Қазақстанның негізгі тауар түрлері бойынша импорты мен экспортының динамикасына және құрылымы
2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 91054,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2022 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда номиналды мәнде 4,2% көбейді, оның ішінде экспорт – 51242,8 млн. АҚШ долларын (номиналды мәнде 9,3% аз), импорт – 39812,1 млн. АҚШ долларын құрады (номиналды мәнде 29% көп).
Сурет. ҚР 2021-2023 жылғы сыртқы сауда айналымының динамикасы
ҚР-дың ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 18518,7 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 1,2% көбейді. 2023 жылғы қаңтар-тамызда тауарлар экспорты 7050,4 млн. АҚШ доллары (20,5% көп), импорт – 11468,2 млн. АҚШ доллары (7,9% аз) деңгейінде қалыптасты. Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,8%, бұдан әрі Қырғыз Республикасына – 4,7%, Беларусь Республикасына – 3,3%, Армения Республикасына – 0,2% келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |