Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»


ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОЛДА ӨСІРІЛЕТІН



Pdf көрінісі
бет6/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОЛДА ӨСІРІЛЕТІН 
КӨГЕРШІНДЕР ЭЙМЕРИЯ ИНВАЗИЯСЫНЫң 
ЭКСТЕНСИВТІЛІГІ
АмАнжол Р.
студент, Торайғыров университеті, Павлодар қ.
АмАновА Г. К.
б.ғ.к., қауымд. профессор, Торайғыров университеті, Павлодар қ.
Кокцидиялар – қоянның, ірі қара малдың, үй және жабайы 
құстардың, жәндіктердің ішек эпителий жасушаларында тіршілік 
ететін паразиттер. Кокцидиоз – құс шаруашылығына үлкен зиян 
келтіретін құс ауруы. 
Құс аурулары – әр түрлі жұқпалы, вирустық, паразиттік 
және бактериялық аурулар деп бөлінеді. Олардың аскаридоз, 
эймериоз, безгек, шешек, сүзек, тырысқақ т.б көптеген түрлері бар.
Осы аурулар арасында өте көп тараған түрі көгершін мен тауық 
эймериозы. 
Эймериоз қоздырғышы Eimeria туысына жататын, біржасушалы, 
ереже бойынша сопақша келген қарапайым паразиттер сурет 1. 
Эймериоз қоздырғышы ішек жолдарында папазиттік өмір сүріп, ас 
қорыту, қоректік заттардың сіңірілу процестерінің нашарлануына, 
дегидратация процестеріне, қан жоғалту жағдайларына әкеледі. 
Сонымен қатар ағзаның басқа патогендерге сезімталдықты 
арттырады.
Эймериоздың өршуі әдетте көктемде, жаздың басында, 
қоздырғыштың дамуына онтайлы климаттық жағдайлар туып 
жатқанда болады. Инвазияға жаңа пайда болған жас құстар өте 


10
11
«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
сезімтал болып келеді. Көгершіндердің эймериялармен залалдану 
деңгейі жыл маусымына және құс жасына байланысты болады.
Алғаш 1896 жылы A. Лаббе жабайы көгершіндр мен үй 
көгершіндерінен кокцидилерді анықтаған. Зерттеу барысында 1904 
жылы табылған кокцидилерді эймерия туыстығына жатқызып
E.labbeana деп атады. Ал 1935 жылы O. Nieschulz жабайы көк 
көгершінен эймерияның екінші түрін анықтап, оны E.columbarum 
деп атады.[1, 53 б.].
Сурет. 1 – Eimeria ооцисталары 
Зерттеулердің мақсаты Павлодар қаласындағы жеке меншік 
жағдайларда асырайтын көгершіндердің кокцидиоз ауруын 
анықтау.
Зерттеу барысында төмендегі жұмыстар түрлері атқарылды:
1 Көгершіндерді тексеру және аурудың клиникалық белгілері 
бар құстарды анықтау.
2 Кокцидиоздың клиникалық белгілері бар көгершіндерден 
нәжіс жинау.
3 Нәжісті Дарлинг әдісімен зерттеу.
4 Алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу.
Зерттеу барысында көгершіндер кокцидиоз ауруын ластанған 
жем, су, төсеніш және топырақ арқылы жұқтыратыны анықталды.
Сонымен қатар инвазия қоздырушысының көзі ауырып жазылған 
балапан, ал тасымалдаушы ересек көгершіндер болып табылады. 
Бұл ауруға шалдыққан құстарда азыққа тәбеті төмендеу, саңғырығы 
сұйылу, арықтау, ұшпай бір орынында ұзақ уақыт тұру сияқты 
клиникалық белгілер байқалады. Дер кезінде ем көрсетпесе ауруы 
асқынған көгершіндер 3-5 күн ішінде өледі [2, 273 б.].
Материалдар мен зерттеу әдістері
Біз Павлодар қаласының жеке меншікті асыралып отырған 50 
астам көгершіндерге зерттеу жүргізілді. Әр көгершіннің нәжісі жеке 
ыдысқа жиналып зерттеу жүргізілді. Зерттеу эпизоотологиялық 
деректерді, клиникалық белгілерді ескере отырып Дарлинг әдісі 
арқылы жасалды.
Зерттеу нәтижелері
Зерттелген 50-ге жуық нәжіс сынамалардан 23-нен эймерия 
қоздырғыштары табылды. Инвазия экстенситвтілігі (ЭИ) – 46 % 
болып шықты.
Практикалық ұсынымдар
Көгершіндерде эймериоз ауруы көптеп кездесетінін және жиі 
қайталанатынын ескере отырып алдын алу және емдеу жұмыстарын 
уақытылы жүргізуді ұсынамыз. Аурудың алдын алу үшін құс 
балапандарын таза құрғақ қорада өсіру қажет. Көгершіндер үшін 
асыралатын орта тазалығын сақтауға қатаң мән беру қажет. 
Ауруға шалдыққан құстарды жеміне қосып кокцидин немесе 
зоален, коккимед дәрілерінің көмегімен емдеуге болады.Сонымен 
қатар норсульфазол, сульфадиметоксин, ампробел, ампролиум, 
байкокс, ветакокс сияқты дәрілерді де пайдалануға болады. Жалпы 
эймериозға қарсы дәрілер өте көп және жыл сайын жаңа дәрілермен 
толықтырылып отырады. Құс ауруларын азайту үшін олардың жем, 
суының тазалағына мән беру қажет. Қолда өсірілетін құстардың 
қорасына, ұясына аптасына екі рет залалсындандыру жұмыстарын 
жүргізіп тұрақты дезинфекция жасау тұрған дұрыс [3, 440 б.].
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Практикум по диагностике инвазионных болезней 
сельскохозяйственных животных / М.Ш. Акбаев и др.; Под ред. 
М.Ш. Акбаева. – М.: КолосС, 2006. – 53б.
2 Рахманов А.И., Бессарабов Б.Ф. Голуби и профилактика их 
заболеваний. – М.: Россельхозиздат, 1987. – 273 б.
3 Свинцов П.М., Ушакова А.А., Скрябина К.И. Болезни 
птиц. – М.: Государственное издательство сельскохозяйственной 
литературы, 1951. – 440 б.


12
13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет