Жария етудің өзі әлемдік тәжірибеде жаңалық емес



Дата03.07.2016
өлшемі13.56 Kb.
#174087
2014 жылғы 11 сәуірдегі Ұлттық инвесторлар кеңесінің отрысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 30 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңы әзірленді және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.

Жария етудің өзі – әлемдік тәжірибеде жаңалық емес.

Еуропаның бірқатар елдері, АҚШ-тың көптеген  штаттары осындай шараны бірнеше рет өткізген, себебі капиталды көлеңкеден шығару бүкіл әлем бойынша барынша өзекті мәселе болып табылады. Анықтама үшін: Үндістанда – 5 рет, Португалияда – 4 рет,  Франция, Австрия, Ирландияда –  2 реттен, АҚШ-та (40 штат) - 62 рет, Италияда – бірнеше рет.

Жария етуді өткізу тәжірибесі Қазақстанда да бар. Ол бізде екі рет өткізілді.

 2001 жылы ақшаны жария ету өткізілді, оның барысында заңды айналымға  480 млн-нан астам АҚШ доллары қайтып келді.

2006-2007 жылдары ақшадан басқа жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жария етілді. Ақшалай түрде шарадан түскен нәтиже 845 млрд. теңгені, немесе 7 млрд. АҚШ долларын құрады, яғни сол жылғы ЖІӨ 8,3%. Жария ету үшін салынған алым сондай-ақ екінші шараның ерекшелігі болды. Бюджетке 60 млрд. теңге көлемінде қаражат түсті.

Мемлекет Басшысы атап өткендей, инвестиция және сауда теңгерімінің төмендеуімен сипатталатын әлемдік экономикада жалғасудағы  тұрақсыздық пен оның Қазақстан экономикасына ықпал ету үрдістерін ескере отырып, экономикаға қосымша ресурстар тартудың өткір қажеттілігі туындауда.

Сондықтан отандық экономиканың ішкі  ресурстарын көлеңкеден шығару аталған мақсатқа қол жеткізудің нақты құралы болып табылады.


(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/zhariya-etu-ozdiginen-lemdik-tzhiribede-zhanalyk-emes-1)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет