ЖАҢААРҚА АУДАНЫНЫҢ
2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жаңаарқа 2012
МАЗМҰНЫ
№
|
Бөлім атауы
|
беті
|
1
|
БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
|
3
|
2
|
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
|
9
|
3
|
АЙМАҚТЫ ДАМУЫНДАҒЫ КӨЗҚАРАС
|
40
|
4
|
БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ, БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
|
43
|
5
|
ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР
|
62
|
6
|
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
|
63
|
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Атауы
|
Жаңаарқа ауданының 2011 - 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіз
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы.
|
Аймақтың негізгі сипаттамалары
|
Жаңаарқа ауданының аумағы 5088347 га жерді құрайды. Аудан бойынша 600 шаруа қожалықтары, 3 АТК, 1 ЖШС және 1АҚ тіркелген.
Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 710529 га, оның ішінде егістік жер - 38502 га, шабындық жер - 14550 га, тыңайған жер -4403 га, өріс алқабы - 63298 га.
Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 710529 га, оның ішінде егістік жер - 38502 га, шабындық жер - 14550 га, тыңайған жер -4403 га, өріс алқабы - 63298 га.
2012 жылдың желтоқсан айына ауданның халық саны 32296 адамды құрады, экономикалық белсенді халық саны - 17100 адам, жұмысшылар саны - 15710, жұмыссыздық деңгейі – 5,4%.
Ауданда 1 мәдени-сауық орталығы, 14 клуб, 24 кітапхана, 2 «Зерде» аудиомобилі, 1 мұражай, 1 мәдениет және демалыс саябағы бар.
Пайдалы қазбалардың ірі орындарының болуы таукен өнеркәсібін дамытумен байланысты болып табылады.
Аудан өңірінде соңғы жылдары тас көмір, темір-марганец рудасын өндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Ауданда бірнеше өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді. Ет және қымызды өндеу, нан және нан өнімдерін пісіру цехтары жұмыс істейді.
|
Бағыттары
|
- Экономика
- Әлеуметтік сала
- Инфрақұрылым
- Ауылдық аймақтарды дамыту, экология
- Мемлекеттік қызмет көрсету
|
Бағдарламаның мақсаттары
|
Экономика
-
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге үлес қосу;
-
Экономиканы жетілдіру негізінде өнеркәсіпті құрылымдық жағынан ілгерілету және бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;
-
Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
-
Бизнес-ортаны жақсарту;
-
Ішкі сауданың тиімділігін арттыру;
-
Инвестиция тарту және аймақтық инновациялық жүйені дамыту
Әлеуметтік сала
-
Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру және балалардың қызығушылықтарын заңмен қорғау;
-
Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамытуды қамтамасыз ету үшін Жаңаарқа ауданы тұрғындарының денсаулығын жақсарту;
-
Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі;
-
Бәсекеге қабілетті, дамыған мәдени орта құру;
-
Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капталын дамыту;
-
Дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыстарын, бұқаралық спортты дамыту;
-
Туристік индустрия құру;
-
Мемлекеттілік пен ұлттың бірлігін әрі қарай нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;
-
Қылмысқа қарсы, оның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрімен, нашақорлар мен есірткілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау, құқық қорғау, қылмыстық қол сұғушылықтан азаматтардың заңды қызығушылықтары мен бостандықтарын, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
-
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және жою
Инфрақұрылым
-
Байланыс және коммуникация саласында қызмет көрсету сапасын арттыру;
-
Құрылыстың өсу қарқынын қамтамасыз ету;
-
Ауданның экономикалық кеңістікпен байланысын жақсарту;
-
Тұрғындарды тиісті сапада коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.
Ауылдық аймақтарды дамыту, экология
-
Ауылдың жайлы өмір сүру жағдайын құру;
-
Табиғи ортаның сапасын тұрақтандыру және қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету.
Мемлекеттік қызмет көрсету
-
Әлеуметтік маңызы бар қызмет көрсету сапасын арттыру;
-
Аудан әкімі аппараты қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру.
|
Міндеттері
|
Экономика
-
Тауарлар мен қызметтерге бағаның өзгеру деңгейі;
-
Өнеркәсіптің басым секторларын дамыту, оларды әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілік деңгейін қамтамасыз ету;
-
Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының қуаттылығының орнын толтыру;
-
Қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қуаттылығының орнын толтыру;
-
Агроөнеркәсіптік кешені саласының тұрақты дамыту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
Бизнес-ортаны жақсарту;
-
Сауда инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету;
-
Инвестициялық жобаларды іске асыру;
-
Жергілікті қамтамасыз етуді дамыту;
Әлеуметтік сала
-
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызмет көрсету сапасын арттыру;
-
Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін арттыру және мектепке дейінгі білім берумен ұсынылатын қызметтің сапасын жақсарту;
-
Амбулатоиялық-емханалық көмек сапасын жақсарту;
-
Медициналық мекемелерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
-
Негізгі әлеуметтік-маңызы бар аурулар бойынша жағдайды жақсарту;
-
Ана және бала денсаулығын нығайту;
-
Тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету;
-
Халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмектің тиімділігі мен атаулығын арттыру;
-
Арнайы әлеуметтік көмек көрсетуде мемлекеттік емес сектордың үлесін ұлғайту;
-
Мәдениет саласын өрістету;
-
Мемлекеттік тілдің шоғырландыру және әлеуметтік-коммуникативтік функциясын кеңейту және тілдердің үштұғырлылығы принципін жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасау;
-
Бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыстарын дамыту;
-
Спорттық туризмді дамыту;
-
Этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайту және сақтау;
-
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында жастардың белсенділігін арттыру;
-
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
Қылмыспен күрес және қылмыскерлерді іздеу, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімділігін арттыру;
-
Техногендік сипаттағы апаттардың, апатты жағдайлардың зардаптарын азайту және тәуекелді төмендету жөнінде жағдайлар жасау.
Инфрақұрылым
-
Ақпараттық-коммуникациялық технология саласында қызмет көрсетуді дамыту;
-
Құрылыс қарқынының өсуін қамтамасыз ету;
-
Көлік құралдарының қауіпсіз және кедергісіз өтуі үшін, қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін, автожол саласының инфрақұрылымын дамыту деңгейін жоғарылату;
-
Ауданаралық, қалааралық және қала маңындағы ауылдарға автобус және теміржол бағыттарында көлік қатынастарын ұйымдастыру;
-
Тұрғын үй қорын пайдалануға тиісті қамтамасыз ету;
-
Коммуналдық жүйені дамыту және жаңарту;
Ауылдық аймақтарды дамыту, экология
-
Ауылдың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға үлес қосу;
-
Атмосфералық ауаны қорғау;
-
Ормандар мен орман шаруашылығын жаңғырту, күзету, қорғау;
Мемлекеттік қызмет көрсету
-
Электрондық нұсқаға өткен әлеуметтік маңызы бар қызмет көрсету санын ұлғайту;
-
Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;
-
Ақпараттық жүйені құру және дамыту;
|
Іске асыру кезеңдері
|
I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдары – бірінші кезекті іс-шараларды іске асыру.
II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдары – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру.
|
Мақсатты индикаторлар
|
Экономика
-
Кезең соңына инфляция деңгейі, %;
-
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің ФКИ-ін 2015 жылға 103,5%;
-
Таукен өнеркәсібі өндірісінің көлемі және карьерлерді әзірлеуді 2015 жылға 103,4 %;
-
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемін арттыру 2015 жылға 104%;
-
Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарудың ФКИ 2015 жылға 102,0% (2009 ж-108,6%);
-
Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының шығаратын өнімдерінің көлемін арттыру, млн.теңге;
-
Бөлшек сауда айналымының жеке тұлғалық көлемінің индексі 2015 жылға 104%;
-
Негізгі капиталға инвестиция салудың физикалық көлем индексі 2015 жылға 104,5%;
-
Тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жалпы көлеміндегі жергілікті мазмұндағы сатып алу үлесін жоғарылату.
Әлеуметтік сала
-
Білім беру сапасы мен қол жетімді болуына халықты қанағаттандыру деңгейін 2015 жылға 60%-ға;
-
Балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеумен қамту, 2015жылға -100%;
-
Халықты медициналық қызмет көрсету сапасымен қанағаттандыру деңгейі 2015 жылға 98,2%;
-
Халықтың күтілетін өмір ұзақтығын 2015 жылға 70 жас;
-
Жалпы өлім көлемін 2015 жылға 7,3 (2009 ж-11,22);
-
Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылға 4,3%;
-
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы жұмысқа қабілетті халық үлесі 2015 жылға 30 %-ды құрайды;
-
Арнайы әлеуметтік көмекке зәру азаматтардың жалпы санынан (әлеуметтік қызметті ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлесі);
-
Мәдениет саласын тұтынушыларды сапалы қызметпен қанағаттандыру деңгейі (2009 жылы 40%, )2013 жылы -45%, 2015 жылы - 50%;
-
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек жастағы халық үлесі 2015 жылға – 96% (2011ж. – 90 %);
-
Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын барлық жастағы халықтың үлесін арттыру;
-
Туризм саласында келушілер санын арттыру;
-
Мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасын оңтайлы бағалаушы халықтың үлесі 2015 жылға 50%;
-
Ішкі істер органдарына халықтың болжамдық деңгейінің сенімі 2015 жылға 50%-дан төмен емес деңгейде (2009ж. – 50%);
-
Төтенше жағдайлардан адам және материалдық шығындарды төмендету, %.
Инфрақұрылым
-
Қоммуналдық қызметке тұтынушылардың қанағаттанарлық деңгейі 2015 жылы 100%;
-
Құрылыс жұмыстарының физикалық көлем индексін келесі жылдың деңгейіне %, 2015 жылға 107%;
-
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру, шаршы метрі бойынша жалпы аумағы;
-
Жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болуы 2015 жылы 70% (2011 жылы 52%);
-
Жолаушылар айналымының көлемі 2015 жылы 300,0 мың жолаушы-км (2011 жылы – 255,0 мың жолаушы-км);
-
Коммуналдық қызмет сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейі 2015 жылы 60% (2009 жылы 48,3%);
-
Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауды 2015 жылы 38%-ға арттыру;
-
Орталық жылу қызметтерімен қамтамасыз етілген елді мекендердің үлесін арттыру, % ;
-
Су жеткізу қызметімен халықтың қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, %;
Ауылдық елді мекендерді дамыту, экология
-
Дамудың жоғары әлеуетіне жататын ауылдық елді мекендердің саны;
-
Тірек болатын ауылдық елді мекендердің саны ( (агроқалашықтар), бірлік;
-
Зиянды заттардың жалпы қалдықтарын 37 тоннаға дейін төмендету (2015 жылға дейін);
-
Мемлекеттік орман қорының орманмен қапталған аумағын 2015 жылы 4871 га-ға жеткізу;
Мемлекеттік қызмет көрсету
-
Әлеуметтік- маңызды қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 2015 жылы 98 %;
-
Әкім аппараты көрсеткен қызмет сапасына жеке және заңды тұлғалардың қанағаттануы 2015 жылы 90%;
|
Қаржыландыру көздері және көлемі*
|
Қаржыландыру көздері: республикалық, жергілікті бюджет және инвесторлардың өз қаражаттары:
Қаржыландыру көлемі:
- 2011 жыл – 820,7 млн.теңге
республикалық бюджет - 566,6 млн.теңге
облыстық бюджет - 43,2 млн.теңге
аудан бюджеті - 210,8 млн.теңге
басқа көздерден - 0,1 млн.теңге
-2012 жыл – 1597,0 млн.теңге
республикалық бюджет - 1076,6 млн.тенге
облыстық бюджет - 270,4 млн.тенге
аудан бюджеті - 249,9 млн.тенге
басқа көздерден - 0,1 млн.тенге
-2013 жыл – 1419,1 млн.теңге
республикалық бюджет - 1116,1 млн.тенге
облыстық бюджет - 103,9 млн.тенге
аудан бюджеті - 198,9 млн.тенге
басқа көздерден - 0,2 млн.тенге
-2014 жыл – 4324,7 млн.теңге
республикалық бюджет - 1029,9 млн.теңге
облыстық бюджет - 33,3 млн.теңге
аудан бюджеті - 221,3 млн.теңге
басқа көздерден - 3040,2 млн.теңге
-2015 жыл – 2715,3 млн.теңге
республикалық бюджет - 1203,5 млн.тенге
облыстық бюджет - 35,4 млн.тенге
аудан бюджеті - 216,2 млн.тенге
басқа көздерден - 1260,3 млн.тенге
БАРЛЫҒЫ: 10876,8 млн.теңге
|
* Қаржыландыру көздері мен көлемі 2011-2015 жылдарға қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі, нақтылануы мүмкін.
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Өңірлердің позитивтік және келеңсіз жағдайын, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпал етуін бағалау
Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау нақты сектордың дамуымен, денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы оңтайлы динамикасымен сипатталады.
2009 жылы ауданның өнім өндірісінің көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 2,1 еседен артық өсті және 3529,1 млн. теңгені құрады, облыстың ЖӨӨ көлемінен ауданның үлесі 0,2%.
Өнеркәсіптің базалық салаларының негізі таукен және өндеуші өнеркәсіп болып табылады. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен базалық салалардың үлесі 9,6% және 97,2% құрайды.
Аймақтың позитивті тұстары: ауданда әр түрлі минералдық ресурстарының үлкен қорының барлығы және соған сәйкес тау-кен өнеркәсібінің дамуы, ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлардың барлығы.
Өнеркәсіптің әрі қарай дамуы үшін жақсы келешек бар. Сонымен қатар өнеркәсіп саласында ауданның негізгі мамандығы анықталды, ол – тас көмір және марганец рудасын өндіру және өңдеу.
Ауыл шаруашылығының ауданның азық-түлігін қамтамасыз етуге және сыртқы нарыққа экологиялық таза өнім шығаруға мүмкіндігі бар.
Ауыл шаруашылығында шаруашылықтардың ұсақ тауарлылығымен, жер телімдерінің аздығынан селекциялық-асылдандыру шараларын кең көлемде жүргізуге және ғылыми негізделген егістік жер айналымының сақталуына, кең көлемде заманауи жаңа технологияларды пайдалануға, өндірістік процестерді механикаландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.
Ауыл шаруашылығы техникаларының тозуы 90% , ол еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өнімнің өзіндік құнының көтерілуіне және бәсекеге қабілеттілік деңгейінің түсуіне әкеледі.
Ауданның аумағында 39 білім беру нысаны, 28 халыққа медициналық қызмет көрсету нысаны, 43 нысан жұмыс істейді.
Ауданның әлеуметтік саласының жағдайы халықтың табиғи өсімінің қарқынымен, қолайлы демографиялық жағдайымен, «Көші-қон» бағдарламасы бойынша облыс қалаларынан халықтың қоныстануымен, сондай-ақ білім берудің сапалы қызметтерін ұсынуды жақсартумен сипатталады.
Білім беру саласындағы келеңсіз тұстар: ауылдық елді мекендерде 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылуының төмендігі, педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі, білім ғимараттарының физикалық және моральдық тұрғыда ескіруі, мектепке дейінгі, орта білім беру нысандарының қажетті құрал-жабдықтармен жеткіліксіздік деңгейде қамтамасыз етілуі.
2.2. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау
Өнеркәсіп
Жаңаарқа ауданы өнеркәсібіне экономиканың өңдеу және өндіру өнеркәсіптері кіреді. Сондай-ақ негізгі үлесін тас көмір және темір-марганец рудасын өндіретін тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары құрайды, олар: «Сарыарқа Energy» ЖШС, «Казмарганец» АҚ филиалының «Шығыс Қамыс» кеніші және «Арман 100» ЖШС. Өңдеу өнеркәсібіне «Зергер СБ» ЖШС кіреді, кәсіпорын темір жолдың жылжымалы құрамына жөндеу жұмыстарын жүргізеді. «Жаңаарқа Жылу» КМК жылу және энергия беру қызметтерін көрсетеді және «Тазасу» КМК кәріз жүйелері және сумен жабдықтау қызметтерін көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарының қызметін дамыту тау-кен саласында өндіріс көлемін арттыруға және жалпы өнеркәсіптің дамуына оң әсерін берді.
2005 және 2009 жылдар аралығында ауданның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1175,4 млн.теңгеден 3529,1 млн. теңгеге дейін немесе 3 есе өсті.
Өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны 1457 адамға ұлғайды. Аталған кезеңде өнеркәсіп қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қоры 91119,2 мың теңгеден 185669,1 мың теңгеге өскені байқалады. 2005 жылғы еңбек өнімділігі 4353 мың теңгеден 5521 мың теңгеге немесе 1,3 есе артты.
2005-2009 жылдардағы жеке тұлғалық көлем индексінің және өнеркәсіптегі тауарлық өнім өндірісі көлемінің өзгеру динамикасы
Көрсеткіш
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн. теңге
|
1175,4
|
1527,3
|
1854,8
|
2508,5
|
3529,1
|
Еңбекақы төлеу қоры,
мың теңге
|
91119,2
|
78802,5
|
67214,9
|
126627,6
|
185669,1
|
Жылына орташа есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам
|
270
|
190
|
228
|
319
|
450
|
Еңбек өнімділігі, мың теңге.
|
4353
|
8038
|
8135
|
7864
|
5521
|
Бес жылдық кезеңде аймақтың экономикасына 21,3 млрд. теңге инвестиция салынды, оның ішінде өнеркәсіпке 17,0 млрд. теңге салынды. 2005 жылға қарағанда инвестиция көлемі 9.3 есе артты.
2009 жылы өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 3529,1 млн. теңгені құрады, 2008 жылға қарағанда жеке тұлғалық көлем индексі 8% артты.
2009 жылы 2 жаңа өндіріс іске енгізілді. СПК «Береке 2008» базасында кондитерлік өнімдер және нан өнімдерін шығару цехы пайдалануға берілді және «Зергер-Агро» СПК базасында сүт өнімдерін өндіру және сүт өңдеу бойынша цехтың бірінші кезеңі, аталған цехтың құрал-жабдықтарын орнату бойынша
62,8 млн.теңге көлемінде инвестициялық қаражатты игеру есебімен пайдалануға берілді.
Тау-кен өнеркәсібі. Бұл саланың негізгі кәсіпорындары: «Сарыарқа Energy» ЖШС, «Казмарганец» АҚ филиалының «Шығыс қамыс» кеніші, «Арман 100» ЖШС, онда тас көмір және темір-марганец рудасын өндіреді, марганец концентратын байыту жұмыстарын жүзеге асырады.
Тау-кен өнеркәсібінде жұмыспен қамтылғандар саны 398 адамға артты. Аталған кезеңде өнеркәсіпте қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорының 4156 мың теңгеден 442740 мың теңгеге артқаны байқалады. 2005 жылғы еңбек өнімділігі 1461 мың теңгеден 2428 мың теңгеге дейін немесе 66% артты.
Көрсеткіш
|
2005ж.
|
2006ж.
|
2007ж.
|
2008ж.
|
2009ж.
|
Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі, млн. теңге
|
682,0
|
828,3
|
821,0
|
1396,0
|
1649,5
|
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы санынан тау-кен саласының салмақ үлесі, %
|
58
|
54,2
|
44,3
|
51
|
66,4
|
Еңбекақы төлеу қоры,
мың теңге
|
116840,0
|
152413,8
|
168528,6
|
278042,1
|
428243,8
|
Жылына орташа есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам
|
280
|
288
|
276
|
451
|
549
|
Еңбек өнімділігі, мың теңге.
|
2435
|
2876
|
2975
|
3095
|
3005
|
Достарыңызбен бөлісу: |