– Кеше Сізді телевизордан көріп, сəлем беріп қояйын деп едім, – дейді.
– Еске алғаныңа рахмет. Екеуміз елге рахметі жоқ жақсылық жасадық.
Алладан қайтсын.
Радио, телевидениеге бірден берген 54 пəтерлі үй еді. Сол үшін
жазаландық…(6.08.1995 ж.)
Сөйткен Заманбек жауыз кезеңнің құрбаны болып кетті.
Алла о дүниесін берсін! Жауыздардың жазасын берсін!
Айуан артық
Бауыржан Момышұлының Кеңсайдағы ескерткіші тоналды. Мыспен
қапталған шинелін “шешіп” əкетіпті. Мыс қымбат.
Адам – адам болудан қалды.
Айуан артық. Ол зиратты тонамайды.
Бір кем дүние. (21.08.1995 ж.)
Ешкінің тоңған майы
Республика сарайында Абайдың 150 жылдығына арналған салтанат
ашыларда Елбасы маған:
– Халіңіз қалай? – деді.
– Бірде жылқының қысыр тайын жеп, бірде
ешкінің тоңған майын жеп
жүріп жатырмыз. Рахмет!
Бір кем дүние.
Опасыз алтын
Жүз жасаған теректi арқалап, балталап жатып алып кеткен. Томары
қалып қойған.
Кедей кемпiр самаурынға деп, күнде барып, томарды
шетiнен кемiре бередi.
Бiр күнi балтасы тасқа тигендей болды. Қазып қараса,
шағын сандық
екен. Ашып көрiп едi, iшiнен киiзге ораған алты кило алтын шығады.
Милицияға хабарлайды. Өкiмет кемпiрге алтын құнының 25 процентiн
бередi. Баласы ұрсады:
–
Балам-ау, осыған да шүкiр де. О баста өз иесiне опа қылмаған алтын
ғой. Осыған да қанағат. Қанағат қарын тойғызар. Қанағатсыз жалғыз атын
сойғызар. Саған қатын
алып беруге осы да жетедi, – дептi кемпiр.
Баласы дүрдигенiн қоймапты.
Бiр кем дүние.
Достарыңызбен бөлісу: