«жаса, жайна ару астана!» Астана күніне арналған ісшараның Өту сценарийі



Дата20.06.2016
өлшемі54 Kb.
#149092

«ЖАСА, ЖАЙНА АРУ АСТАНА!»

АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІСШАРАНЫҢ ӨТУ СЦЕНАРИЙІ





Жүргізуші:

Сән берген Сарыарқадай гүл өңipгe,

Жайнаған Отанымның жүрегінде.



Астанам - бақ ошағым, түп қазығым,

Айналған бар қазақтың тірегіне.



Жүргізуші:

Астанам – бағы биiк асқарымсың.

Атанам - мәңгі жарық аспанымсың.

Астанам - пейіш кала, ел арманы,

Астанам - қайда жүрсем мақтанышым.



Жүргізуші:

6-шілде - біздің еліміздегі елеулі күндердің бiрi. Бұл - әсем Астананың туған күні. Астана мерейтойы — еліміздің маңызды жалпыұлттық мейрамы.

1997ж. 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Казакстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Елбасының жарлығымен 1998 жылы, 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Ақмола каласының Қазақстан Республикасының астанасы ретінде ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өткізілді.



Астана шаһары сан тармақты, алуан сипатты ұлт мәдениеті мен өркениетінің алтын құндағына. тарихи мәдени дәстүрлерге кенен орда. Астана қазақ елінің алтын тәжі, рух пен иманның күретамыры, жаңалықты құбылыстар мен жақсылықтың ұясы. Астана - тәуелсіздік перзенті, Астана - жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. Астана арқылы Қазақстан өзінің жаңа отауын тікті. Оның болмысына бүкіл қазақ елінің рухы сыйып тұр. Мұны каланың әрбір көшесінен, әpбip бұрышынан көруге болады. Астана әлемдік сәулет өнерінің соны туындыларының бiрi. Кең даланың қақ ортасында сағымдай болған Хан шатыры, Астана-Бәйтерек, Пирамида көгілдір түске боянған сарайлары, музыка әуеніне билеген су бұрқақтары және соңғы үлгідегі салынған кеңселер мен көздің жауын алатын тұрғын үйлер - сәулет өнеріндегі үздік туындылардың бірігейі. Осының барлығы санаулы жылдар ішінде бой көтеріп, әлемді аузына қаратты. Астана ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» сыйлығын да иеленді. Тарихы мен табиғаты, сәулеті мен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі, күйіміздің күмбірі, тарихымыздың түндігі, көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астананың күн сайын еңсесі биіктеген калаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп, әлем жұртын көркімен тамсандыруда.





«Астана келбеті» фотосурет көрмесi слайд арқылы көрсетіледi.




Ән: «Астана жүрегімде»

Жүргізуші:

Алашымыздың мақтаны, еліміздің рухани тірегі Астанамызға саяхат жасайық: Астана десе, біздің көз алдымызға бірінші Астана-Бәйтерек монументі келеді.

Жүргізуші:

«Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі - 97 метр. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмагы 1000 тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шар диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Алып шар «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты шар түci ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі - Норман Фостер.

Жүргізуші:

«Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы. Танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымем салынған. Қала орталығында бой көтерген бұл орталық салмағы 2300 тонна болатын металл қондырғылардан тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метрге дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас әйнектермен қапталған.

Жүргізуші:

«Қазақ елі» мемориалды кешені. Мәрмәр монумент - кең-байтақ Қазақ жері мен оның халқының бірлігін, болашақта көркейіп, дамуының белгісі. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді. Монумент шыныңда алып құс Самұрық, төрт жағында «Алғашқы Президент пен Қазақ халқы», «Қаһарман», «Болашақ» және «Жасампаздық» қола барельефтері қашалған.

Жүргізуші:

Думан ойын-сауық орталыгы. 2003 жылы мамыр айында жұмысын бастаған бұл кешенде мұхитаралы, 5D-кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері мен тамақтану орындары бар. Бұл ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен.

Жүргізуші:

«Hyp Астана мешіті» Есілдің сол жақ жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі - 43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі 63 метрлік мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.

Жүргізуші:

Әлем пирамидасы - дала төсіндегі жаңа елордада салынған орасан зор пирамида. Ғимарат - бүкіләлемдік бейбітшілік, адамдардың сенiмi мен тендігін нығайтудың шынаны.

Жүргізуші:

Астана - мозайка ойыны айтылады

Әсем қала, ару қала жас астанамыздың көрікті жерлері өте көп. Біз басты ғимараттарын көрсеттік.







Ғимараттар аспанменее таласқан,

Әсем гүлдер ажар бepiп жарасқан.

Бәйтерегім тұрса көкпен тілдесіп,

Төңкеріліп тұр көгінен көк аспан.

Көркейе бер менің ғажап Астанам,

Қиялдағы арман қалам, жас қалам.

Бар әлемге жетті сенің дауысың,

Аспаныңда қалықтағап асқақ ән.


Тамсанады бәрi алғаш көргенде,

Шақырады биіктерге өрлеуге,

Болашақтың үміт оты жалындап,

Жарқырайды мәңгілікке сөнбеуге.



Жүргізуші:

Астана - халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, сонымен қатар, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды.

Сондықтан да Елбасы мен Елорда - егіз ұғым. Уақыттан оза шапкан бүгінгі Астана - еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімнің көpiнici, арманы мен тілегінің кепілі.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет