1.Жұлын.Ішкі құрылысы.Жұлын қабықтары.Балалардағы жастық ерекшеліктері
Қызметі:
Рефлекторлық-жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы- жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушалары. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде және т.б.
Өткізгіштік : орталыққа тебетін (қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады.
Сыртқы құрылысы:
Жұлын(medulla spinalis)-жоғарыда шүйде сүйектің үлкен тесігі деңгейінде сопақша мидан басталып,төменде конус тәрізді сүйірленіп 1-2 бел омыртқалары деңгейінде аяқталады.
Буылтықтары:мойындық(intumescentia cervicalis)-2 мойын және 2 кеуде омыртқасы
Бел-сегізкөз(intumescentia lumbosacralis)-10-12 кеуде омыртқасы
Жұлынның алдыңғы бетінде -алдыңғы орталық саңылау(fissurа mediana anterior),алдыңғы қос бүйір сала(sulcus anteriolaterialis)
Артқы бетінде-артқы орталық сала(sulcus medianus posterior),артқы қос бүйір сала(sulcus posteriolaterialis).
Алдыңғы түбіршік(radix anterior)-алдыңғы бүйір жүлгеден шығады.Қозғалтқыш нейрон аксонынан түзілген.Қызметі:қозғалтқыш
Артқы түбіршік(radix posterior)-артқы бүйір жүлгеге түседі.Алдыңғы түбіршікпен қосылатын жерінде сезімтал нейроннан түзілген,томпайған жері-жұлын жүйкелерінің сезімтал түйіндері(ganglion sensorium nervi spinalis).Қызметі:cезімтал.
Алдыңғы+артқы түбіршік=жұлын жүйкелері сабауы(truncus nervi spinalis)
Ішкі құрылысы
Сұр зат(substansia grisea)-H әрпі немесе көбелек
Ортасында СANALIS CENTRALIS жоғарғы шеті 4-қарыншамен,төменгі шеті милық конус аймағында кеңейіп соңғы қарыншаны құрайды.
Көлденең кесінді
Алдыңғы мүйіз(cornu anterius)-кеңейген
Артқы мүйіз(cornu posterius)-тар және ұзын
Аралық зат-алдыңғы және артқы мүйіздер арасында орналасқан,орталық өзек қоршайды,сыртқы жалғасы 8 мойын және 2-3 бел сегменттері арасында бүйір мүйізде(cornu lateriale) аяқталады.
Бойлық кесінді
Сұр бағана(columnae grisea)-орталық өзекті қоршайды
Байланысады:алдыңғы және артқы сұр дәнекермен(comissura grisea anterior et posterior)
Сұр заттың әрбір бағаны алдыңғы және артқы бағаннан(columna anterior et posterior)
Бүйір бағана(columna intermedia)-8 мойын және 2-3 бел-омыртқа
Сұр зат ядролары
Артқы мүйізде-сезімтал
1.меншікті ядро (nucleus proprius)
2.сілікпе тәрізді зат (substansia gelatinosa)
3.шеткі ядро(nucleus marginalis)
Аралық-вегатативтік
1.артқы кеуделік ядро(n.thoracicus posterior)
2.аралық медиалды(n.intermedia medalis)
3.аралық латералды(n.intermeda laterialis)
Алдыңғы мүйіз-қозғалтқыш
1.алдыңғы медиалды
2.алдыңғы латералды
3.артқы медиалды
4.артқы латералды
5.орталық
Ақ зат (substansia alba)
Өткізгіш жолдары:
Қысқа-ассоциативті,рефлекторлық
қызмет
Бөлінеді:
алдыңғы,бүйір,артқы меншікті буда(fasciculus proprius lateralis,anterior,posterior)
Ұзын-сезімтал және қозғалтқыш
Артқы жіпше(funiculus posterior)
Құрамы:нәзік және сына тәрізді буда(fasciculus gracilis et cuneatus).
Орналасуы:артқы бүйір және орталық жүлге арасында
Алдыңғы жіпшe(funiculus anterior)-ең тар буда
Орналасуы:алдыңғы орталық саңылау және алдыңғы бүйір саңылау
Бүйір жіпше(funiculus laterialis)
Құрамы:жоғарылаушы және төмендегіш жолдар
Орналасуы:бүйір саңылау арасында
Жоғарылаушы жолдар
1.артқы және алдыңғы жұлын-мишық жолдары(tractus spinocerebralis posterior et anterior)
2.латералды жұлын-таламус(t.spinothalamicus lateralis)
3.жұлын жамылғы(t.spinotectalis)
Төмендеуші жолдар
1.латералды қыртысты-жұлын(t.corticospinalis lateralis)
2.қызыл ядро жұлын(t.rubrospinalis)
3.оливо-жұлын талшықтары(fibrae olivo-spinales)
Алдыңғы жіпше-төмендеуші жолдар
1.алдыңғы қыртыс-жұлын(t.corticospinalis anterior)
2.тор-жұлын талшықтары(fibrae reticulospinales)
3.кіреберіс-жұлын (t.vestibulospinalis)
4.жамылғы-жұлын(t.tectospinalis)
5.алдыңғы жұлын-таламус(t.spinothalamicus anterior)
ЖҰЛЫН ҚАБЫҚТАРЫ
*сырты-қатты қабығы(dura mater spinalis)
*торлы қабығы(arachnoidea mater spinalis)жұқa,тамырсыз, борпылдақ
*жұқа қабығы(pia mater spinalis)-ми затына жанасатын талшықты дәнекер тіннен түзілген.
Эпидуральды кеңістік(spatium epidurale)-қатты және жұқа қабық арасында,құрамы
шелмей тіні
Субдуралды кеңістік(spatium subdutale)-қатты және торлы қабық арасында,жұлын ми сұйықтығы
Торлы қабық асты кеңістігі(spatium subarachnoideum)-торлы және жұқа қабық арасында.
БАЛАЛАРДАҒЫ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Құрсақтағы нәрестенің бір айлық кезінде жұлынның ұзындығы омыртқа бағанасымен бірдей болады.Өсе келе омыртқадағы жұлын жаңа туылған нәрестеде 3 бел омыртқа тұсында болса,ересек адамдарда 2 бел омыртқасына дейін қысқарады.
.Миға жалпы шолу. Ми қабықтары. Мидың қатты қабығының өсінділері мен қойнаулары. Қабықтар арасындағы кеңістіктер.
Ми—мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйекпен паналы, қуысында орналасады. Мидың үш ірі бөлігін ажыратуға болады: үлкен ми-cerebrum, мишы- cerebellum, және ми сабауы- truncus encephalicus. Мидың ең көп бөлігін үлкен ми сыңарлары алып жатады, одан кейінгі үлкені мишық, қалған шамалы бөлігін ми сабауы құрайды. Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен,сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық нерв жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.
Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады: сопақша ми;мишық (артқы ми);ортаңғы ми;аралық ми;алдыңғы ми сыңарлары.
Ми кабықтармен, meningeus қоршалған. Үш кабықты ажыратады:
Қатты қабық, dura mater, ең сыртқы қабығы. Торлы қабық, arachnoidea, немесе сірлі қабық, тепіпх serosa, ортаңғы кабық, қатты қабық пен жұмсақ қабық аралығында орналасады. Жұмсак кабық, ріа mater, немесе тамырлы кабық, meninx vasculosa, ең ішкі қабығы.
Мидын қатты, dura mater encephali, тығыз байланыскан дәнекер қантамырлармен байытылған, беткейі кедіртінді қүрылым. Мидың қатты қабығы бүдырлы болып келеді. Ол бассүйегінің екі жапырақшалардан түрады: ішкі жэне ішкі сүйеккабы ретінде, бассүйегіне жабысып, нервтердің сыртқы қынабын түзеді. Бассүйегінін негізінде қатты қабык сүйектермен тығыз бекінген, ал бассүйек күмбезінде элсіз байланысқан. Мидың катты қабығы үшкіл жэне кезбе нервтің менингеалді тармактарымен нервтендіріледі. Сонымен қатар, мидың қатты қабығвіның нервтенуіне тіл-жүтқыншак, тілүсті, косымша нервтерде косылады.
Мидың
торлы кабығы, arachnoidea encephali, жүлынның осы аттас кабығы сияқты эндотелиймен жабылған, мидың жүмсак кабыгымен торлы кабыкасты трабекулалармен байланысады. Торлы кабык пен ми арасында саңылаутәрізді катты кабыкасты кеңістік болады, шамалы жүлын сүйыктығымен толтырылған. Торлы кабықтың ішкі беті миға караған. Ми денгейлерінің шығыңкы боліктерінде мидың жұмсак кабығымен тығыз байланыскан, алайда саңылау жэне жүлге артынан енбейді. Осылайша, мидың торлы қабығынан жүлгелері копір сияқты байланысады, ал бітісіп кеткен жерлер жок болса кеңістікте калып отырады. Олар торлы кабыкасты кеңістіктер деп аталады (cavitates subarachno ideale). Мидың барлық беткейлерінін торлы кабыкасты кеңістігі бір-бірімен байланысып жатады. Кей жерлерде бүл кеңістіктер біршама үлкен болып келеді жэне торлыасты цистерна, cisternae subarachnoideale, деп аталады, келесі ірі цистерналар бар: 1. Мишык-ми цистернасы, cisterna cerebellomedullaris, ол мишык пен сопакша ми арасында орналасады. 2. Үлкен ми латералді шүнқырының цистернасы, cisterna fossae lateralis, мидын латералді шүңкырына сэйкес орналаскан. 3. Аякшаларарасы цистернасы, cisterna interpeduncularis, ми аякшалары арасында орналаскан4.
Қиылыскан цистерна, cistema chiasmatis, көру нервімен маңдай үлесі арасында орналасқан.
Мидың жұмсак қабығы, ріа mater encephali, барлық жүлге мен саңылауға еніп, ми затын жауып тұрады. Мидың жұмсак кабығы жүлынның жұмсақ кабығына карағанда, жоғарғы мимен тығыз байланысты болып келеді. Оған кірген кантамырлар мимен байланысып, субпиалді кеңістік құрып, жоғарғы мидан бөлініп тұрады. Тамыр айналасындағы кеңістік жұмсақ қабықты тамырдан бөліп, тамырлық негізін, tela choroidea, кұрайды. Бұл кеңістік торлы кабықастындағы кеңістікпен байланысады. МИДЫҢ ЖҮМСАҚ ҚАБЫҒЫ Мидың көлденең саңылауы мен мишыктың көлденең саңылауына еніп, мидың жүмсак кабығы бөлім аралығын тартып, осы саңылауды қамтамасыз етеді жэне де III, IV карыншамен тұйықталады. Мидың жұмсак кабығы қантамырларының өрімі,
plexus choroidei, жэне тамырлык негізі, telae choroideae, бүйірлік III, IV ми карыншасымен байланысты. Мидың жұмсак кабығы негізі нервтермен нервтендіріледі, ішкі үйқы жэне омыртка артериясымен жэне де осы артерия тармактарымен қанмен камтамасыз етеді
Мидың қатты қабығының келесідей өсінділері ажыратылады: 1) Ортаңғы мидың орағы, falx cerebri екі үлкен ми сыңарлары арасында сагиталді бағытта орналасады. Торлы сүйектен басталып, үлкен мидың орағы күмбезі орталык сызығы бойымен жоғарғы сагиталді койнаудың жалғасының жиектеріне, sulcus sinus sagittalis superioris, бекіп, алдыңғы жіңішке шетімен ми шатырының жоғарғы бетімен үласады. 2) Мишық орағы, cerebelli, ортаңғы сызык бөлігімен шүйденің ішін бойлай, шүйде сүйегінің үлкен тесігіне дейін келіп, екі аяқшасымен тесікті каусырады. Мишық орағы мишыктың артқы тілігіне мишықтың сыңарлары арасына еніп түрады. 3) Мишық шатыры, tentorium cerebelli, шатыртэрізді жоғары
қараған сәл дөңес қабыкша, артқы бассүйек шүңқырында керілген жэне үлкен мидың шүйделік үлесін мишыктан бөліп түрады. 4) Алдыңғы жиегі шатыр тесігін шектейтін шатыр тілігін, incisura tentorii, күрайды. Осы жерде мидың сабаулы бөлігі өтеді. 5) Ершік диафрагмасы, diaphragma sellae, түрік ертокымы түбінде гипофиздік шүңқырдың үстінен шатыр секілді шектейтін табакша. Ершік диафрагмасының ортаңғы гипофизден шығатын infundibulum-та арналған тесік болады. Самай сүйегінің пирамидалык үшбұрышындағы үшкіл батыңкы бөлігінде мидың катты қабығы екі жапырақшаға ажырайды. Бүл екі жаиырак үшкіл нервтің өрімдері үшкіл батыңқы, impression trigeminale, түзеді.
Мидың қатты қабығының келесідей қойнауларын ажыратады 1) Жоғарғы сагиталді қойнау, sinus sagittalis superior, үлкен ми сыңары аралығының жоғарғы шекарасының көтеріңкі бөлігінде орналасады. Ол әтеш айдарынан бастап, көлемін үлкейте бере, ортаңғы сызык бөлігімен артка карай жүре, шүйде сүйегінің шодырының кресттәрізді көтеріңкі бөлігінде көлденең қойнауға қүйылады. 2) Төменгі сагиталді койнау, sinus sagittalis inferior, үлкен ми сыңарасының төменгі бөлігін көлбей орналасып, тік қойнауға келіп қүйылады. 3) Көлденең қойнау, sinus transversus, шүйде сүйегінің жүлгесінде орналасқан. Ол ең ірі қойнаудың бірі болып табылады. Төбелік сүйегінің емізік бүрышында ол сигматэрізді қойнауына, sinus sigmoideus, үласады. 4.
Тік қойнау, sinus rectus, мишык шатырының ми арасында орналасады. Ол жоғарғы сагиталді қойнаумен бірге көлденең қойнауына күйылады. 5. Үңгірлі койнау, sinus cavernosus, ол өзінің атын көптеген жарғақтарына байланысты, үңгірлі қүрылымның қойнау түріне байланысты беріледі, бүл қойнау түрік ершігінің жанында орналасады. 6. Сына-тобелік койнау, sinus sphenoparietalis, жүп, сына сүйегінің кіші канатына медиалді түрде бағытталып, үңгір қойнауына кіреді. 7. Жоғарғы тасты койнау, sinus petrosus superior, ол да үңгір қойнауының бірі болып табылады. Ол самай сүйектің пирамидасының жоғарғы бетінде орналасып, үңгір қойнау мен көлденең қойнауын байланыстырады. 8. Төменгі тасты койнау, sinus petrosus inferior, үңгір койнауынан шығып, шүйде сүйегі мен сына сүйегінің пирамида жүйесіне өтеді. Ол ішкі мойындырык венаның жоғарғы буылтығына кіреді. Оған лабиринт венасы сай келеді. 9. Негіздік өрім,
plexus basilaris, ол шүйде сүйегінің базилярлы бөлігінде орналасады. Төменгі тасты койнаудың бірнеше дэнекер тінді веналық тамырларының жабылуы арқылы күрылады. 10. Шүйделік қойнау, sinus occipitalis, ішкі шүйде шодырына кіреді. Ол көлденең койнаудан шығып, 2-ге тармакталады, үлкен шүйде тесігін қоршайды да, сигматәрізді койнауға құяды.