Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы



Дата04.07.2016
өлшемі134.73 Kb.
#176329
Дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 сәуiрдегi № 320 қаулысы



      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы шешiм беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты;
      2) «Ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни жораларды өткiзуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келiсу туралы шешiм беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмi:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 573, 574-жолдармен толықтырылсын:

      «


573

Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы шешiм беру

Жеке және заңды тұлғалар

ДIА

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының iшкi саясат басқармалары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының iшкi саясат басқармалары

Қағаз түрiнде (шешiм)

574

Ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни жораларды өткiзуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келiсу туралы шешiм беру

Заңды тұлғалар

ДIА

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының iшкi саясат басқармалары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының iшкi саясат басқармалары

Қағаз түрiнде (келiсiм хат)

                                                                   ».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2013 жылғы 2 сәуiрдегi
№ 320 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни жораларды
өткiзуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келiсу туралы
шешiм беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни жораларды өткiзуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келiсу туралы шешiм беру» мемлекеттiк қызметiн мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi саясат басқармалары (бұдан әрi – басқармалар) көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни жораларды өткiзуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келiсу туралы келiсiмхат (бұдан әрi – келiсiмхат) не облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкiмiнiң мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауабы бар хаты болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      келiсiмхатты не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы хатты алу үшiн – күнтiзбелiк отыз күн;
      2) мемлекеттiк қызметтер көрсетудi алу үшiн құжаттар пакетiн тапсырғысы келетiн мемлекеттiк қызметтi алушының рұқсат берiлген ең ұзақ күту уақыты – 30 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Басқармалардың жұмыс кестесi: 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнде және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Құжаттарды қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет басқармалардың ғимаратында көрсетiледi. Басқармалардың үй-жайларында күту және құжаттарды дайындау залы, күтуге арналған креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер болады. Мүмкiндiгi шектеулi мемлекеттiк қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың көшiрмесi;
      3) салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне өтiнiш берушiнiң меншiк құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, өтiнiш беруiнiң меншiк иесiмен жасалған жылжымайтын мүлiк объектiсiне жалдау шартының нотариалды расталған көшiрмесi. Бұл ретте, ғимараттарды немесе үй-жайларды дiни жораларды өткiзу үшiн пайдалану олардың мақсатты нысанасына сәйкес келуi тиiс;
      4) осы ғимарат немесе үй-жай орналасқан сол әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шекарасының шегiнде әрекет ететiн жергiлiктi қауымдастық жиналысының (жиынының) дiни жораларды өткiзудi келiсуi (маңында тұрғын үйлер болса) туралы шешiмiнiң көшiрмесi;
      5) заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң осы ғимаратта немесе үй-жайда (маңында заңды тұлғаның не дара кәсiпкердiң үй-жайлары болса) дiни жораларды өткiзудi келiсуi туралы хаты.
      Осы тармақтың 4), 5) тармақшаларында көзделген құжаттар өтiнiш бергенге дейiн кемiнде үш ай бұрын көрсетiлген күнмен берiледi.
      12. Өтiнiштердiң үлгiлерi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының стендiлерiнде және интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген басқармаға тапсырылады және тiркеледi.
      14. Басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң тiркеу мөртабаны (кiрiс нөмiрi, күнi) қойылған мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың өткiзiлгенiн растау болып табылады.
      15. Осы стандарттың 5-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесi мемлекеттiк қызметтi алушыға (не сенiмхат бойынша өкiлiне) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайларға жеке өзi келгенде берiледi немесе мемлекеттiк қызметтi алушыға көрсетiлген мекенжайға поштамен жiберiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз мыналар болып табылады:
      1) осы стандарттың 11-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн құжаттардың ұсынылуы;
      2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарда дәйексiз мәлiметтердiң ұсынылуы;
      3) тиiстi аумақта терiс дiни ахуалдың анықталуы;
      4) ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни жораларды өткiзуге арналған үй-жайларға қатысты заңнама талаптарының сақталмауы.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Басқармалар мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұсыну кезiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:


      адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      заңдылықты сақтау;
      көрсетiлетiн қызмет туралы толық ақпарат беру;
      сыпайылық
      құжаттарды сақтауды, ақпаратты қорғау мен оның құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Басқармалардың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Басқармалар қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша жүзеге асырылады.


      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген байланыс деректерi (мекенжайлар мен телефондар) бойынша басқарма басшысының атына жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол берiледi.
      22. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыларға дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда басқармалар қызметкерлерiнiң әрекетiне шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша басқарма басшысының атына жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, ұйымның атауы (заңды тұлғалар үшiн) пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызметтi алушы қол қояды.
      25. Шағымды басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi тiркейдi. Шағым берушi тұлғаға күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, шағымға жауап алу күнi көрсетiлген қолхат берiледi. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң лауазымды адамдары ұсынады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      26. Осы ғимарат немесе үй-жай орналасқан сол әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шекарасының шегiнде әрекет ететiн жергiлiктi қауымдастық жиналысының (жиынының) дiни жораларды өткiзудi келiсуi (маңында тұрғын үйлер болса) туралы шешiмiнiң көшiрмесiн алу туралы ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының стендiлерiнен және интернет-ресурстарынан алуға болады.

«Ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан)


тыс жерлерде дiни жораларды өткiзуге
арналған үй-жайлардың       
орналастырылуын келiсу туралы шешiм
беру» мемлекеттiк         
қызметтер көрсету стандартына   
1-қосымша              

Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн басқармалардың тiзбесi

Р/с


Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмiрлерi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1.

Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесi, 1б, www.uvp.akmol.kz

8 (7162) 25-72-47

Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма.
Жұмыс уақыты: түскi үзiлiспен сағ. 09.00-ден 18.00-ге дейiн.
Демалыс күндерi: сенбi, жексенбi

2.

Ақтөбе облысының iшкi саясат басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40, www.aktobe.gov.kz

8 (7132) 56-26-69, 56-25-26

3.

Алматы облысының iшкi саясат басқармасы

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 38, www.zhetysu-gov.kz

8 (7282) 24-29-90, 27-77-22

4.

Атырау облысының iшкi саясат басқармасы

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77, www.e-atyrau.kz

8 (7122) 354-088, 270-996

5.

Шығыс Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы

070019, Өскемен қаласы, Горький көшесi, 40, akimvko.gov.kz

8 (7232) 26-42-54

6.

Жамбыл облысының iшкi саясат басқармасы

Тараз қаласы, Достық даңғылы 1, www.zhambyl.kz

8 (7262) 43-71-74, 43-71-70

7.

Батыс Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы

Орал қаласы, Молдағалиева көшесi, 215, www.westkaz.kz

8 (7112) 50-02-36

8.

Қарағанды облысының iшкi саясат басқармасы

100012, Қарағанды қаласы, Бейбiтшiлiк гүлзары көшесi, 39, www.karaganda-region.kz

8 (7212) 56-19-80, 42-50-38, 41-08-00, 42-34-40

9.

Қостанай облысының iшкi саясат басқармасы

110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, www.kostanay.gov.kz

8 (7142) 57-54-12

10.

Қызылорда облысының iшкi саясат басқармасы

Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесi, 76, www.e-kyzylorda.gov.kz

8 (7242) 27-73-62

11.

Маңғыстау облысының iшкi саясат басқармасы

Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, 1-үй, www.mangystau.kz

8 (7292) 42-13-00

12.

Павлодар облысының iшкi саясат басқармасы

Павлодар қаласы, Жеңiс даңғылы, 15-үй, www.pavlodar.gov.kz

8 (7182) 32-22-88

13.

Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, www.sko.kz

8 (7152) 36-54-99

14.

Оңтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы

Шымкент қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 3, www.ontustik.gov.kz

8 (7252) 33-97-93

15.

Алматы қаласының iшкi саясат басқармасы

Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 613-каб., www.almaty.kz

8 (727) 271-65-57

16.

Астана қаласының iшкi саясат басқармасы

Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11, www.astana.kz

8 (7172) 71-00-00

«Ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан)
тыс жерлерде дiни жораларды өткiзуге
арналған үй-жайлардың       
орналастырылуын келiсу туралы шешiм
беру» мемлекеттiк         
қызметтер көрсету стандартына   
2-қосымша              

                       ________________________________________ әкiмi


                        (облыс, республикалық маңызы бар қала,
                               астана, тегi, аты-жөнi)

                       өтiнiш берушi


                       ______________________________________________
                       ______________________________________________
                       ______________________________________________
                       (дiни бiрлестiк басшысының тегi, аты, әкесiнiң
                           аты, дiни бiрлестiктiң атауы, пошталық
                                  мекенжайы және телефоны)

                               ӨТIНIШ

      Сiзден ___________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни жораларды
өткiзуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келiсу туралы шешiм
берудi сұраймын.

                                     ________________________________


                                      дiни бiрлестiк басшысының қолы

                                     ________________________________


                                       күнi, дiни бiрлестiктiң мөрi

«Ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан)


тыс жерлерде дiни жораларды өткiзуге
арналған үй-жайлардың       
орналастырылуын келiсу туралы шешiм
беру» мемлекеттiк         
қызметтер көрсету стандартына   
3-қосымша              

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң алдағы жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет