«Жасыл елдің» қаржыландырылуы
Еліміздің барлық аймақтарында өз инфрақұрылымы бар «Жасыл ел» Республикалық штабына мемлекет тарапынан белгілі бір көлемде қаржы бөлінеді.
Өткен жылы бағдарлама үшін республикалық бюджеттен 212 млн теңге бөлінсе, биыл ол сома екі есеге өсіп, 404 млн теңгені құрады.
Ал жергілікті бюджеттен 2013 жылы 317,9 млн теңге берілсе, 2014 жылы 303,6 млн теңге бөлінді«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мерзімінде 2011 жылға дейін «Жасыл ел» жалпы ұлттық идеяны қаржыландырудың жыл сайын ұлғайғанының байқалғанын атап өту керек. 2011 мен 2014 жылдары «Жасыл даму» бағдарламасын ұзарту мерзімінде, қаржыландырудың әдеуір төмендегенін байқауға болады. Сонымен қатар, жергілікті жерлердегі бюджеттен бөлінетін қаржының азайып, аймақтар бойынша қаржыландыру әркелкі екендігін атап өту керек. Материалдық-техникалық база нашар.
Білім және ғылым министрлігі үстіміздегі жылы бағдарламаның беделін көтеріп, иедологиялық қолдау көрсету үшін 70 млн теңге көлемінде қаржы бөлуді жоспарлап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |