Бұл топқа ацикловир, валацикловир, пенцикловир, фамцикловир жатады.
Ацикловир
Зовиракс, Виролекс
Вирусты ДНК полимераза ингибиторлар тобының бастамасы.
Фармакодинамикасы. Вирусқа қарсы әсерге ацикловирдің белсенді метаболиті – ацикловир үшфосфат ие, олар герпетикалық вирустармен қабынған торшаларда түзіледі. Вирусты ДНК полимеразаны тежеу арқылы ацикловир үшфосфат вирусты ДНК синтезін тежейді. Сау торшаларда ацикловир үшфосфат концентрациясы қабынған торшаларға қарағанда 40-100 есе кем болады, сондықтан препарат цитотоксикалық әсері төмен.
Белсенділік спектрі: Жоғары сезімталдылыққа I және II типті жай герпес вирусы ие (Herpes simplex).Varicella – Zoster сезімталдығы 10 есе аз. Цитомегаловирус сезімталдығы төмен. Герпетикалық вирустардың ацикловир резистентті штаммы бар, олар орташа иммунды жеткіліксіздігі кезінде 6-8 % құрайды, ал иммуносупрессивті терапияны ұзақ қабылдаған және ЖИТС –пен ауыратын науқастарда 17 % таралуы байқалады.
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағанда биотиімділігі төмен. Қанның сарысуында концентрациясы тұрақсыз. Ағзада ацикловир жақсы таралады. Сілекейге, көз іші сұйықтығына, қынап ішілік секретке, герпетикалық көпіршіктер сұйықтығына енеді. ГЭТ арқылы өтеді. Жергілікті қолданғанда тері және шырышты қабат арқылы аздап сіңеді. Көп бөлігі бүйрек арқылы экскрецияланады, 60-90 % өзгермеген күйде шығарылады. Т ½ -2-3 сағ, кіші жастағы балаларда – 4 сағ, бүйрек жетіспеушілігі кезінде 20 сағатқа дейін ұзарады.
Кері әсерлері:
Негізінде ацикловирдың өтімділігі жақсы , кері әсерлері сирек дамиды.
-
Жергілікті – шырышты қабатқа жаққанда ашыту, тамыр ішілік енгізген кезде – флебиттер дамиды.
-
АІЖ – диспепсиялық бұзылыстар.
-
Нейротоксикалық әсері – тремор, қалтырау, көзге елестеу, сандырақтау, экстрапирамидалық бұзылыстар. Симптомдар негізінде емдеудің алғашқы
3 күнінде көрінеді, бірақ уақыты тез жойылады.
Қауыпты факторлары: бүйрек жеткіліксіздігі, басқа да нейротоксикалық препараттар қолдану, интерферонды, метотрексатты.
-
Нефротоксикалық әсері – кристаллурия; обструктивті нефропатия, ол жүрек айнуымен, құсумен, бел аймағындағы ауырсынумен, азотемиямен көрініс береді.
Қауыпты факторлары: тез енгізу, жоғары дозалар, сусыздану, бүйрек аурулары, басқа да нефротоксикалық препараттар қолдану, мысалы циклоспорин.
Алдын-алу шаралары: сүйықтықты жоғары мөлшерде қабылдау.
Көмек шаралары: препаратты беруді тоқтату, инфузиялық терапия.
Көрсеткіштері:
-
Herpes simplex тудыратын инфекциялар:
-
Varicella – Zoster вирусы қоздыратын инфекциялар:
-
белдемелі теміреткі;
-
желшешек;
-
пневмония;
-
энцефалит.
ВАЛАЦИКЛОВИР
Валтрекс
Ішке қабылдауға арналған ацикловирдің валинді эфирі болып табылады. АІЖ және бауырда сіңірілу үдерісінде ацикловирге айналады.
Ацикловирден айырмашылығы:
-
жоғары биотиімділікке ие;
-
иммуносупрессиясы бар науқастарда кейде тромбылық микроангиопатияны тудырады.
Көрсеткіштері:
-
Herpes simplex тудыратын инфекциялар: гениталді герпес, шырышты терілік герпес.
-
Иммунитеті сақталған науқастарда белдемелі теміреткі.
-
Бүйрек трансплантациясынан кейін цитомегаловирусты инфекцияны алдын-алу.
ПЕНЦИКЛОВИР
Вектавир
Химиялық құрылымы мен белсенділік спектрі бойынша ацикловирге жақын. Вируспен жұқтырылған жасушада белсендіріліп, пенцикловир үшфосфатқа айналып, вирусты ДНК синтезін бұзады.
Ацикловирден айырмашылығы:
-
кейбір вирустардың ацикловиррезистентті штаммдарына қарағанда белсенді.
-
Herpes Labialis-тың кеш кезеңдерінде жоғары әсері (папула, везикула).
-
ұзақ жасушаішілік Т ½ (7-20 сағ) ие, ол жоғары, тұрақты вирусқа қарсы әсермен қамтамасыз етеді.
-
тек жергілікті қолданылады.
Көрсеткіштер:
-
Иммунитеті сақталған науқастарда Herpes simplex тудырған тері және шырышты қабаттың герпетикалық қабынуы.
ФАМЦИКЛОВИР
Фамвир
Құрылысы бойынша ацикловирге жақын, өзі дәрілік түр береді.
Фармакокинетикасы
Аш қарынға ішке қабылдағанда биотиімділігі 70-80 % құрайды . Сіңірілу кезінде, қанда және бауырда пенцикловирге айналады, ол кейін торшада фосфорилденеді. Көбіне бүйрек арқылы экскрецияланады, 70 % белсенді түрде Т ½ -2-2,5 сағ. креатинин клиренсі кезінде 30 мл/мин 10 есе жоғарылайды.
Кері әсерлері:
-
диспепсиялық бұзылыстар.
-
Нейротоксикалық – бас ауру, бас айналу.
Көрсеткіштері:
-
Herpes simplex тудыратын инфекциялар: гениталді герпес, шырышты терілік герпес.
-
Иммунитеті сақталған науқастарда белдемелі теміреткі.
ЦИТОМЕГАЛОВИРУСТАРҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР
Бұл топқа екі препарат жатады – ганцикловир және фоскарнет. Соңғысы тек цитомегаловирусқа емес, сонымен қатар ацикловирге резистентті герпетикалық вирустарға да қарсы қолданылады.
ГАНЦИКЛОВИР
Цимевен
Ацикловирмен және оның аналогтарымен салыстырғанда уытты әсері жоғары .
Фармакодинамикасы
Цитомегаловируспен немесе герпетикалық вируспен зақымданған жасушаларда белсенді түрде – ганцикловир үшфосфатқа айналады, ол вирусты ДНК полимеразаны ингибирлейді.
Белсенділік спектрі:
Цитомегаловирус (ацикловирге қарағанда белсенділігі 10- 15 есе жоғары ), герпетикалық вирустар.
Ганцикловирге тұрақты штаммдары бар, резистенттілік емдеу кезінде қалыптасатыны айқындалған.
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдаған кезде биотиімділігі төмен (5-9). Тамырішілік енгізгенде жақсы таралады, көптеген ұлпалар мен секреттерге, сонымен қатар көздің ішкі ортасына ГЭТ арқылы өтеді. Өзгермеген түрде бүйрек арқылы 90% жоғары шығарылады. Т ½ - 2-4 сағат, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде 30-40 сағ созылады. Т ½ ганцикловир үшфосфат – 12 сағат.
Кері әсерлері:
Өте жиі көрінеді және 1/3 науқастарда препаратты доғару себебі болады.
-
Гематотоксикалық әсер – нейтропения, тромбоцитопения, анемия. Ауыр нейтропенияның фаталді инфекциямен асқынған жағдайлары кездескен.
Қауіптілік факторы: ЖИТС
Алдын алу шаралары: қан көрсеткіштерін үнемі қадағалау, керек жағдайда дозасын коррекциялау.
Көмек шаралары: препаратты беруді тоқтату, гранулацитарлы –макрофагалді тізбек стимулдеуші факторды қолдану.
-
Нефротоксикалық әсер – бүйрек жеткіліксіздігі, азотемия.
Қауіптілік факторы: трансплантациядан кейінгі науқастар.
-
Нейротоксикалық әсер – бас ауру, психоз, энцефалопатия.
Қауіптілік факторы: басқа нейротоксикалық препараттарды беру.
-
АІЖ: диспепсиялық бұзылыстар.
-
Жергілікті – флебиттер.
Алдын алу шаралары: баяу енгізу, кем дегенде 1 сағат ішінде.
-
Басқалары – бөртпе, қалтырау, эозинофилия, бауыр ферменттерінің белсенділігінің жоғарлауы.
Көрсеткіштері:
-
Цитомегаловирусты инфекция:
-
Ретинит;
-
Пневмония;
-
АІЖ зақымдалу.
-
Жұлынның, жүректің, өкпенің, бүйрек, бауырдың трансплантациясынан кейінгі цитомегаловирус инфекциясын алдын алу.
ФОСКАРНЕТ
Фоскавир
Құрылымы бойынша ацикловир мен ганцикловирден айырмашылығы бар. Жоғары уытты қасиетке ие.
Фармакодинамикасы
Цитомегаловирустың герпетикалық вирустарының ДНК полимеразасымен белсенді емес кешен түзеді.
Белсенділік спектрі:
Негізгі клиникалық маңызы цитомегаловирус пен ацикловиросрезистентті герпетикалық вирустар штамдарының әсеріне байланысты. Фоскарнетке резистентті цитомегаловирус штаммы 5 % аз науқастарда кездеседі.
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдауда биотиімділігі төмен. Тек көктамыр ішілік қолданылады. Көптеген ағзалар мен ұлпаларға таралады, сүйекте депонирленеді. ГЭТ арқылы өтеді. Көбіне бүйрек арқылы шығарылады. Элиминация 2 фазада өтеді: жылдам Т ½ - 1-8 сағат және баяу Т ½ 88 сағатқа дейін.
Кері әсерлері:
-
Жергілікті: флебит, тромбофлебит.
-
Нефротоксикалық әсер – протеинурия, бүйрек жеткіліксіздігі, жедел тубулярлы некроз, кристаллурия, интерстициалді нефрит.
Қауіптілік факторы: жоғары доза, жылдам немесе өте ұзақ енгізу, дегидратация, бір мезгілде басқа да нефротоксикалық препараттар беру.
Алдын алу шаралары: фоскарнет инфузиясы алдында тамырішіне 2 л 0,9 % натрий хлорид ерітіндісін енгізу, бүйрек қызментін бақылау, бүйрек жетіспеушілігінде дозаны төмендету.
-
Электролитті баланс бұзылысы – гипокальциемия, гипомагниемия, гипокалиемия, гипофосфатемия; сонымен қатар аритмия, қалтырау, психикалық бұзылыстар болуы мүмкін.
Алдын алу шаралары:баяу енгізу (1 мг /кг/мин асырмай ); қандағы электролит деңгейін бақылау; электролит ерітінділерін енгізу.
-
АІЖ: диспепсиялық және диспептикалық бұзылыстар.
-
Нейротоксикалық әсер – бас ауыру (25 % науқастарда), депрессия, қалтырау, ұстама.
-
Гематотоксикалық әсер – анемия, гранулоцитопения.
-
Гениталий шырышты қабатының ойыстануы.Қызба.
Алдын алу шаралары: жеке бас гигиенасын сақтау.
Көрсеткіштері:
-
Цитомегаловирусты инфекция: ретинит, өкпе, АІТ зақымдалуы.
-
Herpes simplex инфекциялары, ацикловирге резистентті.
-
Varicella – Zoster инфекциялары, ацикловирге резистентті.
Қарсы көрсеткіштер:
Гриппке қарсы препараттар
Бұл топқа М2 канал блокаторлары кіреді – А типті грипп вирусына қарсы амантадин мен римантадин белсенді, сонымен қатар вирусты нейроаминидаза ингибиторлары – занамивир мен озельтамивир А және В типті грипп вирусына белсенді әсер етеді.
Грипп емі мен алдын алуына осындай вирусқа қарсы заттар қолдану, яғни арбидол, дибазол, оксолин мазі, теброфен, флореналь, интерферон мұрын тамшысы ретінде, дәлелдеме медицина жағынан жеткілікті ғылыми негізі жоқ, өйткені олардың әсері рандомизирленген клиникалық зерттеулерде дәлелденбеген.
АМАНТАДИН
Мидантан
Клиникалық әсері дәлелденген, алғашқы вирусқа қарсы препарат. Ресейде вирусқа қарсы зат ретінде қолданылмайды. Кейде Паркинсон ауруында қолданылады, өйткені дофаминергиялық белсенділікке ие.
РЕМАНТАДИН
Ремантадин
Бұрыннан келе жатқан гриппке қарсы препарат, амантадин негізінде ойлап табылған.
Фармакодинамикасы
Вирусқа қарсы әсері вирустың ионды каналдарын тежеу арқылы жүзеге асады, бұл арқылы оның торшаға енуін бұзады. Ремантадин қолдану кезінде вирустардың оған резистенттілік қалыптастыру қасиеті бар, олардың жиілігі 5 күн ем қабылдауда 30% жетеді.
Белсенділік спектрі:
Грипптің А типті вирусына, амантадинге қарағанда 5-10 есе белсенділігі жоғары.
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағанда жақсы сіңіріледі. Мұрын қуысының шырышты қабатында және сілекейде жоғары концентрация құрайды. ГЭТ арқылы өтеді. Бауырда метаболизге ұшырайды. Бүйрек арқылы шығарылады. Т ½ - 1-1,5 тәулік, бүйрек жеткіліксіздігінде 2-2,5 тәулікте жоғарылайды.
Кері әсерлері:
Жеңіл өтеді. 3-6 % науқастарда тітіркендіргіштік түрінде нейротоксикалық реакциялар байқалады, зейіннің бұзылуы, ұйқысыздық.
Көрсеткіштері:
-
А типті вируспен шақырылған гриппті емдеу.
-
Егер эпидемия А типті вируспен шақырылса, грипптың алдын-алуы. Алдын-алу қабылдауды тек гриппке қарсы вакцинация жүргізілмегендерге ғана немесе вакцинациядан кейін 2 апта өткен болса жүргізіледі. Әсері 70-90% құрайды2 кесте
Гриппен ауыратын науқастың жанұясы.
Гриппен ауыратын науқаспен тығыз байланыстағы адамдар.
Грипптің ағымының ауырлығына байланысты есептелетін адамдар:
-
65 жастан асқандар
-
Созылмалы бронхөкпелік , жүрек-тамыр және бүйрек жағынан ауытқулары бар науқастар.
-
Қантты диабетпен ауыратындар.
-
Иммуносупессиясы бар адамдар.
-
Гемоглобинопатиясы бар науқастар.
6 және 18 жас аралығында ұзақ уақыт аспирин қабылдаған балалар (Рей синдромы дамуына жоғары қауіп)
Медицина қызметкерлері.
|
№ 2 кесте. Ремантадинді алдын-алу қолдануға көрсеткіштер
ЗАНАМИВИР
Реленца
Вирусты нейроаминидаза ингибиторларының бірінші көрсеткіші – вирусқа қарсы препараттардың жаңа класы. А және В типті вирустармен шақырылған гриппті емдеуде қолданылады.
Фармакодинамикасы
Нейроаминидазаны ингибирлеп –грипп вирусы репликациясына жауап беретін бір фермент, занамивир олардың ағзада таралуын тежейді. Сонымен қатар цитокиндер өндірілуін азайтады., жергілікті қабыну үдерістеріне қарсы тұрады және вирусты инфекцияның жүйелік көріністерін әлсіретеді.
Белсенділік спектрі:
А және В типті грипп вирустары.
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағанда биотиімділігі төмен, сондықтан ингаляция арқылы қолданылады. Мұнда 10-20 % трахеобронхиалді ағаш пен өкпеге енеді. Бүйрекпен шығарылады. Т ½ -2,5-5 сағат, ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде 18 сағатқа жетеді.
Кері әсерлері:
Диспепсиялық және диспептикалық бұзылыстар.
-
Бас ауру, бас айналу.
-
Синусит.
-
Бронхоспазм (обструктивті бронхөкпелік ауру бар науқастар).
Көрсеткіштері:
-
А және В типті вирустармен шақырылған грипптың емі.
ОЗЕЛЬТАМИВИР
Тамифлю
Химиялық құрылысы мен әсер етуі бойынша занамивирмен ұқсас. Ішке қабылдауға арналған.
Фармакокинетикасы
АІЖ арқылы сіңірілгеннен кейін, бауырда белсенді метаболитке айналады, оның биотиімділігі 75-80 % жетеді және тамаққа байланысты болмайды. Гриппті инфекцияның негізгі ошақтарында жоғары концентрацияны құрайды. Бүйрекпен шығарылады. Т ½ -7-8 сағат, бүйрек жетіспеушілігінде өседі.
Кері әсерлері:
-
АІТ: диспепсиялық және диспептикалық бұзылыстар.
-
Нейротоксикалық әсер – бас ауру, бас айналу, жалпы әлсіздік, ұйқысыздық.
-
Катаралді көріністер – мұрынның бітуі, тамақ ауру.
Көрсеткіштері:
-
А және В типті вирустармен шақырылған грипптің емі және алдын алу.
Кеңейтілген белсенді спектрлі вирусқа қарсы препараттар
РИБАВИРИН Виразол, Ребетол
Құрамында ДНК және РНК-сы бар вирустарға кең әсерлі спектрлі белсенділікке ие. Вирусқа қарсы әсерінің механизмі анықталмаған.
Белсенділік спектрі:
Респираторлы-синцитиалді вирусқа қарсы белсенділігі клиникалық маңызы бар, сонымен қатар Ласс қызбасын шақыратын, геморрагиялық қызбаны бүйректік синдроммен және С гепатит тудырады.
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдауда биотиімділігі – 35-45 % құрайды . Ингаляциялық қабылдауда жоғары концентрацияда тыныс жолдары секреттерінде және біразы сарысуда көрінеді. Қайта енгізуде эритроциттерде жинақталуы мүмкін. ГЭТ арқылы өтеді. Бауырда метаболизге ұшырайды, зәрмен шығарылады. Т ½ 30-60 сағат, бауыр жетіспеушілігінде жоғарылайды.
Кері әсерлері:
-
Жергілікті – бөртпе, көз бен тыныс жолдарының шырышты қабаты тітіркенуі, бронхоспазм. Тыныс жолдарында және интубациялық түтікшелерде рибавирин кристализациясы болуы мүмкін.
-
Гематотоксикалық әсер – анемия, лимфоцитопения; гемолитикалық анемия, қайтымды, арнайы емді талап етпейді., гемоглобин қатысуы уақытша дозасы төмендегенде болдады.
-
Нейротоксикалық әсер – бас ауру, әлсіздік, ұйқысыздық, шаршау.
-
АІЖ – ауызда темір дәмі, іш ауру, метеоризм, жүрек айну.
-
Тератогенді әсер.
Көрсеткіштері:
-
Ауыр бронхит пен пневмония қауіп тобына жататын жаңа туған балалар мен ерте жастағы балаларда, сонымен қатар ауыр муковисцидозбен немесе өкпелік гипертензиямен ассоцирленгендер.
-
Ласс қызбасы.
-
Бүйректік синдроммен геморрагиялық қызба.
-
Гепатит С.
Көрсеткіштері:
Абсолютті:
-
Жүктілік.
-
Терминалді бүйрек жетіспеушілігі.
-
Анемия.
-
Гемоглобинопатия.
-
Ауыр жүрек жетіспеушілігі.
Салыстырмалы:
-
Бақылауға келмейтін гипертензия
-
Кәрілік
ЛАМИВУДИН
Зеффикс, Эпивир, ТриТиСи
Ретровирустар мен В гепатит вирусына қарсы белсенді.
Фармакодинамикасы
Гепатит В вирусы ДНҚ-полимеразасын ингибирлейтін және ВИЧ-тің кері транскриптазасын ингибирлейтін вируспен қабынған жасушаларда белсеніп, ламвудин үшфосфатқа айналады. Гепатит В вирусының резистенттігінің қалыптасуының жағдайлары белгіленген.
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдауда биотиімділігі – 86-88 % құрайды . Көптеген ұлпалар мен секреттерге таралады., ГЭТ арқылы өтеді. Бүйрекпен шығарылады. Т ½ -5-70 сағат, бүйрек жетіспеушілігінде өседі.
Кері әсерлері:
Жақсы өтеді, сирек жағдайда лактацидоз және стеатозбен гепатомегалияны тудырады, олар митохондрий қызметінің бұзылысымен байланысты болуы мүмкін.
Көрсеткіштері:
ИНТЕРФЕРОНДАР
Интерферондар – қорғаныс реакциялары кезінде жасушалармен синтезделетін биологиялық белсенді ақуыздар тобы. Интерферон жасушадан тыс сұйықтыққа секреттеледі, рецепторлар арқылы басқа жасушаларға әсер етіп, жасушаішілік макроорганизмдерге төзімділігін жоғарлатады, бірінші орында - вирустарға. Интерферондар спецификалық әсері жоқ, әртүрлі вирустар репликациясын тежейді. Интерферонның вирусқа қарсы әсерінің негізгі механизмі вирусты ақуыз синтезін тежейді.
Интерферон құрылымы мен биологиялық құрамы бойынша 3 түрге бөлінеді: α, β,γ. Алынуы бойынша лейкоцитарлы, лимфобластоидты, рекомбинантты интерферон түрлерін ажыратады. Вирусқа қарсы препарат ретінде кең түрде рекомбинантты альфа интерферон қолданылады. Соңғы жылдары пегилирленген интерферон ойлап табылған, олар полиэтиленгликоль, жоғары жартылай шығару кезеңіне ие және клиникалық әсері жоғары.
ИНТЕРФЕРОН –АЛЬФА: ЖАЛПЫ ҚАСИЕТТЕРІ
Фармакокинетикасы
Ақуыз болып, интерферон- альфа АІТ ыдырайды, сондықтан тек парентералді қолданылады. Бұлшықет ішілік енгізгенде биотиімділігі 80 % құрайды, қандағы максималді концентрациясы орта есеппен 308 сағатқа жетеді. Төмен концентрацияда тыныс жолдары, ОЖЖ, көз ұлпасы секреттерінде анықталған. Бүйректе жылдам инактивацияға ұшырайды, аз мөлшерде бауырда. Т ½ - 2-4 сағат, бүйрек жетіспеушілігінде өзгермейді. Пегинтерферон альфа ұзаққа созылған Т ½ ие.
Кері әсерлері:
Рекомбинантты интерферон-альфаның теріс реакциялары дозасына тәуелді болып келеді.
Ерте (жиі емнің бірінші аптасында)
-
Грипп тәрізді синдром, ол қызбамен, миалгиямен, көз алмасының ауырсынуымен көрініс береді, 4-5 инъекциядан соң жоғалады, дозаны төмендетуді немесе препаратты доғаруды талап етпейді.
Алдын алу шаралары: интерферон енгізу алдында парацетамол тағайындау.
Кеш (емнің 2-6 аптасында, сирегірек интерферонды доғару себеп болып табылады)
-
Гематотоксикалық әсер – анемия, тромбоцитопения, агранулоцитоз.
-
Нейротоксикалық әсер – ұйқышылдық, депрессия, сирек қалтыраулар.
-
Кардиотоксикалық әсер – аритмиялар, транзиторлы кардиомиопатиялар, артериалді гипотензия.
-
Аутоиммунды тиреоидит.
-
Гиперлипидемия.
-
Аллопеция, терілік бөртпелер.
Қадағалау шаралары: қан жасауды, бауыр ферменттері деңгейін, электролиттерді, ЭКГ бақылау.
Көрсеткіштері:
-
Созылмалы гепатит В және трансаминаза деңгейі жоғарылағанда.
-
Жедел гепатит С.
-
Созылмалы гепатит С, трансаминаза деңгейі жоғарылағанда.
Қарсы көрсеткіштер:
Абсолютті:
-
Психоз (ем барысында немесе анамнезінде).
-
Ауыр депрессия.
-
Нейтропения немесе тромбоцитопения.
-
Жүректің ауыр ауытқуы.
-
Декомпенсациялық бауыр циррозы.
-
Бақылауға келмейтін қалтырау ұстамасы.
-
Мүшелер трансплантациясы.
Салыстырмалы:
-
Аутоиммунды аурулар.
-
Бақылауға келмейтін диабет.
ИНТЕРФЕРОН АЛЬФА ПРЕПАРАТТАРЫ
Рекомбинантты интерферондар
Бұл топтың барлық коммерциялық препараттары адамның α 2 интерферонының рекомбинантты түрін көрсетеді, сондықтан олардың фармакологиялық әсері ұқсас. Интерферонды құрамындағы аминқышқыл көлеміне байланысты альфа 2а және альфа 2b деп ажыратады, бірақ олардың клиникалық әсері мен қауіпсіздігі жағынан айырмашылығы жоқ.
ИНТЕРФЕРОН АЛЬФА -2а
Роферон-А, Реаферон
Шығару түрілері:
Флакондар мен ампулалар 3,9 және 18 млн. МЕ-дан (Роферон–А) және ампулалар 1 млн. МЕ (Реаферон) ұнтақ түрінде инъекцияға ерітінді дайындау үшін.
ИНТЕРФЕРОН АЛЬФА - 2b
Интрон-А. Реальдирон
Шығару түрлері:
Флакондар 1,3,5 және 10 млн. МЕ-дан (Интрон –А) және ампулалар 1,3 және 6 млн. МЕ (Реальдирон) ұнтақ түрінде инъекцияға ерітінді дайындау үшін.
ПЕГИНТЕРФЕРОН АЛЬФА -2b
ПегИнтрон
Интерферонның альфа- 2b мен полиэтиленгликольмен қосылысы. Пролонгирленген әсермен жоғары терапевтикалық белсенділікке ие. Аптасына 1 рет беріледі. Рибавиринге қарсы көрсеткіштері бар, сонымен қатар анемия дамуына байланысты рибавиринді доғарғанда гепатит С емдеуге арналған.
ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАТТАР
Туберкулезді кешеңнің медикаментозды терапиясы кезінде негізгі орынды химиотерапевтік препараттар алады.
Әсер ету тиімділігі бойынша туберкулезге қарсы препараттардың жіктелуі:
-
Әсер ету тиімділігі басым препараттар
изониазид, фтивазид
рифампицин
-
Әсері орташа препараттар
этамбутол, этионамид, протионамид, пиразинамид
стрептомицин, канамицин, циклосерин, флоримицин, капреомицин
-
Әсері төмен препараттар
натрия параминосалицилат (ПАСК), тиоацетазон (тибон)
Туберкулез химиотерапиясындағы қағидалар
-
Ауруды ерте немесе уақытында емдеу.
-
Ұұзақ айлар бойы емдеу.
-
Біріктірілген ем (изониазид+рифампицин+стрептомицин).
-
Комплексті ем.
-
Патогенетикалық ем.
-
Хирургиялық ем.
-
Ауруды емдегенде негізгі емді ауруға бағыттау.
-
Химиотерапия режимі.
- препараттардың комбинациясы: изониазид ацетилденеді
- 10% дейін - әлсіз,
- 10-14% - орташа,
- 14% және жоғары – жоғары,
- оптималді тәуліктік дозаны дене салмағына байланысты таңдау,
- енгізу реттілігі,
- енгізу әдісі,
-енгізу ырғағы, алғашқы 3 айда күн сайын, аурудың динамикасы оң кезінде интермиттірлеуші әдіске көшеді).
Туберкулез микобактериясына қатысты басымырақ әсер көрсететін изониазид және рифампицин, сондықтан туберкулезге алғашқы анықталған науқастарда химиотерапиялық стратегиясында ең алдымен осы препараттар қолданылады. Изониазид және рифампициннен басқа, I топ туберкулезге қарсы препараттармен біріктірілген (пиразинамид, стрептомицин және этамбутол) көптеген науқастарды емдеуге көмектеседі. Монокомпонентті препараттармен біріктірілгеннен басқа, құрама туберкулезге қарсы препараттар қолданылады, олар I топ препараттарының әр түрлі қосылыстарынан тұрады.
II топ препараттары немесе резервті препараттар полирезистентті туберкулезді емдеуге қолданылады. Препараттардың қолдану ұзақтығын анықтау туберкулездің түріне, клиникалық ағымына, бұрынғы емнің сипатына, M.tuberculosis-тің сезімталдығына және науқастардың туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты болады.
Туберкулезге қарсы препараттарға жататын аминогликозидтермн фторхинолондардың құрамы жоғарыда аталып кетті және бұл бөлімде оған тоқталамыз.
1 -ші топтағы туберкулезге қарсы препараттар
Гидразида изоникатин қышқылының препараттары (ГИНҚ)
ГИНҚ препараттары клиникалық тәжірибеде 1952 жылдан бері қолданылады. ГИНҚ-ң келесі туындылары белгілі: изониазид, фтивазид, метазид, опиниазид.
Изониазид
Әсер ету механизмі
Әсер ету механизмі M.tuberculosis-тің торша мембранасындағы микол қышқылының синтезінің тежелуіне байланысты. Изониазид микабактерияларға өсу сатысына әсер ететін бактериоцидті әсер көрсетеді және тыныштық жағдайында – бактериостатикалық әсер көрсетеді. Изониазидпен монотерапия кезінде оған (70% жағдайында) тез тұрақтылық дамиды.
Белсенділік спектрі
Изониазид – ГИНҚ-ң ішінде оң тиімді, ол ересектердегі және балалардағы туберкуліздің кез-келген түрлерінде және таралуында өз әсерін көрестеді. Препараттардың атипиялық микобактерияларға қарсы белсенділігі төмен.
Фармакокинетикасы
Асқазан ішек жолы арқылы жақсы сіңіріледі, қандағы шың концентрациясы қабылдағаннан соң 2-3 сағаттан соң байқалалды.
Ұлпалық тосқауылдардан өтіп, торшалық және барлық физиологиялық сұйықтықтарға, оның ішінде плевра қуысына, жұлын-ми сұйықтығына, асциттік сұйықтықтарға да енеді.
Бауырда метаболтизмге ұшырайды және инактивациялау жылдамдығы генетикалық Р-450 жүйесімен детерминирленген. Адамдар арасында «тез инактивациялану» анықталады, оларда жартылай шығарылу уақыты шамамен 1 сағат және де «баяу инактиваторлары» оларда жартылай шығарылу уақыты 3 сағат. Бүйрекпен басымырақ шығарылады.
Жағымсыз реакциялары
Бауырда: гепатотоксикалық изониазид – ассосирленген гепатитке дейін алып келеді.
Қауіпті факторлары: «баяу инактиваторлар», емдеу кезінде алкоголді қабылдау, рифампицинмен араластыру.
Алдын-алу шаралары: трансаминадазалар белсенділігін анықтау
Жүйке жүйеде: пролиферипялық невропатиялар, неврит немесе көз жүйкесінің атрофиясы, бұлшықеттік қозғалыстар және генерализацияланған тырыспалар, сезімталдықтық бұзылыстар, энцефалопатия, интоксикациялық психоз. Алдын-алу шаралары: пиндоксинді міндетті түрде тәуліктік дозасы 60-100мг. қабылдау.
Эндокринді жүйеде: гинекомастия, әйелдерде дисменорея, «кушингоид», гипергликемия.
Аллергиялық реакциялар: бөртпе, қызба
Асқазан ішек жолы: іштегі дискомфорт
Жүрек-қан тамыр жүйесінде: артериалдық гипертензия, кәрі жастағы науқастарда миокард ишемиясының күшеюі.
Жергілікті реакциялар: вена ішілік енгізгенде флебит
Басқа: жедел мөлшерінен тыс қабылдау – құсу, лоқсу, көрудің нашарлауы және естудің бұзылысы, түсініксіз сөйлеу және тынысының тежелуі, ступор, кома, тырысулар.
Жәрдем шаралары: ақазанды жуу, қысқа әсерлі барбитураттар, пиридоксин, осмостық диуретиктер, метаболитикалық ацидоз дамыған кезде натрий бикарбонатын қабылдау.
Көрсеткіштері
Кез-келген таралудағы белсенді туберкулездің алдын-алу тек қана туберкулезге қарсы препараттар мен араластыру керек.
Қарсы көрсеткіштер
Жеке бастың дәріні көтере алмауы, қояншық. Ауыр психоздар. Тырыспалы ұстамаларға белсенділік. Анамнезінде полиомиелиттің болуы. Анамнезінде ГИНҚ препараттарын қолданудан кейін болған жедел гепатит. Жедел бауыр және бүйректік жеткіліксіздігі.
Рифампициндер
Оларға рифампицин және рифабутин жатады, олар кең спектрлі антибактериалді белсенділікке ие. Рифампицин I-ші топтағы туберкулезге қарсы препараттарға жатады, клиникалық тәжірибеге жақын арада енгізілген рифабутин II-ші топтағы туберкулезге қарсы препараттарға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |