Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық



бет13/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74
Лаб.жұмыс

Машинаны жуып тазалау


Машиналар мен тракторларга техникалық қызмет кӛрсету оларды сүртіп тазалау және ыстық сумен жуудан басталады. Агрегат сол жақ бортымен күтім кӛрсетілетін машинадан 1,5 м қашықтықта тұруы тиіс. Машинаны жуу тӛмендегі ретпен орындалады.

  1. Барабанды бӛліктің есігін ашып, жуу шүмегі бар шлангіні орамынан тарқатып алу қажет.

  2. Автомобиль моторы іске қосылады.

  3. Жуу сорабының берілісін қосу үшін, компрессорды қосу иінін бейтарап жағдайға қойған соң, сорап берілісін іліністіріп, жалғау тұтқасын (кабинаның артында орналасқан) қосылған жағдайына ауыстыру қажет. Автомобиль ілініс муфтасының педалін басып тұрып, компрессор іске қосылады.

  4. Шүмектен шапшып аққан сумен машинаны жууға болады (ыстық сумен жуған кезде брезент қолғап кию керек).

  5. Жуу жұмыстарын аяқтаған соң, сорапты ажыратыи, тазалаған шлангі барабанға оралып жиналады. Жуылған машина мен агрегат құргақ жерге жылжытып қойылады.

  6. Күтім кӛрсетілетін машинадан алынған бӛлшектер жуу сүйығымен толтырылған агрегаттың арнайы жуу ыдысында қырғыш, тазалағыш және щеткалардың кӛмегімен жуып тазаланады. Жуу сүйығының қалдықтарынан тазарту үшін жуылған бӛлшектер сығымдалған ауамен үрлеп кептіріледі.

4. Мұнай өнімдерін беру


  1. Берілетін сұйыққа тиісті шлангіні барабаннан тарқатып, оның ұштығы қабылдау ыдысының құю мойнына кигізіледі.

  2. Басқару қалқаншасындағы жұмыс режимі кранының тұтқасы қысым жағдайына қойылады.

  3. Автомобиль моторын оталдырып, компрессор берілісі қосылады.

  4. Үлестіру краны тұтқасын тиісті жағдайына қойған соң, шлангінің тарату кранын ашу қажет.

  5. Мұнай ӛнімдерін беріп болған соң, тарату және үлестіру крандарын жауып, жұмыс режимі крандары «Атмосфера» жағдайына ауыстырылады. Шлангі мен тарату кранын тазалаған соң, шланг барабанға оралады. Берілісті ажырытып, автомобиль моторын тоқтату қажет. Мұнай ӛнімдерін таратып беру кезіндегі жұмыстық қысым 0,25...0,30МПа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет