І жақ сыпайы түрінің мәндері Сыпайы І жақтық қатынастың инвариантты семантикалық мәндері (морфосемалары) контекст мәнімен қайшы келуі мүмкін. Нәтижесінде стилистикалық және модальды-экспрессивті реңкті форманың ауыспалы мәндері пайда болады.
Жалпыланған жақпен сәйкес келуі: Мешіттің қарсы алды (күншығысы)- жалғыз есік. Бірақ есік деуге тым зор, дарбаза (қақпа) демесек (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Анығында әлеуметшілдік, камүншілдік тұрмыс алдымызда деп отырмыз. Арманға жету үшін, қиялға сүңгімей болмайды. Қиялға сүңгімей нағыз өмірді жазған болмайсың (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Бұл мағына абстрактілі денотативті сөйлеу жағдаятына байланысты туындайды. Бұл біз есімдігінің мәніне, абстрактілі мәнде қолданылу ерекшелігіне байланысты. Сыпайы І жақтық қатынастың мұндай мәндері көбінесе авторлық баяндауларда қолданылып, оқырмандар жалпыланған мәнде жұмсалады.
Көтермелеу, құрметтеу мәнінде жалғыз сөйлеуші де біз есімдігін қолданады:
Биден келеміз,
Биден емес-ау, күйден келеміз.
Біз – бай,
Біз – Құдай,
Күш сынасса, – күл болады,
Кім келеді сайма-сай? («Ыбыраймыз – Ыбыраймын»).
Біз тұлғасының жекеше, сыпайы түрде қолданылуының көрінісі – бұл форманың инвариант мәнінен іс-әрекет иесі – бір адам болуынан да айқын байқалады. Форманың инвариант мәні мен контекстегі «бірегей субъект» семасының түйісуі мәтінге стилистикалық реңк береді.
Кейде жекеше І жақтық қатынастың орнына сыпайы І жақтық қатынастың қолданылуы мәтінге күлкі, әзіл үстейді.
Адресатпен сәйкес келуі: Осылай үнсіз отыра береміз бе? (С.Мұқанов, «Аққан жұлдыз»). Жә, біздің «хор» деп жүргеніміз ше? Біздікінің бұл айтылғанға он екі де бір нұсқасы келмейтін (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Сыпайы І жақтық қатынастың адресатпен сәйкес келуі түрлі модальді-экспрессивті реңк береді:
ресмилік: Кел‚ мырзалар! Замана ыңғайы шалғырт‚ шенқұмарлықты көксеп‚ қартая бозқыдық шығара бермей‚ өткенге қанағат қылып‚ кешу алып‚ келешекте түзелiп‚ жанды олжа көрiп‚ «тек жүрсек‚ тоқ жүремiз» (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Достарыңызбен бөлісу: |