Жазылым тапсырмасы
Алматы қаласының тарихы
Алматы – Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан қала. Кей деректе біздің заманымызға дейінгі 7 ғасырларда бұл маңды сақтар, кейіннен үйсіндер мекендегені туралы дерек бар. Себебі сол кезеңнен көптеген қорған мен қамал сақталған. Алматы маңы Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" соның бірден бір дәлелі.
Одан кейінгі 10-14 ғасырларда осы аймақтағы қалалар Ұлы Жібек жолының бойындағы сауда-саттыққа ілініп, қолөнер мен ауылшаруашылығының орталығына айналған. Алғашқы Алматы атауы жазылған заттар да осы кезеңге тиесілі. Алайда Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі де құлдырай бастайды.
Қаланың жаңа тарихы Ресей үкіметінің 1854 жылы Верный әскери бекінісін құруымен байланысты. 1855 жылдың ортасынан бастап бекініске орыс қоныс аударушылары келе бастады. Олардың келуімен Верный қарқынды дами түсті. 1865 жылы он бірінші сәуірде Верный бекінісінің атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы болды. Алайда дәл осы жылы "Дала комиссиясының" шешімімен бұл атау өзгертіліп, Верный қаласы болып ауысты. Қала атауын алған Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығы болды. Алматы алманың отаны саналады. 1921 жылы Верный атауы Алма-Ата деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Бес жыл өткен соң қалада Түркістан-Cібір теміржолы салынатын болды. Түркі-Сібір құрылысы бұл қаланың Қазақстанның астанасы болуға ықпал етті.
Жазылым тапсырмасы кейін
Мәтін мазмұнына сәйкес келетін жауапты белгіле.
Сөйлем
|
Дұрыс
|
Бұрыс
|
Қаланың жаңа тарихы 1854 жылы басталды
|
|
|
Алматы қаласы туған жеріміздің батыс жағында орналасқан
|
|
|
1918 жылы Верный атауы Алма-Ата деп өзгерілді
|
|
|
1855 жылдың ортасынан бастап бекініске орыс қоныс аударушылары келе бастады
|
|
|
5-жыл өткен соң қалада Түркістан-Сібір теміржолы салынды
|
|
|
2-тапсырма жазылымнан кейін
Өзінің сүйікті қала туралы шағын мәтін жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |