Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары



Дата25.02.2016
өлшемі115 Kb.
#24757


Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2014 жылғы «25» желтоқсандағы

№ 587 бұйрығына

23-қосымша
Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (230.00-нысан)
 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (230.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»


2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 185-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, соттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген жеке тұлғалар жасайды.

2. Декларация декларацияның өзінен (230.00-нысан) және есептелген салық міндеттемесі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (230.01-ден 230.02-ге дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде декларацияға қосымшалар міндетті толтыруға жатады.

6. Көрсетуге жататын деректер болмаған жағдайда декларацияға қосымша жасалмайды.

7. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

8. Сомалардың теріс мәндері тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

9. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз түрінде – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды түрде – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

10. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші қол қояды.

11. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептігінің қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

12. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

 
2. Декларацияны жасау (230.00-нысаны)

 

13. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:



1) ЖСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі (ай, жыл) – декларация берілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі).

Декларацияны табыс ету үшін салық кезеңі салық жылы болып табылады. Егер салық кезеңінің ұзақтығы мынаны құраса:

егер декларация табыс ету бойынша міндеттеме бір күнтізбелік жылдан аз болса, 3А торкөзінде ай саны көрсетіледі.

декларация толық күнтізбелік жыл үшін табыс етілген жағдайда 3А торкөзі толтырылмайды;

3В торкөзінде декларация табыс етілетін «жыл» көрсетіледі;

3) салық төлеушінің Т.А.Ә.

Жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

4) декларация түрі.

Тиісті торкөздер декларацияда Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;

5) хабарламаның нөмірі мен күні.

Бұл жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;

6) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер егер салық төлеуші А, B, C жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді:

А – мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адам және оның жұбайы (зайыбы), оның ішінде сайлау туралы заңнамаға сәйкес декларация табыстау бойынша міндет жүктелген адам және оның жұбайы (зайыбы);

В мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, мемлекеттік қызметші және оның жұбайы (зайыбы);

С – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген жеке тұлғалардың басқа да санаттары, оның ішінде жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы және оның жұбайы (зайыбы), сондай-ақ Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адам және оның жұбайы (зайыбы);



7) жұмыс орны.

Салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның атауы көрсетіледі. 7А торкөзін белгілеген тұлғалар декларация табыс еткен жағдайда салық төлеуші жұмысқа орналасатын ұйымның атауы көрсетіледі;

8) табыс етілген қосымшалар.

Табыс етілген қосымшалардың тиісті торкөздері белгіленеді.

14. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде:

1) «Салық төлеушінің Т.А.Ә.» деген жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) декларацияның тапсырылған күні.

Декларация мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күн көрсетіледі;

3) мемлекеттік кірістер органының коды.

Салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабының 2-тармағына сәйкес декларация табыс етілген күн көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Мемлекеттік кірістер органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.



3. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайы (зайыбы) табыс ететін мәліметтер – 230.01-нысанын жасау

 

15. Осы қосымша мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамдардың, оның ішінде сайлау туралы заңнамаға сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың және олардың жұбайларының (зайыптарының) меншік құқығындағы мүлікті декларациялауына арналған.



16. «Меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік» деген бөлімде декларация табыс етілетін айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік көрсетіледі:

1) 230.01.001 А жолы жылжымайтын мүліктің түрін (тұрғын үй және тұрғынжай емес ғимараттар мен үй-жайлар, оның ішінде пәтер, үй, гараж, саяжай құрылыстары, сондай-ақ кондоминиум орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелері және т.б.) көрсетуге арналған;

230.01.001 В жолы құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы шегінен тыс орналасқан жылжымайтын мүліктің тіркеу нөмірін көрсетуге арналған;

230.01.001 С жолы меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік орналасқан жерді (мекенжайды) көрсетуге арналған.

17. «Меншік құқығындағы жылжымалы мүлік» деген бөлімде егер осы бөлімде өзгеше көзделмесе, декларация табыс етілетін айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша меншік құқығындағы жылжымалы мүлік көрсетіледі:

1) 230.01.002 А жолы меншік құқығындағы көлік құралдарының түрін (жеңіл автомобиль, мотоцикл, жүк машинасы және т.б.) көрсетуге арналған. Бұл жолда әуе және теңiз кемелерi, iшкi жүзу кемесi, «өзен-теңiз» жүзу кемелерi көрсетілмейді;

230.01.002 В жолы құқықты куәландыратын құжаттарға сәйкес көлік құралының мемлекеттік нөмірін көрсетуге арналған;

230.01.002 С жолы құқықты куәландыратын құжаттарға сәйкес көлік құралының VIN-кодын немесе кузов нөмірін көрсетуге арналған;

2) 230.01.003 А жолы жарғылық капиталында декларация толтыратын тұлғаның қатысу үлесі бар заңды тұлғаның атауын көрсетуге арналған;

230.01.003 В жолы А жолында көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетуге арналған;

230.01.003 С жолы А жолында көрсетілген заңды тұлғадағы қатысу үлесінің мөлшерін пайызда көрсетуге арналған;

3) 230.01.004 А жолы декларация тапсырған күні қолда бар қолма-қол ақша валюталарының кодтарын көрсетуге арналған.

Валюта кодтарын толтыру кезінде «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – шешім) бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасын пайдалану қажет;

230.01.004 В жолы декларация тапсырған күні қолда бар қолма-қол ақша сомасын көрсетуге арналған;

4) 230.01.005 А жолы жинақтаушы зейнетақы қорының атауын көрсетуге арналған;

230.01.005 В жолы жинақтаушы зейнетақы қоры берген көшірме жазба негізінде зейнетақы жинағының сомасын көрсетуге арналған;

5) 230.01.006 А жолы банк мекемелерінің, оның ішінде банктік шоттарында, оның ішінде карт-шоттарында декларацияны толтыратын тұлғалардың ақшасы және салымдары орналасқан Қазақстан Республикасынан тыс банк мекемелерінің атауын көрсетуге арналған;

230.01.006 В жолы банк мекемелеріндегі банктік шоттарда, оның ішінде карт-шоттарында орналасқан ақшасының және салымдарының валюта кодтарын көрсетуге арналған;



Валюта кодын толтыру кезінде шешіммен бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасын пайдалану қажет;

230.01.006 С жолы банк мекемелеріндегі банктік шоттарда, оның ішінде карт-шоттарында орналасқан ақшасының және салымдарының сомасын көрсетуге арналған;

6) 230.01.007 А жолы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде меншік құқығындағы бағалы қағаздардың түрлерін көрсетуге арналған;

230.01.007 В жолы бағалы қағаздардың санын көрсетуге арналған;

7) 230.01.008 А жолы 230.01.001-ден 230.01.010-ге дейінгі жолдарда көрсетілмеген декларацияны толтыратын тұлғаларда бар өзге қаржы активтерін көрсетуге арналған;

230.01.008 В жолы 230.01.008 А жолында көрсетілген қаржы активтерінің сомасын көрсетуге арналған.

18. «Cенімгерлікпен басқаруға берілген мүлік, трастар» деген бөлімде декларация табыс етілетін айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша сенімгерлікпен басқаруға берілген мүлік, трастар көрсетіледі:

1) 230.01.009 В жолы сенімгерлікпен басқаруға берілген мүліктің жалпы сатып алу құнын көрсетуге арналған;

А бағанында сенімгерлікпен басқаруға берілген мүлік сипатталады, сондай-ақ егер декларация толтыратын тұлға немесе оның жұбайы (зайыбы) осы трастардың бенефициары болып табылса, тиісті банк шоттарының нөмірлерін көрсете отырып, трастар туралы және олар тіркелген мемлекеттер туралы мәліметтер көрсетіледі;

В бағанында А бағанында көрсетілген мүліктің сатып алу құны көрсетіледі.

19. «Ұйымда ұсталатын немесе уақытша сақталатын 1000 АЕК-тен жоғары мөлшердегі қаражат» деген бөлімде декларация беру айының бірінші күніндегі жағдай бойынша ұйымда ұсталатын немесе жоғары мөлшердегі қаражат көрсетіледі:

1) 230.01.010 С жолы 1000 айлық есептік көрсетіштен жоғары мөлшерде декларация толтыратын тұлғаға немесе оның жұбайына (зайыбына) тиесілі материалдық және қаржы қаражаттарының жалпы сомасын көрсетуге арналған;

А бағанында 1000 айлық есептік көрсетіштен жоғары мөлшерде Декларация толтыратын тұлғаға немесе оның жұбайына (зайыбына) тиесілі материалдық және қаржы қаражаттарын ұстап тұру немесе уақытша сақтау бойынша осы тұлғамен шарттық қатынастары, келісімдері мен міндеттемелері (оның ішінде ауызша) бар заңды тұлға көрсетіледі;

В бағанында А бағанында көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

С бағанында жоғарыда көрсетілген материалдық және қаржы құралдарының тиісті сомалары көрсетіледі.

4. Мемлекеттік лауазымдағы қызметтегі тұлғалар және олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ өзге де санаттағы жеке тұлғалар табыс ететін мәліметтер – 230.02-нысанын жасау
20. Бұл қосымша мемлекеттіқ қызметтегі тұлғалардың және олардың жұбайларының (зайыптарының), сондай-ақ өзге санаттағы жеке тұлғалардың, оның ішінде жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы, және олардың жұбайларының, сондай-ақ Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың есепті салық кезеңінде алған табыстарын және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында болған мүлкін көрсетуге арналған.

21. «Табыс түрлері» деген бөлімде:

1) 230.02.001 жолында салық агенттері берген құжаттар негізінде есепті салық кезеңі үшін есептелген салық салынуы тиіс табыстардың жалпы сомасы анықтамалық түрде көрсетіледі:

230.02.001 I жолы қызметкерге жұмыс беруші есептеген табыстардың сомасын көрсетуге арналған;

230.02.001 II жолы азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша салық агенті жеке тұлғаға есептеген табыстардың сомасын көрсетуге арналған;

2) 230.02.002 жолы төлем көзінен салық салынатын табыстардың жалпы сомасын көрсетуге арналған (төлем көзінен салық салынатын табыс Салық кодексінің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салынуы тиіс есепті салық кезеңі үшін есептелген табыстары мен Салық кодексінің 166-бабында көзделген салық шегерімдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады);

3) 230.02.003 жолы 230.02.003 І, 230.02.003 ІI, 230.02.003 ІIІ және 230.02.003 IV жолдарының сомасы ретінде айқындалатын төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың жалпы сомаларын көрсетуге арналған;

230.02.003 I жолы мүлiктiк табыстың, оның ішінде мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстың және (немесе) Салық кодексінің 180-бабына сәйкес айқындалатын салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға беруден алынған табыстың жалпы сомаларын көрсетуге арналған;

230.02.003 II жолы жеке табыс салығы бойынша декларацияда (220.00-нысан) немесе арнаулы салық режимдері үшін белгіленген салық есептілігінде айқындалған дара кәсіпкер табысының жалпы сомасын көрсетуге арналған;

230.02.003 III жолы жеке табыс салығы бойынша декларацияда (240.00-нысан) айқындалған жеке нотариустардың, жеке сот орындаушылар мен адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысының жалпы сомасын көрсетуге арналған;

230.02.003 IV жолы еңбектенуге көшіп келушілердің табыстарын (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден алынған табыстар; салық агенттері болып табылатын Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шетел мемлекетінің консулдық мекемелерімен жасасқан еңбек шарттары және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған үй қызметкерлерінің табыстары; тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түсетін табыстар; Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасасқан еңбек шарттары және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары; медиаторлардың табыстары) қоспағанда, өзге де табыстардың жалпы сомаларын көрсетуге арналған.

22. «Салықты есептеу» деген бөлімде:

1) 230.02.004 жолы төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша ұсталған салықтың сомасын көрсетуге арналған;

2) 230.02.005 жолы Салық кодексінің 178-бабына сәйкес айқындалатын мүліктік табыс пен өзге де табыстар бойынша есептелген салық сомасын көрсетуге арналған;

230.02.005 І жолы егер жеке табыс салығы бойынша декларацияда (240.00-нысан) көрсетілмеген жағдайда, Салық кодексінің 178-бабына сәйкес айқындалатын мүліктік табыс бойынша есептелген салық сомасын көрсетуге арналған;

230.02.005 ІІ жолы егер жеке табыс салығы бойынша декларацияда (240.00-нысан) көрсетілмеген жағдайда, Салық кодексінің 178-бабына сәйкес айқындалатын өзге де табыстар бойынша есептелген салық сомасын көрсетуге арналған.

23. «Меншік құқығындағы мүлік» деген бөлімде:

1) 230.02.006 А жолы меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің түрін (тұрғын үй және тұрғынжай емес ғимараттар мен үй-жайлар, оның ішінде пәтер, үй, гараж, саяжай құрылыстары, сондай-ақ кондоминиум орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелері және т.б.) көрсетуге арналған;

230.02.006 В жолы құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін немесе шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан жылжымайтын мүліктің тіркеу нөмірін көрсетуге арналған;

230.02.006 С жолы меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің орналасқан жерін (мекенжайын) көрсетуге арналған;

2) 230.02.007 А жолы меншік құқығындағы көлік құралдарының түрін (жеңіл автомобиль, мотоцикл, жүк машинасы және т.б.) көрсетуге арналған. Бұл жолда әуе және теңiз кемелерi, iшкi жүзу кемесi, «өзен-теңiз» жүзу кемелерi көрсетілмейді;

230.02.007 В жолы құқықты куәландыратын құжаттарға сәйкес көлік құралының мемлекеттік нөмірін көрсетуге арналған;



230.02.007 С жолы құқықты куәландыратын құжаттарға сәйкес көлік құралының VIN-кодын немесе кузов нөмірін көрсетуге арналған.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет