№ 1 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ»
Ұзақтығы: 25-30
минут
Топ/сынып: мектепалды тобы / сынып (5 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: тәрбиеленушілерге
төтенше
қызметтердің телефон нөмірлерін есте сақтауды
және қажет болған жағдайда
дұрыс пайдалануды үйрету.
Негізгі міндеттері:
1. Балаларды «төтенше қызметтер» ұғымымен
және төтенше қызметтердің
телефон нөмірлерімен таныстыру.
2. Қандай жағдайларда төтенше қызметтерге
қоңырау шалу керектігін
түсіндіру.
3. Балаларды төтенше қызмет операторына
ақпаратты дұрыс және анық
жеткізуді үйрету.
Материалдар мен ресурстар:
1. Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы бойынша
мысалдарды көрсетуге
арналған суреттер мен бейнелер.
2. Төтенше қызмет телефон нөмірлері туралы жадынамалары бар үлестірме
материалдар.
3. Рольдік
ойындарға арналған телефондар,
телефон аппараттары немесе
ойыншық телефондар.
Достарыңызбен бөлісу: