Жарық Дүние мен жан дүние: қазақ онтологиясы



бет1/4
Дата28.03.2024
өлшемі120.5 Kb.
#496760
  1   2   3   4
Жарық дүние



  1. Жарық Дүние мен жан дүние: қазақ онтологиясы (Қ.Ш. Нұрланова)

Қазақ философиясында, эстетикасында, дәстүрлi салт-салтанатында Жарық дүниеге көзқарас, онымен қарым-қатынас негiзгi орын алады, оның ең бiр қасиеттi және негiзгi ерекшелiгi қазақ Жарық дүниенiң шексiз шалқарын көзбен көрiп, оған қиялмен жетiп, ой көзiне салып отыр-ғандығында. Мұндай тәжiрибе көшпелi түрде өмір сүрген қазақ елiнiң рухани қолқа жүрегi болса керек, неге десеңiз, мұндай эмоциялық-интеллектуалдық қарым-қатынастан туған түсiнiк-тұжырымдар аса терең де маңызды болып келедi. Мысалы, қазақтың бұл дүние бiртұтас деген теңдесi жоқ философиялық, этикалық және эстетикалық тұжырымы бар. Осы ойды тарқата бiлсе, ұшан-теңiз ой толқу тереңдігі ерекше дамыған ой өрiсi жатыр. Мысалы, осы бiртұтас дүниеде адамның өз орнын сезiнуi-бiлуi; ал сол орынның Жарық дүниенiң үзiлмес өмiрiне байланысты тiркес екендiгiн бiлу – тағы өз алдына бiр шоқы рухани тәжiрибе. Осы көрсетiлген ой-жүйенiң негiзiнде дамыған қазақтың Жарық дүниеге деген эстетикалық көзқарасының тағы бiр асқар биiктiгi – мынадай ой-түсiнiгiнде-тұжырымында: бiр жағынан, қазақтар «бұл дүние – бiртұтас» деп бiр бiлсе, екiншi жағынан, «адам мен әлем бiртұтас» деп тағы бiр ой түйедi. Бiр жағынан, бұл тұжырымдар өте терең және өмiршең, ал екiншi жағынан, бұл тұжырымдар, өзiне ғана тән, жалпы қазақ елiне тән ой-өрiсiнiң көркем бейне түрiнде дамуының негiзiнде қол жеткен рухани биiктiк. Осы рухани қасиеттерге сүйене отырып, қазақ халқы Жарық дүниеге байланысты аса маңызды рухани тәжiрибеге қол жеткiзген. Этикалық жағынан алғанда, қазақтың бүкiл салт-дәстүрiнiң рухани өзегi болып келетiн ой: бұл дүниеге пенде болып келсең де, тек пенделiкпен ғана шектелiп қалмау.


Табиғатқа деген халықтың көзқарасы оның рухани дүниесiнiң ең терең қасиеттiлiгiне жатады. Оған дәлел ретiнде мынадай теңестiру келтiруге болады. Табиғатқа деген еуропалық көзқарасты алсақ, оның бiрталай ерек-шелiктерiн байқаймыз. Еуропалық көзқарас бойынша табиғатқа деген қарым-қатынаста о бастан принциптi түрде дамыған бiр негiз бар, ол принцип – табиғатты қоршаған орта деп қана бiлiп-түсiну. Осыдан барып табиғатты өзiнен тыс, өзiне байланыссыз деген түсiнiк пайда болған. Адам өзiн кең дүниенiң өзегi деп бiлуiн философияда антропоцентризм деп атайды. Осы түсiнiкке орай табиғатты тек пайдалану дәрежесiнде қалдырып қойғандықтан қазiргi заманда бұл рухани тығырыққа, рухани шөлейтке апарады, апарды да. Табиғатқа еуропалық көзқарастың негiзi – адамның табиғаттан биiк тұруы, табиғаттың алдында өзiн ерекше данышпандық күйде сезiнуi. Еуропалық көзқарас-қа сай табиғатты тек қана қажеттiлiкке жарату, пайдалану, оның байлығын алып, керекке жұмсау деген бiржақты дүниетаным пайда болды. Екiншi жағынан, осы түсiнiк санаға енгендiктен, күнделiктi тiршiлiкте де, қоғамдық өмiрде де бұл көзқарас iс-әрекетке айналғанын бiлемiз, тiптi табиғатты игеру, пайдаланумен қатар оны бағындыру деген ұғым iс-әрекетте кеңiнен орын алады. Табиғатқа деген мұндай көзқарас қазiргi заманда қоғамды рухани жағынан да, этикалық жағынан да күйзелiске ұшыратқанын байқаймыз.
Ал, қазақтың дүниетанымына тоқталсақ, онда табиғатпен қарым-қатынас құру өзегi өзгеше. Қазақ табиғаттың қыр-сырына етене жақындығын, рухани кiндiктес екенiн өте терең және жан-жақты философиялық тұжырым ретiнде сабақтайды, ол – ел мен жер егiз деген тұжырымы.
Бұл принциптi рухани жетiстiк бiр жағынан, қазақтың табиғатты – Ана деп бiлген рухани ойын жеткiзсе, сонымен қатар табиғатпен ерекше қарым-қатынас құру бар да, оны ерекше сезiну бар дегендi мегзейдi. Қазақ эстетикасында табиғатты пайдаланып қалу, не болмаса бағындыру деген бағыт, ой болмаған. Қазақта табиғатты тек қана қоршаған орта деп те бiлген принциптер де орын теппеген.
Ел мен жер егiз деп бiлген халық табиғаттың адаммен байланысын, жақындығын аса бiр даналықпен, көрегендiкпен тұжырымдағанын байқаймыз. Табиғат пен адамның егiз сынды байланысын сонымен қатар көркем түрде, көркем бейне концепциясы түрiнде жеткiзе бiлген, неге десеңiз, интеллектуалдық қарқын мен көркем қиял бiртұтасып, көркем бейне түрде философиялық тұжырымға айналып отырған.
Табиғаттың адаммен егiз сынды байланысы әрбiр бағыттан байқалады. Мысалы, қазақ табиғаттың әрбiр кезiн сиынып-сипаттап қана қоймайды, ол туралы айтқанда, жаны бардай, жан бiткендей өзгерiп отырады дейдi. Мысалы, орыс тiлiнде көктемдi де, жазды да, күздi де, қысты да бiр-ақ сөзбен айтады – пришла: весна пришла, лето пришло, осень пришла, зима наступила. Ал, қазақ әрбiр мезгiлдiң өзiне сай ерекшелiгiн көре-бiле отырып, былай дейдi: көктем туды, жаз шықты, күз келдi, қыс түстi.
Табиғатқа деген шексiз сүйiспеншiлiктен туған терең, философиялық, этикалық, эстетикалық тамырлы ойдың дамығанын әрбiр түсiнiк-тұжырымдардан байқауға болады. Табиғатқа байланысты тағы бiр ойға тоқталсақ, қазақ дүниетанымының шексiз Жарық дүниенiң құпиясымен шектесiп, сабақтасып жатқанын мынандай түсiнiк-ұғым айқындайды: «елiңдi жамандама — шығатын төрiң ғой, жерiңдi жамандама — түсетiн көрiң ғой». Осы мысалдардың өзi табиғатты сезiну-түсiну-бiлуде игеру де, бағындыру да жоқ, бiр ғана игi ой өрiсi бар екенiн дәлелдейдi, ол – табиғатпен бiрге, ажырамас бiртұтастықта өмiр сүру. Сонымен қоса осы руханилық ой-жүйе көшпелi өмiр сүру және табиғатты ерекше түрде сезiну-бiлу тәжiрибесiне апарғанын негiздейдi.
Бұл - табиғатты түсiнiп-бiлудегi қазақтың рухани тәжiрибесiнiң күре тамыры. Оны сан салалы мән-маңызы бар Бұқар жыраудың мына толғауы айқындайды:
Әлемдi түгел көрсе де,
Алтын үйге кiрсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мiнсе де –
Қызыққа тоймас адамзат1.
Ал маңызды негiз – адамға адамның бiлдiретiн сән-салтанат қарым-қатынасы. Бұл негiзден, яғни философиялық тұрғыдан алғанда, қазақ Алла тағала адамды сүйiп жаратқан, сондықтан адамда да киелiлiк бар деп бiлген. Осы философиялық ұғым жадағай абстракциялық түрде қалыптаспаған, күнделiктi тiршiлiктiң, күнделiктi күйбеңнiң рухани нәрi болып, күнделiктi өмiрдi iштей эмоциялық, интеллектуалдық түрде рухтандырып, оның маңыз-мәнiн сездiртiп, түсiндiрiп айқындайды. Сондықтан адамға деген қарым-қатынас әсерлi салт-салтанатқа айналған.
Қазақ кез келген адамды шын ниетiмен, көңiлiмен, қабағын жаза қарсы алады, барын алдына қояды. Қазақ қырықтың бiрi Қыдыр деген аталы сөзге ие, сондықтан кез келген кiсiнi күтiп ал, керегiн мүмкiндiгiнше жасап бер деп түсiндiрiп жатпайды. Осы философиялық ойды қырықтың бiрi Қыдыр деп көркем, бейнелi түрде, әдемi де әсерлi жеткiзедi: бiлгенге осы сөздiң өзi жетiп жатыр. Бұл айтқаннан айтпағаны көп сырлы дүние ғой. Еуропалық түсiнiктен алғанда бiр көрген адамға, онымен келешекте кездесуiң екiталай болса – ол адамға аса мән бермейдi: ендi кездеспек, iс-әрекет ретiнде жолықпасақ, ол маған не дәрi деп жүре бередi.
Қазақ бiр көрген адамға, сол адаммен әсiресе ендiгәрi кездесе алмайтынын бiлсе, жаны қалмай ақ көңiлiнен алдына барын жаяды. Ендi кездеспесе де, анда-санда бiр еске түскенде, сол жүрек жылуы, көңiл көншуi екi жаққа да жан азығы болып жүре бередi. Адамға деген құрмет арқылы қазақ халқы

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет