Жасай бер, ана тілім – Қазақ тілі! (Тақырыптық кеш) Мақсаты



Дата22.06.2016
өлшемі73.31 Kb.
#153339
ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!

(Тақырыптық кеш)


Мақсаты: Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Безендірілуі: тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, гүл шоқтары қойылады, нақыл сөздер, шарлар, қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың портреттері ілінеді.

1-ші жүргізуші: (слайд№1 –клипы под қобыз)

Ана тілі – атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін – келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата-дәстүрі.

Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.

Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен,

Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.



Ғабиден: Жанымды жадыратқан бала тілім,

Жыр, ертек жаттатырған сана тілім,

Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.



Гүлнәз Мухамедрахимовна: Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,

Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.

Жиһанкез желмаялы Асан қайғы,

Жер-жерге баға берген сынды тілім.



Ғабиден: Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

Жауынгер ана тілім – қазақ тілім.



Ән №1

Гүлнәз Мухамедрахимовна:(слайд№2-флаг, закон, герб,Назарбаев)

Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені – Қазақстан.



Ғабиден: 22 қыркүйек – Қазақстан республикасы халықтарының тілдері күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу – ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.

Гүлнәз Мухамедрахимовна: 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан республикасында «Тіл туралы» жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан – ұрпаққа, атадан –балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз талай жырға арқау болған.

Ғабиден: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім, егер сені білмесем.



Гулнәз Мухамедрахимовна: Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дәриядай шалқуда. Ана тілі өмірге әкелген халқымен бірге қайнап, бірге жасап келеді. Ақ мақтаның мекені,

Көңілі болған қарлы шың.

Өз ағам деп еркелер

Өзбек ағам армысың- дей отырып өзбек халқының биіне кезек берейік.



Өзбек биі.

Қойылым:(3 бала)

1-бала: -Мен саған «Осы тіл не үшін керек?» деген сұрақты қойғым келіп отыр.

2-бала: -Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай «Тіл-қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?

1-бала: - Жарайды, тіл- қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?

3-бала: - Ой, айтқышбегім-ай. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүниежүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?

2-бала: - Балалар, ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген – бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.

Ғабиден: Достар, дауласқанды қойыңдар. Одан да мен сендерге Әли Әпек ұлы деген ақынның ана тілі туралы өлеңін оқып берейін:

Ана тілім – бала шағым өркенім,

Ана тілім – болашағым, ертеңім,

Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,

Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.

Ана тілді білмесем,

Шат – шадыман күлмес ем,

Жер бетінде сайрандап,

Қазақ болып жүрмес ем.
Ән №2

Ойын: «Жалғасын тап» ойынын ойнайық. Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.

1. Тіл – адам ойының...(айнасы)

2. Аңдамай сөйлеген...(ауырмай өледі)

3. Ойнап сөйлесең де...(ойлап сөйле)

4. Тисе терекке, тимесе...(бұтаққа)

5. Айтылған сөз, ...оқпен тең (атылған)

6. Бал тамған тілден...тамар (у)

7. Көп сөз - ...(бос сөз)

8. Көп сөз – күміс, аз сөз - ...(алтын)

9. Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде...боласың. (мылжың)

10. Таза сөйлеу – биік...(мәдениеттілік)

Ғабиден:

1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жыл?

1991 жыл

2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?

1993 жыл

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл?

Қазақ тілі.

4. Ана тілі үшін, елі үшін құрбан болған азаматтарды атаңдар.

Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров.

Гүлнәз Мухамедрахимовна: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

(Қ.Мырзалиев)

Ән №3

Гүлнәз Мухамедрахимовна: Ақын апаларымыз да тіл туралы тамаша өлеңдер шығарған. Тұрсынхан Әбдрахманова деген әрі ғалым, әрі әнші, әрі ақын апамыз былай депті:

Ана тілім – бәрін сөйлер шежерем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!
Ғабиден: -Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіңдер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңіз?

Гүлнәз Мухамедрахимовна: Ондай жандар туралы бір бейнеролик тамашалайық.

(Наша казаша)

-Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген –

Ақылы жоқ желік бас.

Ана тілін сүймеген –

Халқын сүйіп жарытпас.

Ғабиден: -Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғабит Мүсірепов атамыз: «Ана тілі ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

Ән №4

Түрік биі ?

Қойылым: «Төле бидің төрелігі»

Екі әже әңгімелесіп отырады.

1-ші әже: Кәзіргі заманда мына жерге деген талас көбейіп кетті-ғой.

2-ші әже: Иә, күнде теледидардан көрсетіп жатады. Газет беттерін ашсаңда,осы мәселе туралы жазылған. Бұл жер мәселесі біздің ата-бабамыздан келе жатқан мәселе-ғой. Мұндай даулардың шешемін таба алмай билер де қиналыпты-ғой.

1-ші әже: Рас па?

2-ші әже: Иә, мына біздің Балқаштың маңындағы жайылымды бөлісе алмай арғын мен үйсін тайпалары таласыпты. Оның шешімін билер де таба алмай отырғанда, он бес жастағы Төле әңгімеге араласыпты.



Ғабиден: Әжелер, бұл дау туралы мен де оқығам, естігем. Бір шешімге келе алмай отырған билердің дауына он бес жастағы Төле былай деп басу айтыпты:

Ақты ақ деп бағалар,

О, игі жақсы ағалар.

Өзегі талса ел біткен,

Өзен бойын жағалар.
2-ші әже: Отырған билердің біреуі Төлеге көңілі толмай баласынып былай деген екен: «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі?
Ғабиден: Сонда биге Төле былай деп жауап беріпті:

О, би аға, он үште отау иесі демес пе.

Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске?

Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,

Алакөз болу ағайын адамға лайық па?

О, игі асқар тауымыз,

Әділ ме осы дауымыз?

Жар астында тұрғанда,

Жасырынып жауымыз.
1-ші әже: Төленің жауабына көңілі толған би былай деген екен: Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса аға ғой.

Балам, ағалық билікті саған бердім.

Ғабиден: Сонда он бес жастағы Төле даудың шешімін былай деп тауып кеткен екен: «Сары табақтан сарқыт қайтады» деген, билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын.

2-ші әже: Төленің жауабына көңілі толған би аға былай деген екен: Үй баласы ма деп едім,

Ел баласы екенсің.

Ақ маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсін.

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайдағы бағы бол- деп батасын беріпті.



Ғабиден: Жас Төле билерге мынандай сұрақ қойыпты .

«Бұл өмірде адамға кім жақын?»


2-ші әже: Сонда отырған Қазыбек би бұл сұраққа былай деп жауап беріпті: Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын.

Инабатты болса, келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын,

Адал болса, досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын,

Өз ұрпағың – шөберең жақын,

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын.



Ғабиден: Бидің жауабына көңілі толған жас Төле екінші сұрақ қоюға рұқсат сұрапты: «Өмірде адамға не қымбат?»

1-ші әже:

Алтын ұяң – Отан қымбат

Құт берекең – атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Туып, өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат.

Ұят пен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

2-ші әже: Сонымен, жас Төленің арқасында жер туралы дау жанжал шешіліп, билер бала Төлеге риза болып тарасыпты.
Қазақ биі «Әлкисса»

Ғабиден: Жанын сап, халқың сүйіп, баққан тілім,

Жалықпай құпиялар ашқан тілім.

Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,

Жат жұрттан да достарын тапқан тілім.


Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыр-қуат, сөзі – ана уызындай,

Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!



Гүлнәз Мухамедрахимовна:Ал, балалар, тіл туралы көптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Халқымыздың бай тілін меңгеру, көркейту, қыр-сырын танып білу әр азаматтың қолынан келетін дүние. Тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!

Ән «Атамекен» (слайд Қазақстан туралы)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет