Жастар әлемі=Мир молодежи. 2011.№9. 12 б. Ғылыми кітапхана университетте оқытудың маңызды қуралы



Дата11.07.2016
өлшемі69.65 Kb.
#191152
Жастар әлемі=Мир молодежи.-2011.-№9.-12 б.
Ғылыми кітапхана - университетте оқытудың маңызды қуралы

Қазіргі заманға сай университетте кітапха-насыз толыққанды білім алу мүмкін емес. Келешек мамандарды кәсіби тұрғыдан шыңдап, жан-жақты дамыту сапасы студенттерді ақ-параттық, кітапханалық қормен қамтамасыз ету жылдамдығын үйымдастыруға, сондай-ақ технологиялық және кітапхананың техника-лық базаларына тікелей байданысты. Сондықтан Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да ғыдыми кітапхананың модернизациясы мен оның ресурстарының жаңаруына үлкен мән беріледі. Бірақ алдымен оның даму тарихына тоқталу қажет, атап айтқанда, кез келген кітапхананың көпжылдық тарихы кітап қорының қан-шалықты бай екендігін және оларда білімнің қандай қазынасы сақталып жатқандығын анықтауға мүмкіндік береді. Кітапхана қызметшілерінің кәсіби дайындығы студенттерді ақпараттармен қамтамасыз етудің басты міндетін орындайды.
Н. А. Бөкетов атыпдағы ҚарМУ-дың Ғылымн кітапханасы 1938 жылы мұгалімдер институтыныц ашылуымен қатар құрылды. Кітапхана қорыныц негізін Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург, Томск қа-лаларыпыц ЖОО-нан әкелінген кітаптар құрады. Әр түрлі мамандықтардың ашылуымен қазіргі заманғы әдебиеттерге — оқулықтар, монографиялар, сөздік-тер, анықтамалықтар, көркем басылымдар мен мер-зімді басылымдарға ие болды. Оқу залдары мен або-нементтердің жүйесі кеңейді. Барлық оқырмандарға, эсіресе, бірінші курс студенттеріне ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету то-лық жетілдірілді.
Кітапхананың кітап қорлары
Қазіргі уақытта университеттің кітап қорын 1 млн. 700 мыңнан астам кітап даналары, журналдар мен басқа да құжаттар қүрайды. Ол жыл сайын 50 мың басылып шыққан және басқа да құжаттармен жаңартылып отырады. Қорға қазақ, орыс және шет тілдері — ағылшын, неміс, француз жэне басқа да тілдердегі басылымдар түсіп отырады. Қордың негізгі бөлігінің 70 %-дан астамын оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қүрайды. Олар: оқулықтар, оқу қүралдары, лекциялар курсы, есептер жинағы, прак-тикумдар. Осындай және басқа да пәнді үйренуге көмек ретіндегі, сондай-ақ, әдістемелік материалдар кітапханаға түсіп отырады. Бұлар оқу-әдістемелік кешендері, әдістемелік сипаттамалар, оқу пәндерін үйренуге, жаңа технологияларды қолдаиуға арналған анықтамалар. Күндізгі бөлімнің барлық студенттері кредиттік технология бойынша білім алады, сондықтан кітапхана олардың ОӘК-нің толық жинағын басылған түрінде және элективті курс бойынша электрондық нұсқаларын алуына мүмкіндік береді. Студенттер мен ата-аналарына оқу залдарында таңдалған мамандықтардың типтік бағдарламала-рының пәндерімен танысуына мүмкіндік беріледі. Оқу-әдістемелік әдебиеттер факультет бойынша оқу кітапханаларында топтастырылған және студенттерге курс бойынша семестрге беріледі. Ғылыми басылымдар қоры өздерімен бірге монографиялар жинағын, ғылыми мақалалар жинағын, конференция материалдарын, энциклопедияларды, сөздіктерді, анықтамалықтарды ұсынады. Бұл қордың басты мақсаты — оқу жоспарының пәні мен университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуды тереңірек үйренуге мүмкіндік туғызу. Ғылыми әдебиет студенттердің курстық, дипломдық және басқа да жұмыстарын жазу үшін қолданылады.

Мерзімді басылымдар қорлары (журналдар мен газеттер), сирек кітаптар мен көркем әдебиеттер ҚарМУ кітапханасында көп жылдар бойы қалып-тасуда жэне оқырмандар — оқытушылардың, сту-денттердің, магистранттардың ең жан-жақтылық қызығушылығын қанагаттандыруға шақырады. Шет тілдерін уйрену бойынша әдебиеттер, соның ішінде, білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша, мысалы, ағылшын, қытай және басқа да тілдер ерекше құндылықты ұсынады.


Электронды ресурстар
Кітапханалық қордың барлығы ақпараттық-анықтамалық іздеу жүйесі — электронды каталопа қамтылған, яғни, университетте әлемнің ең ірі ғы-лыми кітапханаларының бірінде өңделген ИРБИС лицензиялық бағдарламасы қүрылды. Іздеу мен библиографиялық және толық мәтінді ақпараттар бойынша электронды каталогтың мүмкіндігі аса зор. Студенттер жариялауды автор, жариялаудыц аты, анықталған тақырып, кілттік сөз, басылым жылы, газет иемесе журналдың аты бойынша іздей алады. Электронды каталог барлық оқу ғимараттарының кітапханаларында және кафедраларда, сондай-ақ, Интернетте кітапхананың (http//www.library.ksu.kz) сайтына кіруге болады. Кітапхана қызметкерлері 1 курсқа түскен студенттер үшін ақпараттық жүйеде оқу ақпараттарын алуды іздеуге дағдылану бойынша сабақтар жүргізеді.

Кітапхана қорының маңызды құрамды бөлігі университетте тікелей қүрылған барлық мамандық бойынша оқу процесіне көмек ретіндегі электронды ресурстар болып табылады. Бүл оқу, ғылыми және басқа әдебиеттер, сондай-ақ, профессорлық-оқыту-шылық құрамның электронды оқулықтары басыл-ған басылымдардың цифрлы үйлесімділігі болған «Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Электронды кітапханасы». Оның құрамына оқытушылардың дәрісханаларда сгуденттерге оқитын дәрістерінің, сондай-ақ, онсыз білім алу мүмкін емес кредиттік технология бойынша білім алуға қатысты оқу-әдістемелік ке-шендерінің электронды версиялары кіреді. Сабаққа дайындық кезінде студенттер оқытушылардың элек-тронды презентацияларын, көрнекі үсынылған оқу материаддарын жазып алуларына болады. Онлайн-режимде тіркелген пайдаланушыдар электронды басылымдарға кіре алады. Білім беру матермалдары, енер бойынша әр түрлі физикалық жетектері — CD, DVD -дискілерінде кітапханада тікелей қол жетерлік. 2009 жылдан бастап кітапхана қызметкерлері мен деректер базасы көптілді білім беру бағдарламасы бойынша пәнді үйрену материалдары жетілдірідуде.

Студенттерді, магистранттарды және ғадымдар-ды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін университетте мамандандырылған деректер базасына жаңа ақпа-раттармен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазыду жүргізіледі. Бүл сондай ресурстар, яши Республи-калық ЖОО аралық электронды кітапхана, құқықтық деректер базалары: «Заң», «Параграф», бүкіл әлемге әйгілі ғылыми деректер банктері: «ЕВSСО Publishing», «Science», «Elzevier», «Полпред». Бұл ресурстар күн сайын барлық білім саласы бойынша өзекті толықмәтінді ақпараттар ұсына жаңартылып отырады. Түгенделіп шыққан деректер базасы рефераттар, баяндамалар, курстық, дипломдық және магистранттық жұмысты жазуда ғана емес, сондай-ақ, зерттеу және білім беретін жобалар дайындауда да көмектеседі.

Кітапханада «Аlma-mater ҚарМУ», «Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов», «Орталық Қазақстанның экологиясы» тақырыптық деректер базасын студенттер ереже ретінде бірінші курстан бастап қолданады. Маңызды электронды ресурстардың бірі ғылыми кітапхананың (http//www.library.ksu.kz) веб-сайты саналады, яғи мұнда оқырмандарды ресурстар туралы, жұмыс режимі туралы, көрсетілетін қызметтер және барлық өзгертулер мен кітапханада болып жатқан жаңалықтар туралы ақпараттандырады. Студенттер бүл сайтта университетте өткізіл-ген кітапханалық шаралар туралы біле алады. Сайт «Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Электронды кітапханасына» кітапханадан алынған жеке пароль бойынша кірулеріне мүмкіндік береді.


Кітапханалық қызмет көрсетудің жүйесі
Ғылыми кітапхананың студенттер мен басқа да пайдаланушыларға ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуі тармақтанған жүйе бойынша оқу, мультимедиялық залдар мен абонементтерден үйге кітап алу арқылы іске асырылады.

Сондай-ақ, кітапхана шеңберінде студенттердің жұмыстарын электронды ресурстармен және оқыту бағдарламаларымен қамтамасыз ететін электронды ресурстар залы, мультимедиалық залдар жұмыс істейді. Бүл залдарда тегін Интернетке кіру ұсыны-лады. Залдарда ТВ білім беру бағдарламалары мен аудио және бейнематериалдармен жұмыс істеу үшін арнайы аймақ жабдықталған. Каталогтар залы университеттің барлық кітапханалық қорын қамтитын электрондық каталогтарды қолдануды ұсынады. Кітапханалық қызмет көрсетудің барлық пунктінде библиограф-консультанттар мен жаңа технологияның мамандары жұмыс істейді. Оқу залдарында барлық міндетті ғылыми кітаптар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер, ағымдағы және өткенді шолатын газеттер мен журналдар топтастырылған. Кітапхана құрылымы мамандандырылған залдарға бөлінген: сирек кітаптар оқу залы, мерзімді басылымдар, шет тілдеріндегі әдебиеттер, заң әдебиеттері. Залдар таңертеңгі 9-дан кешкі 7-ге дейіп үзіліссіз жұмыс істейді. Оқу залдарының басым копшілігі жексенбі күндері де жұмыс істейді. Оқу залдарында меншік ноутбуктарымен Интернетке кіру мүмкіншілігі қарастырылған. Сондай-ақ, әр жатақханада оқулықтар, көркем әдебиеттер, газеттер және нормативті-құқықтық материалдармен жабдықталған оқу залдары бар. Жатақханаларды қосқанда уни-верситетте барлығы 1130 орынға есептелген 21 оқу залы бар. Сгуденттерге барлық оқу залын пайдалануға қүқық беретін бір ғана оқырман билеті беріледі. Барлық бөлімде білім алатын студенттер әр оқу ғимараттарында бар әдебиеттерді үйге абонементке ала алады. Кітапханада барлығы студенттерді курс және семестр бойынша қажетті әдебиеттер жинағымен қамтамасыз ететін 11 абонемент жабдықталған. Жалпы білім беретін пән бойынша оқулықтардың электронды нұсқаларын студент электрондық ресурстар залынан ала алады.


Көрсетілетін қызметтер
Кітапханаға көрсетілетін қызметтер тізімі жеткілікті кең келемде. Бұл — ақпараттық-кітапханалық міндетті және қосымша қызметтер. Міндетті қызметтер ретінде студенттер жаңа кітаптар және журналдар мен газеттердегі мақалалар, университеттің ақпараттық ресурстары туралы ақпараттар ала алады. Бұл үшін көрмелер және әдебиеттерді қарау, ақпараттар күні, диплом алушылар күні, экспресс-ақпараттар мен ақпараттық қағаздар таратылып, басылған каталогтар мен бюллетеньдер басылып шығады. Тақырып, пән бойынша библиографиялық анықтамалар толтырылып, ақпараттарды іздеу бойынша консультациялар жүзеге асырылады. Білім беру мақсатында жаһандық желіге тегін қатынау ұсыныдады. Пайдаланушылардың талабы бойынша Қазақстанның басқа кітапханаларынан қүжаттардың (оқу материалдарының) электрондық жеткізуі ұйымдастырылды. Электронды ресурстар залында қажетті материалды элек-трондық үлгіде жазып алуларына мүмкіндік ұсынылады. Анықталған мерзімге студенттер кітапханалық компьютерлерде «жеке кабинеттерін» құра алады. Барлық қалаушыларға сервистік қызметтер — материалдарды басып шығару, сканер жасау, ақпараттарды флэш пен басқа да жетектерге көшіру, көшірме жасау, ламинирование және қүжаттарды түптеу сияқты қызметтер көрсетіледі. Мұндай жағдайда, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да қазіргі заманға сай сапалы білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасалған.

ҚарМУ Ғылыми кітапханасы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет