Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Математика кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
Қабылдаған:Даханова Жеңіскүл
Орындаған:Рүстемханов Абдулсаид
Тобы:ЖМА-211
Жас ұрпақтың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру жөніндегі ағарту
және тәрбиелеу жұмыстары қазақстандық қоғамдық өмірдің әртүрлі
салаларында сыбайлас жемқорлықты туғызатын және соған себеп
болатын себептер мен шарттарды жою (барынша азайту) жөніндегі
мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып
табылады.
Бұл тұрғыдан алғанда білім берудің аса маңызды бағыты сыбайлас
жемқорлық көріністерін қабылдамайтын білім беру ортасын құру,
сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын моральдық деңгейі жоғары,
адамгершілігі мүліксіз азаматтарды тәрбиелеу болуға тиіс.
Бүгінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы
мен практикасына басқаша зер салу керек. Азаматтық қоғамды нығайту
және дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің азаматтық
құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ілімдерге ие, бұл білімдерді
күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің
азаматтық құқықтарының бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтарды
қорғауға дайын азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі Қазақстанның барлық
білім беру мекемелерінің өзекті міндеті болып отыр.
Бұл үшін, ең алдымен әртүрлі жас топтарындағы балалар мен
жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие әдістері
мен құралдарының мақсатын, олардың мазмұнының, нысандарының
ерекшеліктерін педагогикалық тұрғыдан қайта салмақтау қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие педагогикалық
кең мағынасында – бұл құнды ұстанымдар, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы сана-сезімді қалыптастыру және жас азаматтардың сыбайлас
жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымдардың қалыптасуы үшін
қажетті қабілеттерді дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған,
мақсатты және басқарылатын ықпал ету. Ауқымсыз педагогикалық
мағынада – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға
бағытталған арнайы ағартушылық және тәрбие жұмысы процесі мен
оның нәтижесі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиенің мәні
интериоразацияны білдіреді, яғни қоғамның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы талаптарын ішкі құндылық ұстанымдарына айналдыру және әрбір
білім алушының соған көзін жеткізу.
Бұл іске асқан жағдайда, ол оның кейінгі өміріндегі бет түзер бағыты
болады. Бұл тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие
жөнінде олардың біртұтас процесс екенін айтуға болады. Бір жағынан
білім алушыларға қажетті білім көлемін және тиісті моральдық идеалы
туралы, рухани және адамгершіліксіз әрекет, моральдық қағидаттар
мен нормалар туралы ұғымдарды қалыптастыруды болжайды. Екінші
жағынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие адамның рухани сана-
сезімнің қабылданған және игерілген элементтеріне сәйкес әрекет
етуінің терең ішкі қажеттілігін қалыптастыруды білдіреді.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру –
бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары: 1) сыбайлас жемқорлыққа
қарсы құндылықтарды сіңіру; 2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер
мен сезімдерді қалыптастыру; 3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен
әдеттерді дамыту. Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие
міндеттерін білдіреді.
Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:
–
білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері
жағдайларының болмауы;
–
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі;
–
білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылы негізіндегі өмір-тіршілігі
проблемаларын шешу тәжірибесін алу;
–
білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін
қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет .
Бұл жүйеде әртүрлі жас кезеңінде қалыптасуы мүмкін бірқатар
тұлғалық құрылымдарды бөліп көрсетуге болады.
Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста (3-6 жас –
әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік
кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға деген махаббат, туған
табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар
мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты
құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек. Мектеп жасына
дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы – бұл
олардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды,
қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс қағидалары мен нормаларын
қалыптастыру.
Кіші мектеп жасында (7-10 жас – кемел балалық шақ, дене және
рухани күш жинақтау уақыты) біршама өзгермеген түрде өмір бойы
сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы
жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің
қалыптасуының маңызы зор. Ар-ождан, абырой, ұят, қайрымдылық,
жанашырлық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және т.с.с. рухани
қасиеттердің қалыптасуына ерекше назар салған жөн.
Бұл кезеңде балалардың сыбайлас жемқорлық пен оның залалы
туралы дүниетаным сипатындағы түсінік пен ұғымның қалыптасуы
маңызды. Негізгі дүниетаным идеясы қоғамды тану заңдарымен
байланысты болуға тиіс. Бұл ретте баланың ұғымды салмақтау білуіне,
өз көзқарасын айтуына үйрету, оны қиын жағдайға қойып көру қажет.
Орта мектеп жасы – (10-14 жас – жасөспірім кезеңі, балалардың
өміріндегі күрделі кез) – бұл балалық шақта сіңірген рухани-эстетикалық
қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі. Бұл өмірлік кезеңнің
нақты қиындығы әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі, рухани-эстетикалық
пайымдауды дамытудағы өзіндік түйсіктің, өзін-өзі танудың, өзін-өзі
бағалаудың бірте-бірте өспелі толқынын білдіреді. Бұл жаста патриотизм,
интернационализм, өз Отанын мақтан ету, елдің қоғамдық құрылымын
құрметтеу, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, адамның азаматтық
құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің
маңызы зор.
Бұл осы жас тобында құқықтық сана-сезімді қалыптастыру сияқты
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндетін айқындайды.
Біздің көзқарасымызша бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие
жүйесінің негізгі міндеті.
Жасөспірім жасында білім алушылардың өмірлік проблемаларды
шешу қағидаларын саналы түрде қабылдау білу даңдысын қалыптастыру
маңызды. Бұл үшін олар билікпен қарым-қатынаста өз проблемаларын
тиімді шешу тәжірибесін жинайтын практикалық жағдай туғызу керек.
Бұл тұста, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту бөлігінен
басқа жеке таңдау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жағдайларын
туғызған жөн.
Жоғары мектеп жасы (14-18 жас – жастық шақ) – бұл дене және
психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік
еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын
кезең. Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру
болуға тиіс, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға
мүмкіндік береді. Бұл жаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы
қалыптастыру жүйелі, мақсатты және үздіксіз процесс болуға тиіс.
Білім алушылардың жалпы білім беру мектебі деңгейін аяқтауға
жылжуына қарай олардың сыбайлас жемқорлық, оның көріністері,
жауапкершілік шаралары туралы, сыбайлас жемқорлық құбылысын
орнықты түрде қабылдамау ұғымы қалыптасуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |