Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет22/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69
Бір кем дүние

Мəңгілік ешнəрсе жоқ
“Егемен Қазақстан” редакциясы зейнеткер мені шолушы қызметіне
алды. Кейбіреулерге күлкі: кешегі бас редактор бүгін сол редакцияның


босаға жағында отыр.
Ал, мен ойлаймын: заманында осы газеттің бас редакторлары болған
Смағұл Садуақасов, Тұрар Рысқұлов, Сəкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин,
Ғабит Мүсірепов сияқты алыптар басқарған мекеменің босағасында
отырсаң да жарасады.
Мəңгілік ешнəрсе жоқ.
Мəңгі тек Құдай ғана. “Бір Алладан басқаның бəрі өзгермек” (Абай).
Кім ойлайды?
Қазақ республикасындағы қазіргі таңда ең зəру мəселелердің ең
біріншісі демография деп мойындаған жөн.
Біз күнбе-күнгі тіршілік қамымен əуреміз. Ол қажет. Бұл бүгінгі күннің
қамы.
Ал, ертең не боларына көз салсақ, көңілмен болжасақ жағдай қандай
болмақ?
Ұлан-байтақ Қазақстанда небəрі 15 миллион халық тұрады. Оның 8
миллионы қазақтар деп жүрміз.
Халқымыздың өсімі тым төмен. Бала туу мөлшері осылай кете берсе,
алдағы 10-20 жылда қазақ саны кеми бермек.
Бір кезде қазақ ауылында əр отбасында 10-12 бала тапқан “Алтын
алқалы” аналар көп болды. Олардың тізімі ұдайы баспасөз беттерінде
жарияланып тұрды.
Қазір ондай оң тізімдер көрінбей кетіпті.
Ал, дүниеде жері бай, кені бай елге ие өз елінен табылмаса, жат
жұрттықтардан табыла кететіні ежелден белгілі.
Сонда демография ашаршылығынан қалай құтыламыз?
Əрине, əр мемлекет өзінің көрпесіне қарай көсіледі.


Халықтың əлеуметтік күн көрісі мəз емес екені бесенеден белгілі.
Мемлекеттің
тақыр
кедейлігінен
емес,
жемқорлардың
тойымсыз
жемсауына түсіп кеткендіктен.
Жемқорлық, парақорлық жалпақ тілмен айтқанда, коррупция залалы
халық өсіміне, ұлт өсіміне Голощекин ашаршылығынан кем түскен жоқ
сияқты.
Рас, мұның бəрі таяудағы өткен шақ. Бірақ əлі түзеле қойған жоқ.
Дегенмен, қанша талапайға түскенмен, экономика біршама түзеле
бастады.
Ендеше мемлекет ендігі жерде демографияны да мықтап ойлайтын
мезгілі жетті.
Қазір əйелдер зейнетке 58 жаста шығады. Ол қай уақытта бала туып,
қай уақытта оны өсіріп, тəрбиелей алады?
Ендеше 4-5 бала тапқан ананы еңбектен босатып, зейнетақысын
берекелі етіп төлеу керек. Əр балаға жарытып жəрдемақы беру қажет.
Бұл өте жауапты, тағдыршеш проблеманы Парламент, Президент
мықтап қолға алсын.
Əйтпесе, орасан кем дүние осы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет