ЖарықҚа жауапты жұмысшылар жалақының аздығына наразы жамбыл облысы



Дата18.09.2023
өлшемі13.02 Kb.
#477817
01.03.23 жалақы


01.03.23
ЖАРЫҚҚА ЖАУАПТЫ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫНЫҢ АЗДЫҒЫНА НАРАЗЫ
Жамбыл облысы
Жүргізуші: Ал Жамбыл облысында жарыққа жауапты жұмысшылар жалақының аздығына наразы. 40-қа жуық электр маманы басшылықтың үйіп-төккен уәдесі үдеден шықпады деп, бір күнде бар тірлікті тастады. КТМ: Сөзінше атқамінерлер еңбекақыны 50 пайызға еселейміз депті. Сайып келгенде сөзден тайқыды дейді. Талас аудандық электр стансасында 104 жұмысшы бар. Орташа айлық мұнда 80 мың тг. Мардымсыз төлем жан бағуға жетпейді деп жыларман. Сондықтан табыс көлемін 2 есе арттырсын дейді.
ШУМ: 28-ші февральдан бастап + жұмыс тоқтатылды. Тоқтаймыз! Тоқтаймыз!
ОТВ: Алайда аудандық жарық мекемесі қызметін тоқтатпады. Өйткені басшылық мамыр айына дейін жұмысшыларға оң өзгеріс боларын айтқан. Жалақыға қатысты нақты уәде емес, болжамды ақпар бергенбіз деп отыр. Айлық арттыруға мекеменің мүмкіндігі жоқ. Өйткені министрлік бекіткен 5 жылдық ортақ тариф көлемі бар. Мұнан өзге 10 пайыздық инфляция қатты әсер еткен. Десек те станса басшылығы жылма-жыл жалақы 4 пайызға артып отыр дейді. Енді аймақтағы орташа табыс көлеміне сай тариф деңгейін арттыруға өтінім беріпті.
ХРИП: Бауыржан Көрпебаев «Жамбыл электр жарығы» ЖШС бас директорының орынбасары
Біз мынау уәкілетті органдардың барлығына хат жаздық. Біздің айлығымыз аз. Адам кетіп жатыр. +сол себепті біз кадровый голод боп жатыр. +бар кадрды ұстап қала алмай жатырмыз. + Табиғи монополиясы бекіткен бағасын бекіту ережесіне өзгеріс енгізу керек деп біз хат жаздық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет