БҚО Ақжайық ауданы Атамекен ауылы
М.Өтемісов атындағы НЖББМ-нің
мектепалды даярлық тобының ІІ санатты
тәрбиешісі Бекболатова Балжан Батыргалиқызы
Тақырыбы : «Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты»
Мақсаты : ата-аналардың бала тәрбиесіне көңіл бөле отырып, мектеппен байланысын нығайту.Білімділік қабілеттерін арттыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі : нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, сұрақтар, парақшалар, тақырыбы жазылған плакат.
Түрі : сайыс
Барысы :
Тәрбиеші : Құрметті ата-аналар, ұстаздар !
Бүгін даярлық тобы ата-аналарының арасында «Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты» тақырыбында сайыс өткелі отыр. Сайысымызға қош келдіңіздер.
Бағдарламада :
І. Ашылуы. Тренинг ойыны: «Менің тренингтік есімім »
ІІ. Баяндама. «Ата-аналардың әдептілігі» ата-ана: / Кенжеғалиева Т.М /
Сайыстың жоспары :
1. Мақал сөздің мәйегі /жалғасын тап !/
2. Ситуациялық жағдай.
3. Дәмді және тез ! / алдын –ала әзірлеп келген салат түрлерімен таныстыру/
4. Қас – қағым сәт / сұрақтарға жауап/
5. Өнерлі өрге жүзер / өз өнерлерін көрсету /
6. Қорытынды.
І . Тренинг ойыны : «Менің тренингтік есімім»
Мақсаты : ата – аналардың бір – бірімен жақын танысып, жақсы қарым –қатынаста болуға септігін тигізу.
Шарты : «Менің тренингтік есімім» деп бастап, әр ата-ана өзін таныстырып толық мағлұмат береді.
ІІ. Баяндама : «Ата – аналардың әдептілігі» тақырыбында дайындап келген ата – ана Кенжеғалиева Толқынның баяндамасы тыңдалады.
І – бөлім « Мақал сөздің мәйегі»
Ата-аналар парақшаны суырып алу арқылы мақал-мәтелдің жалғасын тауып түсіндіреді.
1.Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
2.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
3.Бірлік болмай, тірлік болмас.
4. Әке көрген, оқ жонар,шеше көрген, тон пішер.
5. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
6. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
7. Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.
8. Ата –бәйтерек, бала – жапырақ.
ІІ – бөлім « Ситуациялық жағдайдан шығу жолдары»
1.Қызы мектептен келіп анасына : «Сізге маңызды бір нәрсе айтайыншы» десе анасы : «Сенсіз де басым қатып отыр, мазамды алма» деді.Сіздің осы кездегі ойыңыз қандай ?
2. Көрші келіншектердің әңгімесі : -Менің қызым – озат оқушы, үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді.
-Озат болғаны жөн-ау, бірақ үй шаруасына араласқаны дұрыс болар еді.
-Оның жақсы оқығанының керегі не үйдің тірлігі бітпеген соң. Осы үш ата-ананың өзара әңгімесі сіздің ойыңызша қалай ?
3. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол : «ән тыңдап отырмын, қолым бос емес»деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз ?
4. Класс жетекші ата-анаға келіп, баласының сабақтан көп қалатынын, сабағының төмендеп кеткенін ескертіп, қалдырмауын өтінді .
Ата-ана : Балам сабаққа барғысы келмейді қызықпайды мен не істеймін деді. Сіздің ойыңыз ?
5. Көршінің баласының тәрбиесі өте нашар, ата-анасының оған ықпалы жоқ. Сіз балаңыздың ол баламен дос болғанын қаламайсыз. Ал балаңыз достығын үзбейді. Сіз не істер едіңіз ?
6. Алақай мен бес алдым ! Мұғалім бізге не айтқанын білесің бе ? – деп сынып оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Үй іші бұған онша мән бермеді. Бірақ күндер өте бере «Алақай, мен бес алдым» деген баланың қуанышты сөздері сирек естілетін болады. Сіздің ойыңыз қандай ?
7. Қызыңыз апайлары рұқсат етпеген туған күнге барудан сізден рұқсат сұрады. Сіз «Болмайды, бармайсың » дедіңіз. Қызыңыз «Мен баруым керек, құрбыма келемін деп уәде бергенмін» деп сізді тыңдар емес. Сіз қызыңызды қалай да жібермеуіңіз керек.
8. Мұғалім баланың анасын мектепке шақырып алып, баласының тәртібінің нашар екенін, сабақ оқымайтынын айтты. Ата –ана : «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды. Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» деді. Сіз не дер едіңіз ?
ІІІ – бөлім «Дәмді және тез !»
Ата-аналар алдын – ала әзірлеп әкелген салат түрлерімен таныстырады.
ІҮ – бөлім «Қас қағым сәт !»
3 сұрақтан берілген сұрақтарға жауап береді.
-
Республика күні қашан тойланады?
-
Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды ?
-
Білім ордасы ?
-
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім ?
-
Тәуелсіздік күні ?
-
Бес асылды атаңыз ?
-
Қазақтың бас ақыны ?
-
Көктемдегі алғашқы гүл?
-
Мамырдан кейінгі ай
-
Бес дұшпанды ата ?
-
Үш арсызды ата ?
-
Қыз баланың ұлттық бас киімі ?
-
Қызға неше үйден тыйым ?
-
Киіз үйдің төбесі не деп аталады?
-
Әкеден балаға берілетін зат ?
-
Балдан тәтті не ?
-
Еліміздің рәміздерін ата ?
-
Торсық деген не ?
-
Еліміздің рәміздерін ата ?
-
Туымыздың түсі қандай ?
-
Қазақтың жаңа жылы ?
-
Сүт тағамдарының 8 түрін ата ?
-
Көзімнің қарасы кімнің өлеңі ?
Ү –бөлімде «Өнерлі өрге жүзер»
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, – деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезект өнерге берейік.
YІ Қорытынды бөлім
Сонымен бүгінгі ата-аналардың қатысуымен өтіп жатырған сайысымыз да аяқтала
келді. Қатысқан ата-аналарға көп – көп рахмет.
Әділқазы алқасына сөз кезегі беріліп, ата-аналарды құттықтап, алғыс хаттармен марапатталды.
Тәрбиеші : Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың
деп, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |