Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
2014 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
жөніндегі қызмет туралы
ЕСЕБІ
Ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік мекемелері мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 18 - қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне (тізіміне) сәйкес көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі деңгейінде 35 мемлекеттік орган –қызмет көрсетуші жұмыс жасайды: олар – 25 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, Есік қаласы әкімінің аппараты, 10 аудандық бөлімдер (сәулет және қала құрылысы бөлімі, ветеринария бөлімі, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жер қатынастары бөлімі, білім бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі).
Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызметтер мынадай қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Ауданның әкімдігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мемлекеттік қызмет көрсету қолданылу Реестріне (тізіміне) сәйкес 2014 жылы мемлекеттік қызметтің 66 түрін (2013 жылы – 62 болатын) көрсетеді. Олардың 42 түрі мемлекеттік органдар арқылы, 24 түрін мемлекеттік органдар ХҚО-ғы арқылы орындады; 42 қызмет түрі қағаз түрінде, 24-і электрондық немесе қағаз түрінде («Электрондық үкімет» порталы арқылы), 3-і ақылы, 2- тегін/ақылы негізде көрсетілді.
Ауданның атқарушы органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша бірқатар жұмыс атқаруда.
Аудан лицензиялаудың 9 түрі бойынша электрондық қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндік беретін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры - лицензиялардың мемлекеттік тізімі ақпараттық жүйесіне қосылған. 2014 жылы 5026 рұқсат беру құжаттары берілді. 2014 жылғы қарашадан бастап, бір бөлім (жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлім) 3 лицензиялар электрондық үлгіде жүргізілді.
2013 жылы «Е- әкімдік» бағдарламасы орнатылып, бүгінде үш: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жұмыс істеп тұр. Бөлімдер «Е-әкімдікте» АЖ бойынша 13 мемлекеттік қызметті тіркеуді жүзеге асыруда.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді бақылау Қағидасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау күйі бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді.
2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 131009 (2013 жылмен салыстырғанда – 70720 қызмет, 46,0 пайызға көп), оның мемлекеттік органдар арқылы көрсетілгені (МО) – 116505 қызмет, мемлекеттік органдардың ХҚО арқылы көрсеткен қызмет саны – 12460 (2013 жылмен салыстырғанда - 10933 қызмет, 12,3 пайызға көп), «электрондық үкімет» порталы арқылы - 2044.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің ең көбі ветеринария саласында (52%) («Ауыл шаруашылығы жануарларын бірегейлендіруді жүргізу» - 65567- 50 пайыз), білім саласында (17%) («Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 7135 – 5,5 пайыз, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау» - 6536 – 5,0 пайыз, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 4431 – 3,4 пайыз, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну» - 3010 – 2,3 пайыз), халықты жұмыспен қамту саласында (13%) («Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» - 5643 – 4,3 пайыз, «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» - 2455 – 2,0 пайыз, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» - 2496 – 2,0 пайыз).
Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат, соның ішінде электрондық үлгідегісі Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ресми Интернет – ресурсында, «Электрондық үкімет» веб – порталында, сондай – ақ ХҚО РМК-ның Интернет – ресурсында орналастырылған.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің медиа – жоспары (мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі жөніндегі БАҚ-да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің басылымға шығуы) 2014 жылдың 19-маусымында бекітілді. Ауданның мемлекеттік органдары 2014 жылы «Еңбекшіқазақ» газетінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 19 мақала жариялады, 5 «Дөңгелек үстел» өткізді, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметкерлері 2014 жылғы 1- қыркүйекте «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын жасау жөніндегі» мемлекеттік қызметтер көрсету туралы «Қазақстан» ТД «Заң және біз» бағдарламасына қатысып интервью берді. Мемлекеттік органдардың өкілдері ХҚО қызметкерлерімен бірлесіп ай сайын елді мекендерді аралап қызмет көрсетеді.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік органдар, соның ішінде ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдануда.
Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр. 2014 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген мерзімдері бұзылғаны – 6 қызмет, ал 2013 жылы – 0.
Қызмет көрсету мерзімдері сақталмауы білім бөлімі – 3 (50, 0 %) бұзушылық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі – 2 (33,3 %) бұзушылық, сәулет және қалақұрылыс бөлімі – 1 (16,7 %) бұзушылық.
Мерзімдердің бұзылуының негізгі себептері мемлекеттік органдары басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы, мемлекеттік қызметшілер мен бағынышты ұйымдар қызметкерлерінің өз функционалдық міндеттерін орындауда салғырттық танытуы болып табылады.
Стандарттар мен регламенттер талаптарының бұзылуына жол бергендігі үшін жоғарғы айтылған бөлімдердің 3 әкімшілік мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оларға ескерту жарияланды.
Жергілікті атқарушы органдар қызметі көлемінің артуы және олардың жұмысын қызмет сапасын жақсарта түсуге бағыттау жағдайында халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан ары қарай –ХҚО) ролі де арта түсуде.
ХҚО арқылы қызмет көрсету мемлекеттік органдар мамандарына түсетін жүктеме қызметті едәуір кемітуге мүмкіндік береді. Құжаттарды жинау мен қабылдау, оларды ақпарат жүйесінде бастапқы тіркеуді ХҚО – ның мамандары жүргізеді, жергілікті мемлекеттік органдар орындалған тапсырысты қабылдайды және белгіленген мерзімде әрі қызмет алушымен ешқандай байланыс жасамай – ақ қызмет көрсете алады.
Еңбекшіқазақ ауданы аумағында ХҚО-ның 3 бөлімшесі бар: олар Есік қаласы, Шелек және Қаракемер ауылдарында.
Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр.
Есепті мерзім ішінде қызмет көрсету бойынша азаматтардан бұл тұрғыдағы шағым түскен жоқ.
Еңбекшіқазақ ауданы
әкімінің орынбасары Д.Нұрғисанов
Достарыңызбен бөлісу: |