- Радиобайланыс принциптері.
- Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің физика пәні оқытушысы:Жарылқапова Ж.Ә.
- Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға радиотолқындар және радиобайланыс туралы түсінік беру. б) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін және есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру. в) тәрбиелік: қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.
- 1.Трансформатор деген не?
- 2.Трансформаторды ойлап тапқан кім?
- 3.Трансформатор құрылысы?
- 4.Трансформатордың қызметі?
- 5.Трансформатордың шартты белгісі?
- 6.Трансформация коэффициентінің формуласы?
- 7.Трансформатордың ПӘК-інің формуласы?
- Радиотолқындар — радиобайланыста колданылатын, электр-магниттік толқындар.Радиотолқындар көзі ретінде электромагнитгік тербелістер генераторлары пайдаланылады. Адам баласы бүкіл жер жүзінде байланысудың түрлі тәсілдерін ойлап тапты, тіпті ғарыш кеңістігіндегі кемелермен де байланыс бар.
Радиобайланстың ашылу тарихы - 1888 ж орыс ғалымы А. С. Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми болжамын ұсынды. Бұл проблеманың практикалық шешімін ол 1896 ж. тапты. Сол жылдың 24 наурызында Ресейдің физика – химия қоғамының мәжілісінде А. С. Попов әлемде бірінші рет 250м қашықтықта сымсыз радиограмма арқылы Генрих Герц деген екі сөзді жеткізді.
Радиобайланстың ашылу тарихы - Попов электромагниттік толқындарды тіркеудің сенімді және жақсы сезгіш тетігі—когерерді қолданды. Оны Поповтың ашқан жаңалығынан бес жыл бұрын, сезімталдығы нашар Герцтің ұшқындық қабылдағыш вибраторының орнына,басқа тәсілді қолдануды ұсынған
- француз физигі Э. Бранли еді. Өзінің жасаған аспабын Бранли когерер деп атаған. Когерер — екі электроды бар шыны түтік. Онда ұсақ металл үгінділері салынған.
-
- Қалыпты жағдайда когерердің кедергісі үлкен болады, өйткені үгінділердід бір-біріне тиісуі нашар. Поповтың қабылдағышы когерерден К, электромагниттік реледен ЭМ, электр қоңырау Қ мен ток көзінен тұрады (3.19-сурет).
- Алғашқыда А.С. Попов өзінің қабылдағышын найзағайдағы электр разряды кезінде пайда болатын электромагниттік толқынды тіркеу үшін қолданады. Оны ол "найзағай тіркегіш" деп атаған. Антеннаға жеткен жиілігі жоғары электромагниттік толқын еркін электрондардың еріксіз тербелістерін қоздырып, айнымалы ток туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |