«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАҒА ӨТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ «ЖАСЫЛ КӨПІР» ӘРІПТЕСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРНЫ
Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму өзекті мәселелерін шешу бойынша Азия және Тынық мұхиты елдерінің күштерін жұмылдыру пікірлері Қоршаған ортаны қорғау және дамыту министрлерінің конференциясы, РИО+20 Орнықты даму бойынша Жер Саммитінің тақырыптарында талқыланды (1 Сур.).
1 Сур. Жасыл даму пікірлерін жетілдіру серпіні
Әрбір осындай конференцияларда келесі басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша шешімдер талқыланып, қабылданды:
-
«Адамзаттың қоршаған орта бойынша іс-әрекеттерінің Азиялық жоспары» (1985 ж., Бангкок, Таиланд);
-
«Орнықты даму бойынша аймақтық стратегия. Жер саммитіне қосқан үлесі» (1990 ж., Бангкок, Таиланд);
-
«Еуропа үшін қоршаған орта» министрлердің Бірінші Конференциясы (1991ж., Добржиш, Чехословакия);
-
«Еуропа үшін қоршаған орта» министрлердің Екінші Конференциясы (1993, Люцерн, Швейцария);
-
«Азия және Тынық мұхитының орнықты даму үлгісіне» (1995 ж., Бангкок, Таиланд);
-
«Еуропа үшін қоршаған орта» министрлердің Үшінші Конференциясы (1995 ж., София, Болгария);
-
«Еуропа үшін қоршаған орта» министрлердің Төртінші Конференциясы (1998 ж., Орхус, Дания);
-
«Әлеуеттен нақты әрекеттерге қарай» (2000 ж., Кита-Кюсю, Япония);
-
«Еуропа үшін қоршаған орта» министрлердің Бесінші Конференциясы (2003 ж., Киев, Украина);
-
«Экологиялық қауіпсіз даму – «Жасыл өсім» (2005 ж., Сеул, Оңтүстік Корея);
-
«Болашақ үшін көпірлер құру» - Қоршаған ортаны қорғау бойынша Жалпыеуропалық Бағдарлама (2006 ж., Белград);
-
«Жасыл» өсімнің жалғасуы. Астана бастамасы» (2010 ж., Астана, Қазақстан);
-
«Суды үнемдеңдер, «жасыл» өсімге көмектесіңдер». «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасы (2011 ж., Астана, Қазақстан);
-
«Бізге қажет болашақ». «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасы (2012 ж., Рио-де-Жанейро, Бразилия).
Жалпы, Еуропа, Азия және Тынық мұхиты (АТА) елдеріндегі қоршаған ортаны қорғау үрдісі ұлттық және аймақтық деңгейдегі экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған. Қоршаған ортаға трансшекаралық әсер ету, аймақтық экологиялық және экономикалық тетіктер болашақта дамытуды талап етеді. Осы жоспарда «Қалалардың таза қоршаған ортасы үшін» атты Жапонияның бастамасы ауа мен судың ластануын тексеру, қалдықтардың барлық түрлерін азайту және ағын суларды тазалау технологиялары, жергілікті бастамаларды ынталандыру бойынша жұмыстарға АТА 18 елдерінің 62 қаласын жұмылдырды (2000 г., Кита-Кюсю, Япония).
«Жасыл даму» Сеул бастамасы «жасыл» өсім саясатын жүргізу үшін әлеуетін күшейтуге кең ауқымды міндеттер қойды (2005 ж., Сеул, Оңтүстік Корея). Нәтижесінде саяси кеңес беру форумдары жүргізіліп, пилотты жобалар әзірленіп, жүзеге асырылды [1].
«Жасыл» өсім тұжырымдамасын ары қарай жетілдіру Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің экологиялық орнықты экономикалық даму үрдістерін үндестіруге бағытталып, АТА елдерін дамыту және қоршаған орта министрлерінің VI-шы конференциясының келесі құжаттарында көрініс тапты: Министрлер декларациясы [2], 2015 жылға дейін жүзеге асырудың аймақтық жоспары [3], «Жасыл көпір» Астаналық бастамасы (2010 ж. Астана, Қазақстан) [4].
«Еуропа үшін қоршаған орта» (БҰҰ ЕЭК, 2009 ж. 29 қаңтар) үрдісі реформасының жоспарында негізгі артықшылықтар экологиялық және салалық саясаттың бірігуі бойынша өзге аймақтық және субаймақтық бастамалармен, үрдістермен өзара байланысын дамыту болып табылады. «Еуропа үшін қоршаған орта» (ЕҚО) үрдісі реформасының жоспарына сәйкес ЕҚО конференциясының нәтижелері туындаған мәселелері бойынша министрлердің немесе мүдделі тараптардың міндеттері, бастамалары, өтініштері, келісім-шарттары немесе нақты субаймақтарға арналған мәселелерден тұра алады. Сондай-ақ, БҰҰ ЕЭК аймағы елдерінің конференцияларында ұсынылуға арналған саясат құралдары, озық тәжірибелер мен алынған қорытындылар, стратегиялар, іс-әрекет жоспарлары, тұжырымдамалар, ұсыныстар қарастырылады [5].
Бұл тұжырымдамалар «Еуропа үшін қоршаған орта» министрлердің Бірінші Конференциясында алға қойылып, аймақ үшін экологиялық бағдарламаны әзірлеу бойынша жалпыеуропалық әріптестіктің жетекші ұстанымдарының кешені әзірленді (1991ж., Добржиш, Чехословакия).
Екінші министрлер конференциясында «Еуропа үшін қоршаған орта» үрдісінің саяси шекараларын анықтайтын декларация қабылданды; Орталық және Шығыс Еуропа үшін қоршаған орта саласында Іс-әрекеттер Бағдарламасын іске асырудың кең ауқымды стратегиясы мен ауыспалы экономикалы елдердің экологиялық қызметінің нәтижелігін шолу бағдарламасы қолдау тапты (1993, Люцерн, Швейцария).
«Еуропа үшін қоршаған орта» министрлердің Үшінші, Төртінші және Бесінші Конференциясы Орталық және Шығыс Еуропа үшін қоршаған ортаны қорғау саласында азаматтық қоғамның барлық таптарының қатысуымен Еуропада қоршаған ортаны қорғау саласында әріптестік үшін саяси негіздің ажырамас бөлігі ретінде іс-әрекеттер бағдарламасын жүзеге асыру кезеңдерін қарастырды. Киев конференциясы жаңашыл «Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері үшін табиғатты қорғау стратегиясын» қабылдап, «Әріптестікке шақыру» қоршаған орта мемлекеттерінің қоршаған орта, су және қауіпсіздік жөнінде Орта-Азиялық бастаманы әзірлеу жігерлерін қолдады. Энергетика, су, жер ресурстарын, биологиялық әртүрлілікті орнықты пайдалану және сақтаумен, орнықты дамыту мақсатында білімін жетілдіру, өндіріс пен тұтынуды үйлестірумен байланысты маңызды мәселелер қабылданды (1995 ж., София, Болгария; 1998 ж., Орхус, Дания; 2003 ж., Киев, Украина).
Экологиялық мәселелерді шешу жөнінде тиімді құралдардың бірі ретінде 35 елдер Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау үрдісіне және әділсотқа қол жетімділікті іске асыру туралы конвенциясын қабылдап, қол қойды. Және де, Ауаның алыс қашықтыққа шекарааралық ластануы туралы Конвенциясының екі жаңа Хаттамасына 33 ел және Еуропалық қауымдастық келісіп, қол қойды. Бұдан басқа бесінші конференцияда келесі конвенциялар қабылданып, қол қоюға ұсынылды: Карпатты қорғау және оның орнықты дамуы жөніндегі Негіздемелік конвенция; Трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша БҰҰ ЕЭК конвенцияларының хаттамалары; Өндірістік апаттардың трансшекаралық әсері туралы; трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану бойынша; шығарындылар тізілімі мен ластағыштардың тасымалы жөнінде Орхус конвенциясының хаттамалары.
«Еуропа үшін қоршаған орта» министрлердің Алтыншы Конференциясы «Болашақ үшін көпірлер құру» атауымен (2007 ж., Белград, Сербия) өтті. Министрлер экологиялық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көрсететін аймақ қажеттіліктерін қанағаттандырудың мақсатты бағытталған және хабардар саясатын қамтамасыз ету үшін «Еуропа үшін қоршаған орта» үрдісінің маңыздылығын атап өтті [6].
Осылай, Азия мен Тынық мұхиты елдеріндегі «Еуропа үшін қоршаған орта» және қоршаған орта үрдістері экономиканы ары қарай «көгалдандыру» мен «жасыл» өсімді жетілдіру саясатын ынталандыруға бағытталды. Осы үрдістердің бірігуі мен өзара нығайту тетігі ретінде «Жасыл көпір» Астана бастамасы ұсынылды, оны «Жасыл» өсім саясатын жетілдіру бойынша аймақаралық Әріптестік Бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруды көздейді.
Серіктестік бағдарламасының негізгі қызметі Еуропа, Азия және Тынық мұхиты аймағының «жасыл» экономикасы үшін қолайлы шарттарды құру болып табылады. Бағдарлама 2011 жылы Астанада өткен «Еуропа үшін қоршаған орта» министрлерінің 7-ші Конференциясында ұсынылды [7].
Климаттың өзгеруімен, энергетикалық мәселелермен, су және азық-түлік қауіпсіздігімен, сондай-ақ аймақтық шиеленістермен байланысты үдемелі жаһандық қауіп-қатерлер жаңа шешімдерді және барлық әлемдік қауымдастық күшінің жұмылдырылуын талап етеді. Бұл ойлар РИО+20 Орнықты даму бойынша БҰҰ Конференциясының жаһандық пікірлерінен көрініс тапты: «Болашақ үшін көпірлер салу» пікірі елдердің «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасын айқындайды.
РИО+20 негізгі қорытынды құжатында Қазақстанның аймақаралық бастамасы «Жасыл көпір» Әріптестік бағдарламасы көрініс тапты. Бұл бағдарлама барлық елдердің қатысуына еркін және ашық жол болып табылады [8].
Әріптестік бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндіктері мен артықшылықтары елдердің орнықты даму жолдарын қолдау және насихаттау үшін қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар құру/жақсартуға, сондай-ақ барлық мүдделі тараптарды «жасыл» даму үрдісіне тартуға бағытталған. Тұтынушылардың экологиялық орнықты өнімдерді, қызметтерді, оның ішінде өмір сүрудің дәстүрлі тәртібі, рухани және мәдени құндылықтар жөнінде хабардар етуді жақсарту. Білім беру саласына «жасыл» өсімнің негізгі ұстанымдарын енгізу, білім беру бойынша аймақтық және субаймақтық жобаларды қалыптастыру мен іске асыру. Елдердің ерекшеліктерін ескере отырып, «ластаушы төлейді» ұстанымы негізінде табиғатты пайдалану тетіктерін насихаттау. Жеке секторлармен ынтымақтастықтың сәтті үлгілерін құру және тарату, «жасыл» инвестициялар мен инновацияларға қолдау көрсету, «ластаушы төлейді» ұстанымын енгізу жөнінде ақпарат алмасу, тұтыну мен өндірудің орнқты «жасыл» үлгілеріне қол жету үшін технологиялар мен ноу-хау жетістіктермен алмасу. Экологиялық шығындарды нарықтық құнда және экономикалық және нарықтық құралдарды пайдалану кезінде ұстап қалу мүмкіндіктерін қарастыру. Климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша іс-әрекеттер стратегиясы мен жоспарына инвестиция тарту және қауымдастықты ақпараттандыру.
Алға қойылған мақсаттарға сәйкес Әріптестік бағдарламаны жүзеге асыру бірнеше кезеңдерден тұрады (2 Сур.).
2 Сур. «Жасыл» өсімге өту механизмдерін енгізу кезеңдері
2011-2012 жылдары – РИО+20 орнықты даму бойынша БҰҰ Конференциясына ұсыныстар дайындау. Мыңжылдық даму мақсаттары Бағдарламасын орындауға үлес қосу: 2011-2015 жылдар. РИО+20 Жер Саммиті мен Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру: 2012-2020 жылдар.
Мыңжылдық даму мақсаттарына жетудің алғышарттарының бірі ретінде Әріптестік бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі міндеттері экологиялық орнықты экономикалық өсім немесе «жасыл» әдіске жәрдемдесу үшін аймақаралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады. «Жасыл» өсім стратегиясы мен құралдарын әзірлеу, қолдану бойынша ортақ зерттеулерді, экологиялық қауіпсіз технологиялар мен мүмкіндіктерді ынталандыру. Орнықты дамумен байланысты білімдер, тәжірибелер және нәтижелілікпен, жобалар шеңберінде алынған қорытындылармен алмасу желілерін жетілдіру. «Жасыл» экономика мен халықаралық сауда саласында техникалық көмек беруді және ақпарат алмасуды кеңейту; «Жасыл көпір» Астаналық бастамасын жүзеге асыру және төмен көміртекті даму, әлемдік тенденция мазмұнында «жасыл» даму сұрақтары, климаттың өзгеруі туралы келісім-шарттар; табиғат ресурстарын экотиімді пайдалану мен экожүйелік қызметтерге инвестициялар тарту. «Жасыл көпір» Астана бастамасы мен Әріптестік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «жасыл» өсім мен «Болашақ үшін көпірлер салу» үрдісіне көмек беру.
Әріптестік бағдарламасын іске асыруда мемлекеттердің еркін және тең құқылы негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымының сәйкес мекемелері мен органдары, БҰҰ Азия-Тынық мұхиты аймағының экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, көпжақты қаржылық мекемелер, үкіметаралық құрылымдар, жеке сектор, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам, өзге де мүдделі тараптардың қатысуын болжайды (3 сур.).
3 Сур. Серіктестік Бағдарламасы
Бағдарлама қатысушылары «Жасыл көпір» Астаналық бастамасын жүзеге асыру үшін қаржылық және техникалық көмек, жан-жақты қолдау көрсетті. Бұл Бағдарлама өзгермелі саяси және экономикалық жағдайларға, экологиялық басымдылықтар мен елдердің қажеттіліктеріне сәйкес аймақтық, аймақаралық және сектораралық дамуға бағытталған.
Сонымен қатар, дамыған елдер білімді, тәжірибелер, жаңа технологияларды, озық сынақтарды жетілдіру мен үйретуде көшбасшы рөлін артқара алады. Дамушы елдерге Бастаманың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға көмек көрсету: табиғат ресурстары мен экожүйелік қызметтерге инвестицияны экологиялық тиімді пайдалану; төмен көміртекті даму мен климаттың өзгеруіне бейімделу; қалалардың орнықты дамуын қамту; «жасыл» бизнес пен «жасыл» технологияларға қолдау көрсету; орнықты өмір сүру үлгісін ынталандыру мен өмір сүру сапасын жақсарту.
«Жасыл» өсім мен «жасыл» экономика тұжырымдамасын жетілдіру құралдарының бірі ретінде Әріптестік бағдарламаның маңызды шарттарының бірі жерлердің тозу қарқынын азайту және қоршаған ортаны қалпына келтіру; «жасыл» саясат пен жаңа әдістер есебінен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану; «жасыл» экономиканың дамуы үшін инвестициялар тарту шараларына үкіметтердің араласуы. «Жасыл өсімнің» озық тәжірибелерін, әдіснамаларын, заңнамалық және экономикалық құралдарын енгізу. «Жасыл өсім» саясатын қаржыландырудың инновациялық тәсілдері мен «жасыл» инвестициялар тарту тетіктері мен ресурстарын ыңғайландырудың іс-әрекеттер жоспарын, стратегиясын әзірлеу. «Жасыл» экономика үшін қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастыру. Тақырыптық семинарлар, тренингтер, мектептер жүргізу, сайттардың, порталдардың дамуы, жұртшылыққа хабардар ету.
Әріптестік бағдарламаның дамуына халықаралық ұйымдардың қосқан үлесі экономикалық құралдарды, операциялық және қаржылық механизмдерді әзірлеуге бағытталуы мүмкін. Технологияларды тарату мен «жасыл» қаржыландыру бойынша жобалар құру. Ең тиімді жобаларды таңдау критерийлерін әзірлеу. Елдердің «жасыл» өсім мен елдердің саралау әлеуетін анықтау. Ресурстарды жұмылдыру стратегиялары мен тетіктерін әзірлеу. «Жасыл» инвестициялар мен инновациялық тәсілдер бойынша оқыту, семинарлар, тренингтер жүргізу. Байланысу стратегиясын, медиа-жоспарларын дамыту. Мыңжылдықты дамыту мақсаттарын жүзеге асыру үшін елдердің әлеуетін нығайту мен Йоханесбург іс-әрекеттер жоспарының, орнықты дамудың РИО+20 шешімдерін орындау.
Әріптестік бағдарламаны орындаудағы мүмкін қауіптер мен кедергілер аймақтар, елдер, ведомствалар арасында «жасыл» экономиканы дамытуға инвестиция тарту бойынша жеткіліксіз әрекет етуі салдарынан болады. Азия мен Тынық мұхиты елдерінде «қоңыр» (дәстүрлі) технологиядан «жасыл» (инновациялық) технологияларды пайдаланудың үлкен айырмашылығы. Бұл сұрақтар «жасыл» өсім саясаты тақырыбы бойынша кездесулер, бірлескен іс-шаралар, тренингтер ұйымдастыру, бірлескен жобалар нәтижелерін тарату мен тәсілдердің үйлесімділігі негізінде интеграцияның кеңеюі есебінен шешімін табуы мүмкін.
«Жасыл» технологияларды тарату ресурстарды жұмылдыру тетіктерінің әріптестерімен келісу жүйесінің толық жетілмеуі салдарынан қиындатылған. Осы мәселені шешудің бір жолы - бағдарламаны елдердің «жасыл» бюджеті, гранттар, техникалық көмектер, пайдалы инвестициялар, жалға алу, донорлар мен траст қорларының үлесі есебінен қаржыландыру көлемін арттыру болуы мүмкін. Әріптестік бағдарламасы іс-шараларын орындаудың анықтылығы, нақты үрдістері және жобаны қаржыландыру тетіктері. Жобаны іске асыру мен жеткен жетістік бойынша Бағдарламаның қатысушылары үшін кері байланысты қамтамасыз ету.
Әріптестік Бағдарламаның қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттары сұрақтары бойынша жеткіліксіз хабардар болуы Бағдарламаны іске асыру мақсаттары мен міндеттерін Интернет ресурстарында, форумдарында, отырыстарда, бизнес құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдар, оқу, академиялық, ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен өтетін «жасыл» өсім жобасын енгізу бойынша ұйымдасқан кездесулерде оның пайдасын ашық талқылауға салу арқылы шешімін табуы мүмкін.
«Жасыл» өсім кедейшілік пен экологиялық тұрақтылық мәселелері бойынша сұрақтарды шешу тиімділігі есебінен Мыңжылдықты дамыту жоспары мен орнықты дамуға жету үшін басты стратегия болып табылады. «Жасыл» өсімге ауысу экономика мен қоғамның қызмет ету үлгілерін іргелі өзгертуді талап етеді. Ресурстарды, энергияны тұрақсыз тұтынуға, парникті газдар шығарындыларының артуына негізделген экономика құрылымын экологиялық тиімділік пен төмен көміртекті даму тұжырымдамасын ұстанатын үлгіге ауыстыру қажет. Мұндай тәсіл климаттың өзгеруіне орнықтылықты және экологиялық тұрақтылықты жетілдіріп, тіршілікке қабілетті, өзгермелі эклжүйелердің көбеюіне жағдай жасайды.
Ол үшін, экономика бағытын экотиімділікке бұру арқылы құн саясатын, өмір сүру жағдайын, технологиялық және нормативтік базаны өзгерту қажет. Экономикалық («жасыл») өсім сапасы мұнай бағасының күрт өзгеруін тұрақтандыру жұмыстарын жақсарту, бәсекелестікке қабілеттілікті жақсарту және көптеген жұмыс орындарын құру арқылы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік салада даму сапасына қол жеткізу үшін барлық қоғам таптарын «жасыл» өсім үрдісіне енгізу, табыстарды теңдей тарату және өмір сүру сапасын, халықтың тұрмысын арттыру арқылы жетуге болады. Әріптестік бағдарламасы жасыл экономика/жасыл өсім құралы ретінде орнықты даму үлгісіне көшуге көмек бере алады. Үкіметтердің «Жасыл» өсімге ауысуы үшін келесі кедергілерді жою керек: экологиялық және нарықтық құн арасындағы баға айырмашылығын жою; ұзақ мерзімді пайда мен қысқа мерзімді меншік бағасы арасындағы айырмашылықты жою. Тұтынушылар ресурстарды пайдаланғаны үшін толық бағасын төлеу керек: мысалы, тұтынылатын көмірсутекті отын-энергетикалық ресурстар бағасына климаттың өзгеруіне тигізетін әсерімен байланысты шығындар қосылуы тиіс.
«Жасыл» өсімге ауысу тек мемлекеттік сектор, жеке сектор және қоғамдастық арасында өзара әрекеттесу мен серіктестік жағдайында ғана мүмкін. Үкіметтерге «жасыл» бизнес пен технологияларды, сондай-ақ халықтың әлсіз категорияларына қолдау көрсету, ынталандыру арқылы жеке секторларға қолайлы жағдай құру керек. «Жасыл» экономикаға көшу: жұмыс орындарын құруға негізделіп, «саннан» «сапаға» ауысуы тиіс.
«Жасыл көпір» Әріптсетік бағдарламасы қызметін қамтамасыз ету үшін қаржыландыру мен технологияларды тарату тетіктері, бағдарламалар мен жобаларды басқару тетіктері; «жасыл» экономиканы дамытудың инвестициялық және стратегиялық жобаларының тобы; мүдделі тараптар арасындағы келісім-шарттар.
Жеке сектор Бағдарламаның толық құқылы мүшесі болып, ұзақ мерзімде жобаларды қаржыландыру, табиғи капитализм мен экожүйелік қызметтерді сақтаудан және көбейтуден пайда табуға мүмкіндігі болуы тиіс.
Халықаралық ұйымдардың Бағдарламаға қатысуы келісім мен серіктес болу, халықаралық тәжірибе, техникалық және қаржылық көмек, тараптардың міндеттерін орындаудың халықаралық кепілгерлері ретінде бейтарап платформаны ұсыну үшін қажет.
Қоғамдық ұйымдар қабылданатын шешімдердің айқындылығын қамту үшін, көптеген азаматтарды жобаларға қатыстыру, білім беру, ағарту іс-шараларына қолдау көрсету де маңызды рөл атқара алады.
Бірталай қауымдастықтың қатысуымен Бағдарламаның мүдделі Тараптары (мемлекеттік, жеке секторлар мен халықаралық ұйымдар) осындай серіктестік арқылы экономика мен экологияның нағыз интеграциясы үшін қажет келісілген шарттар құра алады.
«Жасыл көпір» Әріптестік Бағдарламасының нәтижелері табиғатты бұзатын экономикадан өзара келісілген экологиялық-экономикалық жүйелерді құруға жағдай жасайды. Қысқа мерзімді және фрагментарлы тәсілдерді жоятын басқарудың жаңа тетіктері негізінде институционалды құрылымдарды құру орнықты дамуды көздейді. Табиғат ресурстарын ұтымды және ұзақ мерзімде пайдалану, өмірлік маңызды экожүйелерді сақтау мен қалпына келтіру үшін жаңа тетіктерді құру. Қоршаған ортаның тозу қарқынын төмендету және табиғат ресурстарын ұтымсыз пайдалануды төмендету үшін өндіріс пен тұтынудың дәстүрлі тұрақсыз үлгілерін «жасыл» экономика үлгісіне ауыстыруды қамтамасыз ету. Тек елдер мен аймақтар үшін емес, барлық әлемдік бірлестіктер үшін маңызы үлкен жетістіктерге жету үшін өз күштерін біріктіру. Әлемдік оң нәтижелі тәжірибелер мен әлеуетті тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті нығайту үшін жағдай жасау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлер конференциясында қабылданған Экологиялық орнықты экономикалық өсім (табиғатты үнемдейтін өсім), Сеул Бастамасы, 2005 жыл.
-
2010 жылдың 2 қазанында өткен Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің 6-шы (MCED-6) конференциясында бекітілген Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлердің декларациясы, 2010 жыл.
-
2010 жылдың 2 қазанында өткен Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің 6-шы (MCED-6) конференциясында бекітілген Азия-Тынық мұхит өңіріндегі орнықты даму мақсатында іске асырудың 2011-2015 арналған аймақтық жоспары.
-
2010 жылдың 2 қазанында өткен Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің 6-шы (MCED-6) конференциясында бекітілген «Жасыл көпір» Астана Бастамасы: «жасыл» өсімді жүзеге асыру бойынша Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің Серіктестігі.
-
Экологиялық саясат комитетінің өзінің арнайы сессиясының жұмысы туралы Баяндамасы (ОСЕ үрдісінің реформа жоспары), Арнайы сессия, Женева, 27-29 қаңтар 2009 жыл.
-
«Еуропа үшін қоршаған орта» министрлерінің 6-шы конференциясында қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) аймағы министрлерінің «Болашақ үшін көпірлер салу» декларациясы, Белград, 2007 жыл.
-
«Еуропа үшін қоршаған орта» министрлерінің 7-ші конференциясында ұсынылған «Жасыл Көпір» Әріптестік Бағдарламасы, Астана, Қазақстан, 21–23 қыркүйек 2011 жыл.
-
БҰҰ Бас Ассамблеясының Алпыс алтыншы сессиясында қабылданған қарар (Орнықты даму бойынша РИО+20 Конференциясы «Бізге қажет Болашақ»), Рио-де-Жанейро, Бразилия, 2012 жыл.
Қосымша
«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАҒА ӨТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ «ЖАСЫЛ КӨПІР» ӘРІПТЕСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРНЫ
Автор - Шабанова Людмила Владимировна
биология ғылымдарының кандидаты, «Экология» Академиясының мүше-корреспонденті, ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК бас директорының орынбасары, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Соавтор – Ескендірова Гүлсара Абдығапарқызы
Мемлекеттік әкімшілік басқару шебері, ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қоры бөлімінің бас маманы, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Достарыңызбен бөлісу: |