ЖЕҢІСТІҢ 65 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ…
Н.А. Завалко,
п.ғ.д, профессор,
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
2010 жылы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 65 жыл толады, бұл жыл әсіресе, Ұлы Жеңіс әкелген ардагерлер үшін ерекше асте қаларлықтай. Сондай ардагерлердің бірі, атақты педагог-жаңашыл, есімі аңызға айналған, өмірді сүюмен ерекшеленген, рухы күшті, балаларды тәрбиелеумен, білім берумен жан-тәнімен айналысқан Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев.
Соғыс кезінде, он тоғыз жасар бозбала Құмаш әскери бұйрықты орындау үстінде ауыр жараланды. Екі аяғы мен бір қолынан айрылған ол, өзінің еркі мен барлық күш-жігерін жаңа педагогикалық білім беру ісінде сынауға бел буды. Құмаш Нұрғалиев таңқаларлықтай ерлік жасады: жер бетіндегі ең адамгершілікті мамаңдықты таңдады: ауылды жерде мұғалім, кейінірек ауыл мектебінің директоры қызметін атқарып, өмірін одан әрі қызғылықты жалғастырды.
Қашықтағы ауылда, Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданының Боран ауылында, облыс орталығынан 500 шақырымдай кашықтағы елді мекенде, Қазақстан Республикасының шығыстағы шекарасында Қ. Нұрғалиев ауыл мектебінің авторлық үлгісін кұрды.Ол үлгі әлеуметтік ашықтыққа, интегративтікке, кешендікке, жүйелікке, ғылымилыққа, икемділікке, адамгершілікке негізделген. 1975 жылы мектеп КСРО Бүкілодақтық Ауыл шаруашылық көрмесіне қатысып II-орын алды, ал 1980 жылы ҚазКСР Ауыл шаруашылығының қола медаліне және ІІІ-орынға ие болды.
Тіпті, аурухана бөлмесінде науқастанып жатқан кезінде Құмаш Нұрғалиұлы мектепке алғашқы “ЯМАХА” компьютер класын жеткізу мәселелерін шешті. Бұл оның қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын, яғни 1988 жылдың мамыр айы еді. Мектепке компьютер класы 30 мамырда, оны жерлеген күні жеткізілді.
Осынау тамаша адам, ерінбейтін еңбекқор, тәжірибелі жетекші, іскер ұйымдастырушы ретінде халыққа білім беруді дамытуда көп еңбек етті, барлық мүғалімдердің ұстазы болды. «Бұл ғажап адамның өзінің өмірі - ерлік, шәкірттерді рухани адамгершілікке тәрбиелеуге, олардың азаматтық сапасын қалыптастыруда ғибратты өнеге болып табылыды»,-деп Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев атап көрсеткен. Бұл Ұлы Отан соғысының ардагері, Боран мектебінің үздік басшысы, бар ғұмырын ауыл мектебін дамытуға арнаған, есімі үлкен әріппен жазылатын ұстаз үшін жоғары баға еді.
Құмаш Нұрғалиұлы Әскери Қызыл Ту, Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, бес медальмен марапатталды, «ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі» белгілеріне, Жоғары Кеңестің Құрмет грамоталарына ие болды. «ҚазКСР-ның еңбегі сіңген мұғалім» «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты» атанды.
1981 жылы Құмаш Нұрғалиұлына «КСРО Халық мұғалімі» атағы берілді. Боран ауылындағы оның авторлық мектебі «Қазақстан Республикасының ауыл мектептері үшін» «Қашықтан оқыту» жобасы бойынша бұл мектеп ЮНЕСКО зерттеу институты мен ҰАО мәртебесіне ие.
Достарыңызбен бөлісу: |