Атмосферадан сынама алу әдістері
Орындаған:Исабек Қ
Қабылдаған:Сейдакбарова А.
Ауа сынамасын алу негізінен 2 әдіспен – аспирационды және бір кезеңді шектелген сыйымдылықты ыдыстарға алумен іске асырылады. Бірінші әдіс, ауаның салыстырмалы аз көлемдегі зерттейтін заттарды анықтаудың жоғары сезімталдықты әдіс болмаған жағдайда қолданылады. Екіншісі, жоғары әсер болған жағдайда, сонымен қатар қысқа мезгілді технологиялық процесстер кезінде қолданылады.
Ауа сынамасын шыны ыдыстар және пластмассалық қаптарға, сұйықтықтар, сорбенттер және сүзгіш материалдарға алынады.
Ауа сынамасын алуға арналған құралдар мен аппараттар келесі аспирациялық қондырғылар болып табылады: электрлі аспираторлар, шаңсорғыштар және басқа шығын көзі және шығын өлшегіш қондырғылары бар қондырғылар.
Алынған ауа сынамасын талдау үшін әртүрлі әдістер қолданылады:
3. Жұқа қабатты хромотография.
4. Қағазды хромотография.
5. Полярография.
6. Экспресс әдістер.
1. Фотометрлік.
2. Газды хромотография.
7. Стандартты шкалалар бойынша ерітіндінің колориметриясы.
8. Реактивті қағаз қолданылатын колориметрия.
9. Индикаторлы түтікшелер қолданылатн сызықты колориметрлік әдіс.
Одан басқа бүгінгі күнде ауаны талдау үшін атомды-абсорбциялық спектрофотометрия, хромато-массопектрометрия, нейтронды-активациялық, флюоресцентті, лазерлік және басқа әдістер қолданылады.
Ауаға қысқа уақыт арасында түсетін улы заттардың максималды концентрациясын анықтау қажет болса және оның ШРЕК-ін ( шектеулі рұқсат етілген концентрациясына) сай екенін анықтау қажет болса, ол кезде ауаның сынамасын минималды уақытта алады, яғни 15-30 минуттан көп емес уақыт. Ол концентрацияның орташа көрсеткішін шығармау үшін максималды бір реттік сынама алынады.
Атмосфералық ауа жағдайына баға беру үшін және оның құрамындағы улы заттарды анықтау үшін оның қозғалысына көңіл аудару керек. Ол үшін бір жерден белгілі бір уақыттан кейін 5 рет қайталанып сынама алынады. Сынама алатын жерлерді, яғни нүктелерді және олардың еденнен қанша биіктікте алыну керектігін алдын - ала санитарлық дәрігер анықтайды. Әдетте ол еденнен 1,5-2,0м биіктікте, яғни жұмыс орнынан, цехтардың арасындағы өтетін жерлерден, жұмысшылардың көп уақыт болатын жерлерінен және жиі болатын жерлерінен алынады.
Ауа сынамасын алатын кезде, бойына сіңіргішті қысқа трубканың, жоғары бутыльдің сыртқы жағынан, абайлап қосамыз да тексеретін ауаны сорамыз. Ауа сору жылдамдығы бутыльдің деңгейінің айырмашылығына, диаметріне байланысты. Олар винттік қысқышпен реттеліп отырады.
Сулы аспиратор
Сулы аспиратор - сыйымдылықтары 2- 5л екі шыны бутыльдерден немесе темір ыдыстардан және оларды қосатын резиналы түтікшелерден тұрады. Сорған ауа мөлшерін анықтау үшін градуирленген тығыз жабылған система қолданылады.
Бутыльдер пробкамен тығыз жабылған, олардың қақпағын екі жерден тесіп, шыны диаметрі d-0,7-0,8см. түтіктерді орнатады. ол түтіктердің біреуінің ұзындығы бутыльдің түбіне дейін жетеді, ал екіншісі қысқа, оның сыртқы жағы тура бұрышпен бұрылған.
Түбіне дейін жететін түтік екінші ыдыстың түбіне дейін жететін түтікпен шлангы арқылы жалғасқан, ұзындығы 1,0- 1,5м, оған винтті зажим кигізілген.
Екі бутыль бір –бірімен бір системаға біріктірілген және ол система тығыз жабылған болу керек, сол кезде өлшем тура болады.
Достарыңызбен бөлісу: |