Жатырдан тыс жүктілік



бет1/3
Дата06.04.2023
өлшемі22.99 Kb.
#471871
  1   2   3
Жатырдан тыс жүктілік


Жатырдан тыс жүктілік
Ұрықтанған аналық клетканың жатыр қуысынан басқа жерде дамуын жатырдан тыс жүктілік деп атайды.
Жіктелуі:

  1. Жатыр түтікшесінің жүктілігі – көбіне оң жақ түтікте жиі дамиды.Ұрықтың ену орнына байланысты:

  1. амупулярлық;

  2. истмикалық;

  3. инстерстициалдық.

  1. Аналық бездегі жүктілік :

  1. Интрафолликулярлы- ұрықтану фолликулада.

  2. Этиофоралды – ұрықтану аналық бездің жоғарғы бетінде болады.

  1. Құрсақ қуысындағы жүктілік:

  1. Біріншілік – имплантация іш қуыс мүшелерінде жүзеге асады.

  2. Екіншілік – алғашқы имплантация түтікте содан соң түтікті аборт нәтижесінде ұрықтанған аналық жыныс жасушасы түтіктен өтіп, іш қуысына имплантацияланады.

Этиологиясы: Жатырдан тыс жүктілік әр түрлі себептердің әсерінен болады:

  1. Жыныс мүшелерінің аурулары.

  2. Жатыр мен жатыр қосалқыларының ісіктері.

  3. Егер бұрын әйел аднексит, эндометритпен ауырған болса.

  4. Анамнезінде жасанды түсіктер болса.

  5. Жатырішілік контрацептивтермен байланысты.

  6. Аналық бездің қызметі бұзылғанда.

  7. Жыныстық инфантилизм.

  8. Эндометриоз.

  9. Егер бұрын ішкі жыныс мүшелерінде операциялар болса.

  10. Бедеуліктен ем алғанда.

  11. Эндокринді аурулар.

Клиникасы: Негізгі белгілері:

  1. Іштің төменгі бөлігінің ауыруы, тік ішекке, жауырынға, бұғанаға берілуі мүмкін.

  2. Етеккірдің 6 апта болмауы.

  3. Жүктілік белгілерінің болмауы.

  4. Жатыр мойнының көкшілдігі.

  5. Жатырдың пішіні алмұрт тәрізді, жұмсарған.

  6. Жатырдың көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес келмейді.

  7. Жатырдың бір жағында үлкейген қосалқы бөліктері анықталады.

  8. Жатыр мойынын қозғағанда әйел ауырсынады.

  9. Жағынды түрінде қанның бөлінуі.

  10. Әйелдің жағдайы нашарлайды, іші кебуі мүмкін, жүрек айнуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет