Сонымен қатар баланың негізгі нақты құқықтары анықталған: ➢ отбасында өмір сүру және тәрбиелеу;
➢ оның ата-анасы кім екенін білу;
➢ ата-аналарымен бірге тұруға (бұл оның мүдделеріне қайшы келетін
жағдайларды қоспағанда), олардың тарапынан қамқорлыққа алу;
➢ ата-аналардың тәрбиесіне, ал олар болмаған немесе ата-ана құқықтарынан
айырылған жағдайда қорғаншының, қамқоршының немесе балалар
мекемесінің тәрбиесіне;
➢ жан-жақты даму; адамның қадір қасиетін құрметтеу;
➢ ата-анасымен, әжесімен, атасымен, ағаларымен, әпкелерімен және басқа
туыстарымен қарым-қатынас жасау;
➢ өз пікірін білдіруге арналған өтініш; тегі, аты, әкесінің атын алуға өтініш.
2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) - Құқықтар мен міндеттердің мысалдарымен презентация көрсету.
- Сақталуы қажет ережелерді талқылау (мектеп ережелерін сақтау, басқаларға құрмет
көрсету және т.б.).
- Құқықтар бұзылған жағдайда әрекет ету алгоритмін әзірлеу (презентация
қорытындысы бойынша әзірлейміз):
- Ересектерге немесе педагогтерге хабарлаңыз.
- Көмек алу үшін тиісті органдарға хабарласыңыз.
3. Қорытынды (2 минутқа дейін): Сабақты қорытындылау.
Негізгі құқықтары мен міндеттері бар жадынамалар тарату.
Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/JIwsVsEjArI?si=xbL7GHdhPNRspR1K
«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТАР 8-СЫНЫП
№ 1 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ» Сабақтың мақсаты: төтенше жағдай кезінде және қажет болған жағдайда жедел
қызмет нөмірлері мен сенім телефондарын қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету.