- Бәрі бұрынғыдай болса деймін.
- Екеуміз қайтадан бірге болу үшін бе?
-Жоқ, мен сен туралы мүлдем білмейтін кездегідей...
***
Баласы ата-анасымен керісіп жатыр:
- Үнемі сіздермен бірге болудан шаршадым. Маған махаббат, романтика, еркіндік керек. Болды, мен кеттім! Жолыма тұрмай-ақ қойыңыздар.
Есік жаққа жақындап қалды. Артынан әкесі қуып жетті:
- Әке, сен естіген жоқсын ба? Мен айттым ғой, мені тоқтатпаңыздар!
- Бір минут күте тұршы, мен сенімен біргемін.
* * *
Жігіт газет оқып отырып, қызына қарап сөйлеуде:
- Мен саған үнемі айтатын едім ғой, қыздардың сөзшеңдігі шектен шыққан деп. Міне, газет бетінде қыз бала күніне 2200 сөз айтса, жігіт адам 1100 сөз айтады деп жазылған.
- Бұлай болатын себебі, әйел баласы бәрін екі рет қайталап айтуы тиіс.
- Не дейсің?
|