Байтелиева Г.Т.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Қазақстан
ЖАСТАР АРАСЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазіргі
таңда
жастарды
салауатты
өмір
салтына
ынталандыру мен денсаулығын қалыптастыру өзекті мәселе
болып отыр. Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, халықтың
болашағы жастардың денсаулығына байланысты.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына
қосылудағы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда халықтың
денсаулығы
ең
маңызды
мәселелердің
бірі.
Халықтың
денсаулығы – мемлекет болашағының негізі десек, оның жақсы,
қалыпты жағдайда болуы өмір сүру салтына тікелей байланысты
екендігі белгілі. Ол жөнінде Елбасы Жолдауында «Халық
денсаулығы
–
ол
Қазақстанның
өзiнiң
стратегиялық
мақсаттарына жетудегi табысының ажырамас құрамдас бөлiгi»
деп көрсеткен болатын [1].
«Қазақстанның-2050
стратегиясы
–
қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Денсаулық,
денешынықтыру, салауатты өмір салты» сияқты тақырыптар
төңірегінде нақты тапсырмалар беріліп, жастар жарқын
болашақтың негізі екенін атап өткен болатын.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын
дамытудың
2011-2015
жылдарға
арналған
«Саламатты
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – еліміздің
орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету
үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының
негізгі бағыттарының бірі - жастардың денсаулығын сақтауды
қамтамасыз ету, олардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру
болып табылады [2].
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде жан-
жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын
мұрат тұтқан тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Еліміздің болашағы – жарқын жастар дейтін болсақ, олардың
арасында салауатты өмір салтына деген дұрыс түсінік
қалыптастырып, санасына, салауатты өмір салтын ұстанудың
денсаулыққа аса маңызды және ұстанған адамның болашағы
айқын екендігін түсіндіру ортақ міндет.
Ұлт салауаттылығы – бұл қоғамдық құндылық. Салауатты
өмір салты – жалпы ұлт денсаулығының негізі. Қоғамның
болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты, сондықтан
салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының
маңызы өте зор. Жастардың өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру
үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.
Салауаттылық ұғымы қазақ халқының салт-дәстүрін,
көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын, жас
ұрпаққа ұғындыру. Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден
аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым
түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де
кіретін игі іс-әрекет.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс
салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір
салты– денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізі, ол жан-
жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене
дамуына әсер етеді. Салауатты өмір салты - адам үшін аса
маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол
адам мәдениетінің бір бөлігі [3].
Жастардың салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды
әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-
қатынасына, яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты.
Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне
бейімдеу білім беру мекемелеріне жүктелген маңызды да
жауапкершілігі мол міндет болып табылады.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған
міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге
көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға,
қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып,
сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Жастардың денсаулығына тұрмыстық жағдайлармен бірге
олардың бір-бірімен қарым-қатынасы да, мәдени деңгейі де,
қоғамдық
жұмыс
пен
оқудың
әртүрлі
салаларындағы
белсенділігі де, яғни өмір салты неден тұрса, соның бәрі
әсер етеді.
Адамның салауатты өмір салты әр адамның өзінің санасына
байланысты. Жастар санасына және салауатты өмір салтын
қалыптасуына мынадай ішкі факторлар қатысады: денінің
саулығы, жұмысқа деген қабілеті, мотивациялары мен
эмоциялары.
Жаңа
дәуірде
елімізді
сақтайтын,
денсаулығы
зор,
интеллектісі жоғары ұрпақ тәрбиелеу мемлекет саясатының
басты бағыты екенін ескерсек, осының бәрі жастарымызды
салауатты өмір салтына тәрбиелеуден басталады. Сондықтан, ең
алдымен, жастар арасында салауатты өмір салтына деген дұрыс
түсінік қалыптастыруымыз керек. Жастардың санасына,
салауатты өмір салтын ұстанудың денсаулыққа аса маңызды
және ұстанған адамның болашағы айқын екенін түсіндіріп
беруіміз керек.
Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру
мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы
саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым, өскелең
ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді
ұстанатын білім қажет.
Салауатты өмір салты түсінігіне:
-
Айқын жасалған күн тәртібінің болуы;
-
Дұрыс тамақтану;
-
Дұрыс тынығу;
-
Дене еңбегімен шұғылдануы;
-
Таза ауада болып, күн көзінде серуендеу;
-
Табиғат аясында болуы;
-
Зиянды әдеттерден сақтану;
-
Дұрыс қозғалыста болуы.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен
ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
-
Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
-
Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
-
Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген
деректерге ғана сүйену;
-
Экологияландыру адам организміне қоршаған орта
факторларының әсерін білу;
-
Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір
салты туралы
ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
-
Үздіксіз оқыту,салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
-
Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам
мүшесін дайындау.
Салауатты өмір сүруін өз деңгейіне жеткізу барысындағы
белгілі шараларды іске асыру үшін адамның жеке басына
мынадай міндеттер жүктеледі:
-
Адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін дене
құрылысының биологиялық, физиологиялық, анатомиялық
құрылымымен таныс болу;
-
Ағзаның қай мүшесінде кемістік пайда болса, оны табиғи
заттардың әсерімен қалпына келтіру;
-
Адам ағзасының өз деңгейінде дұрыс жұмыс істеуі үшін
(әрине, өмірдің әр кезеңінде) оған саналы түрде жағдай жасау;
-
Жеке бастың тазалығы;
-
Дұрыс тамақтану жүйесі;
-
Экологияның бұзылуына байланысты күнделікті тіршілікте
сауықтыру жүйесін өз бетінше саналы түрде шығармашылық
жүйемен үйлестіру;
-
Жас ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаның күш-қуатын
пайдаланудың міндеттерін білу;
-
Дененің жан-жақты үйлесімді дамуы;
-
Дене шынықтыру - сауықтыру ісін меңгеру процесінде жеке
бастың айқындалуы;
-
Серуендеу және саяхат жасау жүйесінен хабардар болу [4].
Жастардың салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру
бұл:
- жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи
ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі,
отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын
қалыптастыру;
- денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын
қамтамасыз
ету
мақсатында
денсаулықты
нығайтуға
бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Еліміздің болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты.
Сондықтан, білім беру мекемелерінде денсаулықты сақтау мен
қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық,
дене-қимыл
әрекеттерінің
мүмкіндіктері
мен
жас
ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір
салтының негіздерін, жеке бас тазалығын түсіндіру, өзіне-өзі
қызмет ету болып табылады.
Салауатты өмір салты нормаларын ұстану әр адамда жеке
және қоғамдық құндылықты көрсететін өзінің денсаулығын
сақтауға жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеуге ықпал етуі
қажет.
Өркениетті дамыған қоғамды тек - дені сау адам ғана құра
алады деп айтар болсақ, жастарымыздың денсаулығы мықты,
рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі
мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен
имандылық қасиеті үйлескен тұлғаларды тәрбиелеу басты
міндетіміз.
Әдебиеттер:
1.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық -
жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi»
Қазақстан халқына жолдауы
2.
ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы
3.
Ұлттық тәрбие, №3(23) 2014ж.
4.
Валеология: салауатты өмір салты, №1(97) 2014ж.
Достарыңызбен бөлісу: |