Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сейдыбаева Әдемі Қанатқызы
|
Пән/Сынып:
|
Жаратылыстану, 6- сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
3- тоқсан
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
6.3.А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Тірі табиғаттағы үдерістер 2-сабақ
|
Оқу мақсаты:
|
6.4.2.3. Тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру
|
Бағалау критериі:
|
Тірі ағзаларға тән үдерістерді атайды
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі. Бүгінгі жұмыс мақсатымен таныстыру. Бейнематериалды көре отырып, сабақты түсіндіру. Бекіту тапсырмалары және оқу тапсырмалары беріледі. Сабақты қорытындылау
|
Бірлескен жұмыс (№1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Тапсырма №1
Ағзалардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табыңыз
|
Жеке жұмыс
Оқу тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындайды
Тапсырма №2
Тірі ағзаларға тән қасиеттерді және олардың сипаттамаларын сәйкестендіріңіз
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Бағалау
|
Ресурстар/ слайд
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сабағымыздың тақырыбы:
Тірі табиғаттағы үдерістер 2-сабақ
6.4.2.3. Тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру Бүгінгі сабақта біз сіздермен тірі ағзаларға тән үдерістермен танысатын боламыз.
|
Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
|
|
Слайд №1
Слайд №2
|
8 минут
|
Жаңа сабақ
|
Өмір – бұл материяның тіршілік етуінің жоғарғы формасы. Тірі ағзалар дамуға, өсуге, көбеюге, қозғалуға және біртіндеп қоршаған ортаға бейімделуге қабілетті. Бірақ осыншама сипаттама бола тұра, кейде тірі нысандарды анықтауға қайшылыұтан құтылу мүмкін болмайды. Мысалы, вирустарды тірі деп санауға болады ма? Басқа организмнің жасушасынан тыс ортада тіршілікке тән белгілер көрсетпейді
Тапсырма №1 Ағзалардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табыңыз
Дескриптор: суреттегі ағзалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атайды
Ұқсастықтары: тыныс алады, қоректенеді, тітіркенеді, өседі, көбейеді, қартайады
Айырмашылықтары: Мекен ортасына байланысты мүшелерінің құрылысындағы ерекшеліктер
Оқушылар біз сіздермен 5 – ші сыныпта тірі ағзаларға тән қастеттермен таныстық. Сіздер тірі ағзаларға тән қастеттерді атап оларды бір бірінен ажырата аласыздар
Ал енді тірі ағзаға тән қасиеттердің сипаттамасына жеке жеке тоқтала кетейік
1)Қозғалыс – тірі организмдердің негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Өлі денелер де қозғалады (тастар,құм,т.б.) бірақ тірі организмдерден айырмашылығы - олар сыртқы күштердің әсер етуінен (жел, жердің тартылу күшінен, тірі организмдердің әсерінен) қозғалады.
Тірі организмдер өз бетінше қозғалады:өсімдік күнге қарай бұрылады, жануарлар тіршілік етуге қажет жағдайларды іздеу мақсатында, қорек және т.б. үшін қозғалады.
2)Өсу мен даму – өсімдіктердің көпшілігі тіршілігі тоқтағанша өседі. Ал жануарлар өз кезегінде белгілі бір уақытқа дейін өсіп, кейін тоқтайды. Алайда оларда зат алмасу және даму процесі тоқтамайды. Себебі олар физикалық дамуға да қабілетті.
3)Көбею барлық тірі организмдерге тән қасиет. Көбею даралар санының артуына, таралуына, тіршілік ету аумағын кеңейтуге көмектеседі. Қолайлы жағдайда тұқымнан жаңа өсімдік пайда болады. Көбею тірі ағзалардың сақталуына және белгілі бір түр санының артуына әсер етеді.
4)Зат алмасу – тірі ағзаларда үздіксіз жүретін процесс. Олар тіршілік ету үшін қоршаған ортадан оттек, су, тағы солар секілді әр түрлі қоректік заттарды алып отырады. Және ағзаға қажетсіз заттарды сыртқа шығарып отырады.
5)Тыныс алу – қоршаған орта мен ағза арасындағы газ алмасу процесі. Бұл да үздіксіз жүретін күрделі үдеріс.
6)Бөліп шығару – үздіксіз жүретін зат алмасу процесі кезінде ағзаға қажетсіз, улы заттар, тұздар мен қорытылмаған заттардың сыртқа шығарылуы немесе бөлінуі. Мысалы жапырақтардың сарғайып түсуі өсімдіктердің қажетсіз заттарды жапырақ арқылы сыртқа шығаруын айтуға болады
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
Миға шабуыл
|
|
|
Слайд №3
Слайд №4
Слайд №5
Слайд №6
|