Жарық ауылдық округі әкімінің «Жарма ауданының Жарық ауылдық округіндегі «Арғынбай бұлақ» учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешім жобасы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 206 ұсынысы негізінде, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Жарма ауданының Жарық ауылдық округінің «Арғынбай бұлақ» участкесіне, ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысы (Ж. Саржаков, келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жарма аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (Г. Құлжанбекова, келісім бойынша) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарық ауылдық округінің әкімі Б. Наурызбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетінің
Жарма аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесі басшысы Ж. Саржаков
2015 жыл «___» _____________
«Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Жарма аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы Г. Құлжанбекова
2015 жыл «___» _____________
Достарыңызбен бөлісу: |