Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі100.63 Kb.
#10565
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 484-IV Заңы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 15 қазандағы № 497-500 (26892); "Казахстанская правда" от 15.10.2011 г., № 330-331 (26721-26722); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 17 (2594), 136-құжат


      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; №  23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне электрондық ақша мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында 375-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:


      «375-бап. Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзу»;

      2) 311-1-баптың бесiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы «партиялар мен дiни ұйымдардың (бiрлестiктердiң)» деген сөздер «партиялардың» деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 374-баптың бесiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы «дiни бiрлестiктердiң,» деген сөздер алып тасталсын;

      4) 375-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «375-бап. Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы
                бұзу

      1. Мыналарға:


      дiни жораларды, рәсiмдердi және (немесе) жиналыстарды өткiзуге;
      қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруға;
      дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы (мақсаттағы) өзге де материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға;
      ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салуға, үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу –
      жеке тұлғаларға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға және дiни бiрлестiктердiң басшыларына – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн үш ай мерзiмге тоқтата тұрып, екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заңды дiни қызметке кедергi жасау, сол сияқты дiнге көзқарасы себебi бойынша жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе олардың дiни сезiмдерiн қорлау не қайсыбiр дiндi ұстанушылар тәу ететiн заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдiру, егер жоғарыда баяндалған барлық iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –
      жеке тұлғаларға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тiркеусiз (қайта тiркеусiз) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруы, сол сияқты миссионерлердiң дiнтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ дiни әдебиеттi, дiни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және дiни мақсаттағы заттарды пайдалануы –
      Қазақстан Республикасының азаматтарына – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Дiни бiрлестiктiң өз жарғысында (ережесiнде) көзделмеген қызметтi жүзеге асыруы –
      лауазымды адамдарға және дiни бiрлестiктердiң басшыларына – екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн үш ай мерзiмге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Дiни бiрлестiктiң саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметiне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуi, мемлекеттiк органдардың қызметiне араласуы не мемлекеттiк органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын дiни бiрлестiктер мүшелерiнiң иемденiп алуы -
      жеке тұлғаларға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, дiни бiрлестiктердiң басшыларына – екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн үш ай мерзiмге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Мемлекеттiк органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, бiлiм беру және денсаулық сақтау ұйымдарында дiни бiрлестiктердiң ұйымдық құрылымдарын құру –
      лауазымды адамдарға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларына екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Уәкiлеттi органның келiсуiнсiз шетелдiк дiни орталық тағайындаған адамның дiни бiрлестiктi басқаруы, сол сияқты дiни бiрлестiк басшысының кәмелетке толмағанның ата-анасының бiреуi немесе оның өзге де заңды өкiлдерi қарсылық бiлдiрген кезде дiни бiрлестiктiң қызметiне кәмелетке толмағандарды тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермейтiн шаралар қолданбауы -
      Қазақстан Республикасының азаматтарына – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Республиканың шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Дiни бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде тыйым салынған қызметтi жүзеге асыруы, сол сияқты дiни бiрлестiктiң өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған бұзушылықтарды белгiленген мерзiмде жоймауы –
      лауазымды адамдарға және дiни бiрлестiктердiң басшыларына – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға олардың қызметiне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi және жетiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) –
      жеке тұлғаларға – екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, дiни бiрлестiктердiң басшыларына – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға олардың қызметiне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      5) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасының елу тоғызыншы абзацындағы «(147-бап) уәкiлеттi лауазымды адамдарының құқығы бар» деген сөздер «(147-бап)» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алпысыншы абзацпен толықтырылсын:


      «дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (374-1, 375-баптар) уәкiлеттi лауазымды адамдарының құқығы бар;»;

      6) 730-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:


      «2) осы Кодекстiң 102-3, 374 (алтыншы бөлiгi), 375 (үшiншi, жетiншi бөлiктерi), 380 (екiншi бөлiгi), 380-2 (екiншi бөлiгi), 394 (төртiншi бөлiгi), 396 (төртiншi бөлiгi) -баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде iшкi iстер органдары орындайды.».

      2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):


      182-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Кәсiптiк мiндеттерiн орындау кезiнде медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң өз дiни нанымдары бойынша қандай да бiр iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) жасауына, сол сияқты олардың жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн дiни жоралар мен рәсiмдердi өткiзуiне (жасауына) жол берiлмейдi.».

      3. «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-баптың оныншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу «Қоғамдық бiрлестiктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;

      2) 11-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:


      «Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартудың қосымша негiздерi «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.».

      4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95- құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат):


      19-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоғамдық бiрлестiктер олардың жарғысы қабылданып, органдары қалыптастырылатын құрылтай жиналысын (съезiн, конференциясын) шақырушы кемiнде он адамнан тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.».

      5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23- құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):


      19-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытты өткiзетiн өзге де ұйымдарында, лагерьлерi мен санаторийлерiнде құдайға құлшылық етудi, дiни жораларды, рәсiмдердi және (немесе) жиналыстарды өткiзуге, сондай-ақ дiни iлiмдердi таратуға бағытталған iс-әрекеттерге жол берiлмейдi.».

      6. «Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53- құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат):


      6-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) дiни қызмет саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктер мен миссионерлердiң қызметiне зерделеу мен талдау жүргiзедi, өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық iс-шараларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты мәселелердi қарайды, Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын бұзатын дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу туралы ұсыныстар енгiзедi;».

      7. «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):


      27-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тиiстi бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысаны бойынша техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм алатын, дiни бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң жоғары оқу орындарында күндiзгi бiлiм алатын азаматтарға оқитынын растайтын құжаттарды ұсынған кезде бiр жоғары оқу орнын бiтiргенге дейiн;»;
      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) дiни дәрежесi бар әскерге шақырылушыларға дiни қызметi кезеңiне;».

      8. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):


      27-бап мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) шет елдерге дiни оқу орындарында оқу үшiн жiберуге байланысты заңды тұлғалардың қызметi.».

      9. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 76-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекет меншiгiндегi және тарих пен мәдениет ескерткiшi болып табылатын ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктерге өтеусiз пайдалануға берген жағдайларда мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.»;

      2) 118-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет