Жасындағы оқушылардың оқуға дайындығын анықтауға арналған әдістемелер



Дата03.04.2023
өлшемі20.84 Kb.
#471634
Кіші сынып тест


Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқуға дайындығын анықтауға арналған әдістемелер.

1. Сенің аты-жөнің кім ?
2. Ата-анаңның есімдері кім ?
3 .Сенің ата-анаң кім болып жұмыс істейді ?
4. Сен қай жерде тұрасың ?
5. Сен ұлсың ба ,әлде қызсың ба? Өскенде әпке боласың ба, тәте боласың ба ?
6. Сенің ағаң немесе әпкең бар ма ? Олардың қайсысы үлкен ?
7. Сен нешедесің, бір жылдан кейін неше жаста боласың, екі жылдан соң нешеге толасың ?
8. Қазір кеш мезгілі ме, әлде түс мезгілі ме ?
9. Сен таңғы асты таңертең ішесің бе, әлде кешке ішесің бе ?
10. Алдымен кешкі асты іше ме, әлде түскі асты іше ме ?
11.Қазір қай жыл мезгілі:қыс па әлде көктем бе ; жаз ба, күз бе?
Неге олай ойлайсың ?
12. Шанамен қай кезде сырғанайды, қыста ма, әлде жазда ма ?
13. Не үшін қар қыста жауады, неге жазда жаумайды ?
14. Почташы не істейді? Мұғалім ше, дәрігер ше ?
15. Мектепте қоңырау не үшін беріледі ? Парта, сумка не үшін
қажет ?
16. Сенің мектепке барғың келе ме ? Не үшін барғың келеді ?
17. Оқушы жауап бергісі келсе қай қолын көтереді ?
18. Сенің сурет салғың келе ме? Сенің қарындашыңның түсі қандай?
19. Оң көзің қайсы, сол құлағыңды көрсетші. Құлақ пен көз не үшін
керек ?
20. Қандай жануарларды , құстарды білесің ?
21. Сиыр үлкен бе, ешкі үлкен бе ; құс үлкен бе ,ара ма ? Иттің аяғы
көп пе, әтештің аяғы көп пе ?
22. Қай сан үлкен: 8 әлде 5; 5 әлде 3 ? 6-дан 9-ға дейін және 5-
тен 3-ке дейін сана.
23. Біреудің затын сындырып алсаң, не істер едің ?


Нәтижені өңдеу.
1.Барлық сұраққа дұрыс жауабы үшін - 1 ұпай беріледі
(бақылау жұмысынан бөлек).
2.Бала дұрыс ,бірақ толық емес жауабы үшін - 0,5 ұпай ала алады.
3.Дұрыс жауап деп, сұраққа мағыналас жауап беруді есептеуге болады.
Мысалы:”Менің әкем Қарағанды шахтасында істейді”, “Әтешке қарағанда иттің аяғы көп: итте 4 аяқ, әтеште 2 аяқ ”.

Жауап мына жағдайда қате болады:
«Мама Айша», “Әкем 1 жұмыста істейді” және жылдардың белгілерін білмесе немесе ажырата алмаса; «көп», «аз» ұғымдарын ажырата алмаса.

4.Зерттеуге келесі сұрақтар жатады: 4 , 7, 10, 14,22.
Олар былай бағаланады: 4- қаланың атын атап, толық мекенін айту- 2 ұпай;
7- егерде бала өзінің нешеде екенін білсе -1 ұпай, егер айын есептей алса- 3 ұпай;
10- жыл мезгілдерін белгілеріне сәйкес айта білсе (ең болмағанда 3 белгісін)- 2 ұпай; 3-ке дейін атаса -1 ұпай;
14- мектеп атрибуттарын дұрыс атаса- 1 ұпай;
22-дұрыс жауапқа –2 ұпай;

5. 15-ші сұрақ 14 және 16-шы сұрақтар бойынша бағаланады. Егер ұпай саны 14-сұраққа-3 ұпай және 15,16 сұрақтарына дұрыс жауап берсе--«Мектепте оқуға дайын» деп саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет