Сабақтың тақырыбы: Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Білім беру ұйымының атауы



бет1/23
Дата14.04.2024
өлшемі4.09 Mb.
#498645
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
8 сынып физика ҚМЖ 382 бұйрықпен


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың түзу сызықты таралу заңы.

Білім беру ұйымының атауы

№21 Яссауи атындағы жоббм

Пәні:

физика

Бөлім:

8.4 А Жарық құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Ордабекова А.Б.

Күні:

27.03.2023ж.

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жарықтың түзу сызықты таралу заңы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.5.1.1 – Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Жарықтың түзу сызықты таралу заңын түсіндіру,
жарықтың түзу сызықты таралуына өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру
Көптеген оқушылар істей алады: Көлеңкенің пайда болуын біледі. Кейбір оқушылар істей алады: Күн және Айдың тұтылуын гафик түрінде кескіндеуді үйренеді.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы


10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту
10 минут

Кері байланыс
Сабақтың соңы
10 минут




Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
«Тақырыпты тап?» әдісі
арқылы оқушыларға «жарық көздері», «Айдың тұтылуы», «Көлеңкелердің түрлері» суреттерді ұсынып,сол суреттерге байланысты сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтар сол суреттің қасиетін ашу керек.Сол сұрақтар арқылы сабақ тақырыбы қандай болуы мүмкін екендігін анықтауды ұсынамын және топқа бөлемін.
1-топ «Жарық көздері»
2-топ «Көлеңкелердің түрлері»
3- топ «Айдың тұтылуы»

Тапсырма
- Әр суретке байланысты сұрақтар құрастыр
-Сұрақтарға жауап бер


Жаңа сабақ
Жаңа сабақ
Жаңа сабақты «Стоп кадр» әдісі арқылы бастаймын.Мұндағы бейнеролик арқылы оқушылар өздері құрастырған сұрақтарына жауаптар алады.
Жарық көздері,жарықтың таралу заңына байланысты бейнематериалдарды көрсету арқылы окушылардың тақырыпты ашуына мұмкіндік беру және толықтай игерту.
https://www.youtube.com/watch?v=JItpzIpr_iw
Жарық көздері
Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: табиғи және жасанды жарық көздері.
Табиғи жарық көздері: Күн, жұлдыздар, найзағай, өзінен жарық шығарушы жәндіктер т.б.



Жасанды жарық көздері екіге бөлінеді: жылулық және люминесценцияланатын (салқын жарық көздері).
Жылулық жарық көздері:

Люминесценцияланатын жарық көздері (салқын жарық көздері): күндізгі жарық шамдары, теледидар экраныныӊ жарығы т.б.






Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық. Жарық сәулесі толқын шебіне перпендикуляр жүргізілген және толқын ұйытқуының таралу бағытын көрсетеді.

Жарық шоғы және жарық сәулелері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет