Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.09.2012 09:52:46
Жарияланған акцияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін (ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін) беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 29 қазандағы № 157 Қаулысы
Бағалы қағаздар рыногын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Жарияланған акцияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін (ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін) беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2008 жылғы
29 қазандағы № 157 қаулысымен
бекітілді
Жарияланған акцияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін
(ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін) беру ережесі
Осы Ереже қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жарияланған акцияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін (ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін) беру тәртібін белгілейді.
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жауапты қызметкер - ҰСН беруге жауапты уәкілетті органның қызметкері;
2) ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірлері) - эмиссиялық бағалы қағаздарды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға уәкілетті орган беретін әріптік-сандық код (бұдан әрі - ҰСН);
3) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын жүзеге асыратын тұлға.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту ережесімен көзделген құжаттарды қоса тіркей отырып, еркін нысанда жасалған эмитенттің жазбаша өтінішінің негізінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті орган болжанатын шығарылымның жарияланған акцияларына ҰСН беруді жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3832 тіркелген) (бұдан әрі - № 268 Ереже).
3. № 268 Ережемен белгіленген құжаттардың пакетін және эмитенттің өтінішін алғаннан кейін, жауапты қызметкер № 268 Ережеге сәйкес өтініште көрсетілуге жататын және оған қоса берілген құжаттардағы мәліметтердің толықтығы бойынша берілген құжаттар пакетіндегі мәліметтердің толықтығын тексереді.
4. Өтініште көрсетілген және оған қоса берілген құжаттардағы деректер № 268 Ереже талаптарына сәйкес келген жағдайда, жауапты қызметкер:
1) осы Ереженің 1-3 қосымшаларына сәйкес ҰСН-ді қатарластырып қояды;
2) жарияланған акциялардың айналыстағы шығарылымдарында ұқсас ҰСН-нің болмауын тексереді;
3) ҰСН-ді береді.
5. Уәкілетті орган эмитенттің өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды оларды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Өтініште көрсетілген мәліметтер сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган ҰСН берілген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қоса тіркей отырып, ҰСН берілгені туралы эмитентті жазбаша хабарлайды.
6. Уәкілетті орган өтініште қате және (немесе) толық емес мәліметтер анықталған жағдайда, себептерін көрсетіп, ҰСН-ді бермеудің жазбаша негіздемесін эмитентке жібереді.
Жарияланған акцияларға ұлттық
сәйкестендіру нөмірін (ұлттық
сәйкестендіру нөмірлерін) беру
ережесіне 1-қосымша
Жарияланған акцияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін
(ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін) беру
Жарияланған акцияларға ҰСН беруді араб цифрлары және латын әліпбиінің жазба (бас) әріптерін («І» және «О» әріптерінен басқа) пайдалану арқылы жүзеге асырады.
1. Жарияланған акцияларға ҰСН беруде мыналар қамтылады:
1) қандай да болмасын тыныс белгісімен бөлінбеген және үш бөліктен тұратын тізбектелген он екі символды (солдан оңға санаумен) пайдалану;
2) эмитент елінің екі әріпті кодын белгілеу үшін пайдаланылатын бірінші және екінші позицияларда орналасқан символдарды пайдалану (Қазақстан Республикасы үшін «КZ» коды пайдаланылады);
3) осы Қосымшаның 2-6 тармақтарына сәйкес жасалатын негізгі нөмірді анықтау үшін пайдаланылатын үшінші - он бірінші позицияларда орналасқан символдарды пайдалану;
4) осы Қосымшаның 7-тармағына сәйкес есептелетін бақылау цифрын есептеу үшін пайдаланылатын он екінші позицияда орналасқан символдарды пайдалану.
2. Үшінші позицияда орналасқан символдар мемлекеттік емес бағалы қағаздардың түрін белгілеу үшін пайдаланылады (акциялар үшін «1» символы пайдаланылады).
3. Төртінші позицияда орналасқан символ акциялар түрін белгілеу үшін пайдаланылады:
1) «Р» символы - артықшылық берілген акциялар;
2) «С» символы - жай акциялар.
4. Бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші позицияларда орналасқан символдарды пайдалану Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде берілген жарияланған акциялардың шығарылымы нөмірінің тиісінше екінші, үшінші, төртінші және бесінші позициясын белгілейді.
5. Жай акцияларға ҰСН берілген жағдайда, тоғызыншы және оныншы позицияларда «00» символдары, артықшылық берілген акцияларға - «01» символдары, айырбасталатын артықшылық берілген акцияларға - «02» символдары көрсетіледі.
Айырбасталатын артықшылық берілген акциялар ретінде шығарылатын, артықшылық берілген акциялардың эмитент шығаратын көлемінің шегіндегі белгілі бір бөлігіне ҰСН беру, «02» символдарының тоғызыншы және оныншы позицияларында көрсету арқылы артықшылық берілген акцияларды эмитент шығаратын барлық көлемінен жеке жүргізіледі.
6. Он бірінші позицияда «1» символы көрсетіледі.
7. Бақылау цифрын есептеу үшін мыналар қажет:
1) 1-қадам: осы Қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-6-тармақтарына сәйкес бастапқы он бір позициялар толтырылады;
2) 2-қадам: позицияларда орналасқан әріптік символдар 3-қосымшаға сәйкес сандармен ауыстырылады;
3) 3-қадам: құрылған сан қатарынан алынған (оның оң жақ шетінен бастап) әрбір цифр мына коэффициентке көбейтіледі: «2» - тақ позицияларда орналасқан цифрлар үшін; «1» - жұп позицияларда орналасқан цифрлар үшін;
4) 4-қадам: 3-қадамды орындау нәтижесінде құрылған цифрлар қатары қосылады;
5) 5-қадам: егер 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома «0-мен» аяқталса, онда бақылау цифры «0» болып табылады.
Керісінше жағдайда, 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған соманы осы сомадан асатын және он еседен төмен болып табылатын саннан алып тастау нәтижесі бақылау цифры болып табылады.
Жарияланған акцияларға ұлттық
сәйкестендіру нөмірін (ұлттық
сәйкестендіру нөмірлерін) беру
ережесіне 2-қосымша
Жарияланған акцияларға ҰСН берудің мысалы
Берілді (мысалдың шарттары):
Акционерлік қоғам жай акциялардың шығарылымын жүзеге асырады. Жарияланған акциялардың осы шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3261 нөмірімен енгізілді.
1 қадам:
Позициялар нөмірі
|
Символдар
|
Түсініктеме
|
1-2
|
КZ
|
Эмитенттің елін белгілеу (1-қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасы)
|
3
|
1
|
Мемлекеттік емес бағалы қағаздардың түрін белгілеу: акцияларға «1» символы сәйкес келеді (1-қосымшаның 2-тармағы)
|
4
|
С
|
Акциялардың түрін белгілеу: жай акцияларға «С» символы сәйкес келеді (1-қосымшаның 3-тармағы)
|
5-8
|
3261
|
Акциялар шығарылымын Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3261 нөмірімен енгізген кезде берілген акциялар шығарылымының нөмірін белгілеу, оған «3261» символдары сәйкес келеді (1-қосымшаның 4-тармағы)
|
9-10
|
00
|
«00» символдары көрсетіледі (1-қосымшаның 5-тармағы)
|
11
|
1
|
1 символы көрсетіледі
(1-қосымшаның 6-тармағы)
|
Осы шығарылымның акцияларының ҰСН нәтижесінде (он екінші позицияда бақылау цифрынсыз) былай көрінеді:
2-қадам:
3-қосымшадағы кестеге сәйкес әріпті символдарды сандарға ауыстыру:
1
|
9
|
3
|
3
|
1
|
1
|
2
|
3
|
2
|
6
|
1
|
0
|
0
|
1
|
3-қадам:
Құрылған сандық қатардағы цифрларды (оның оң жақ шетінен бастап) коэффициентке көбейту: «2» - тақ позицияларда орналасқан цифрлар үшін немесе «1» - жұп позицияларда орналасқан цифрлар үшін:
сандық қатар (3-қадамды орындау нәтижесі):
1
|
9
|
3
|
3
|
1
|
1
|
2
|
3
|
2
|
6
|
1
|
0
|
0
|
1
|
көбейту коэффициенттері:
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
көбейту нәтижелері:
1
|
1
|
8
|
3
|
6
|
1
|
2
|
2
|
6
|
2
|
1
|
2
|
1
|
0
|
0
|
2
|
4-қадам:
3-қадамды орындаудың нәтижесінде алынған қатардың цифрларын қосу:
1 + 1 + 8 + 3 + 6 + 1 + 2 + 2 + 6 + 2 + 1 + 2 + 1 + 0 + 0 + 2 = 38
5-қадам:
4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома «0-мен» аяқталмағандықтан, осы сомадан асатын және он еседен төмен болатын сан анықталады. 38 сомасы үшін осындай сан 40 болып табылады. Тиісінше, бақылау цифры 2-ге тең (40-38).
Осы шығарылым акцияларының толық ҰСН мынаған тең:
Жарияланған акцияларға ұлттық
сәйкестендіру нөмірін (ұлттық
сәйкестендіру нөмірлерін) беру
ережесіне 3-қосымша
Әріптік символдарды сандарға ауыстыру
кестесі
A
|
10
|
F
|
15
|
L
|
20
|
R
|
25
|
W
|
30
|
B
|
11
|
G
|
16
|
M
|
21
|
S
|
26
|
X
|
31
|
C
|
12
|
H
|
17
|
N
|
22
|
T
|
27
|
Y
|
32
|
D
|
13
|
J
|
18
|
P
|
23
|
U
|
28
|
Z
|
33
|
E
|
14
|
K
|
19
|
Q
|
24
|
V
|
29
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |