызықты деректер

Ақ аю Арктика мен Солтүстік мұзды мұхит территориясында тіршілік етеді. Осыдан 5 миллион жыл бұрын қоңыр аюдан бөлініп шыққан ақ аюлар бүгінде қақаған суыққа жақсы бейімделген. Біз білетін ақ аюдың ғылымдағы атауы – Ursus maritimus.


Аю – жер бетінде өмір сүретін сүтқоректілердің ішіндегі мұзды суға бейімделген жалғыз жануар.
Ақ аюлар баласын дүние алып келетін кезеңде 1 айға дейін ешнәрсе жемей шыдай алады. Мұндай кезеңде аюлар тері астында жиналған май есебінен қуат алады. Тері астындағы май қабаты 10 сантиметрге дейін жетіп, аюдың ішкі жылуын өзінде сақтауға көмектеседі.
Аю терісінің астында жиналған майдың 35,8%-ы баласына беретін сүтке жұмсалады. Ал әйелдің ана сүтінде бұл көрсеткіш небәрі 5%-ды құрайды екен.
Ұйқыдан оянған аю бір мезгілде 97-ден 505 кг-ға дейін толығады. 
Ересек аюдың асқазаны 68 кг-ға дейін азықты бір уақытта қорыта алады. Ал тым ашыққан кезде, салмағы 600 кг тартатын моржды өлтіруге қауқары жетеді.
Әрбір ақ аю жылына 60 итбалық жейді. Ересек аю үлкен итбалықты бір отырыста жеп қоя алады.
Әлемдегі ең үлкен ақ аюдың салмағы 1002 кг болған. Оның қаңқасы Аляска астанасы (АҚШ) Анкордждегі әуежайда сақталады. Бойы 3,4 метрді құраған алып аю қаңқасының көмегімен мүсін жасалып, әуежайдың орталық терминалына орнатылған.
Ақ аю судан екі метр биіктікке дейін секіре алады. Бұл үдерісте аюға артқы екі аяғы тірек болады. Олар ит секілді жүзеді.
Соңғы 100 жылда ақ аю көлемі орташа есеппен 5%-ға азайған. Ғалымдардың айтуынша, бұған Арктикадағы мұзды өлкенің еруі әсер еткен. Себебі климаттық өзгерістер аю иммунитетінің төмендеуіне алып келеді. 


Дуадақ

Дуадақ - далалы жерде кездесетін ірі құстың бірі. Республикамызда дуадақты шөл және шөлейтті, далалы жерлерде кездестіруге болады.


Басы мен мойны сұр, арқасы жирен түсті, бауыры ақшыл, қанаты ақ, қанатының ұшы ғана қара болып келеді. Еркегінің салмағы - 16 кг, ұрғашысынікі 6 кг-ға дейін жетеді. Олар жыл құстары сияқты мекен еткен жерлерінен өте алысқа кете қоймайды.
Кейде дуадактарды қыс айларында Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан да кездестіруге болады.
Дуадақ денесі салмақты болса да, жақсы ұшады және мықты сирақтарымен тез жүгіре алады. Олар мейлінше сақ. Дуадақтар ұясын жерге салады, олар кішкентай шұңқыр дайындап, астына құрғақ шөптен төсеніш төсеп жасайды да, сол ұяға 1-ден 3-ке дейін жұмыртқа басады.
Қазіргі кезде дуадақтар Қазақстан даласында өте аз, тіпті олар жойылып кетуге жақын. Сондықтан заң бойынша қорғауға алынған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет