Дәріс 19. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері Дәріс жоспары



бет1/25
Дата02.01.2022
өлшемі56.28 Kb.
#452922
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Саяси билік мәні мен жүзеге асыру механизмдері


Дәріс 19. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері
Дәріс жоспары:

  1. Саяси билік – биліктің бір түрі. Оның түсінігі, ғылыми анықтамалары және оның көріністері.

  2. Саяси биліктің қайнар көздері мен рессурстары.

  3. Саяси биліктің түрлері, қызметтері, субъектілері

  4. Саяси биліктің легитимділігі және билік бөліну прнциптері


1. Саяси билік – биліктің бір түрі. Оның түсінігі, ғылыми анықтамалары және оның көріністері. Билік – саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б. Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік.

Қоғамдағы саяси саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың ең өзекті мәселелерінің бірі және саяси ғылымның негізгі зерттеу пәні болып есептеледі. Билік адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Оның қажеттілігі туралы ертедегі грек ойшылдары айта бастаған. Биліктің қажеттілігі:



  1. Адамдардың әр кезде, барлық жағдайда өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін;

  2. Қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін қоғамдық ережелерді бекіту үшін;

  3. Қоғамдағы шаруашылық қызметін атқару үшін қажет.

Қазіргі кезде саясаттануда кең таралған саяси билік теориясы орын алады. Саяси институттар мен барлық саяси ұғымы әлемінің мәнін түсініп білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесібилік, ал мазмұныбилік үшін күрес және билікті жүргізу.

Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі – ол билік үшін күреседі деген екен.

Ағылшынның ең, ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған Бертран Рассел (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан.

Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Толкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет