Бекітілді «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы «29» желтоқсандағы №9 хаттама шешімімен бекітілген өзгерістер ескеріле отырып



Дата03.07.2016
өлшемі201.72 Kb.
#175073



«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚазаҚстан компанияСЫ » АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ (Kazakhstan

Electricity Grid Operating Company) «KEGOC»



БЕКІТІЛДІ

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы «29» желтоқсандағы №9 хаттама шешімімен бекітілген өзгерістер ескеріле отырып,

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы «28» қарашадағы №11 хаттамасы

«KEGOC» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНЕ КЕЛГЕН ШАҒЫМДАР МЕН ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ, ҚАРАУ

ҚАҒИДАЛАРЫ



Пр kegoc 00-202-10

___дана


1-басылым
Енгізу датасы 29.12.2010 ж.


Астана

Мазмұны





1 Жалпы қағидаттар

2 Нормативтік сілтемелер

3 Терминдер мен анықтамалар

4 Жауапкершілік пен уәкілеттіктер

5 Шағымдар мен өтініштерді жіберудің негізгі Қағидаларі

6 Шағымдар мен өтініштерді жіберу тәсілдері

7 Келіп түскен шағымдар мен өтініштер жөніндегі ақпаратты сақтау

8 Осы Қағидаларді басқару

1-қосымша Келісім парағы

2-қосымша Таныстыру парағы

3-қосымша Өзгерістерді тіркеу парағы

4-қосымша Дүркін-дүркін тексерулерді есепке алу парағы




3

3

3



4

4

5



6

7

8



9

10

11


Осы Қағидалар «KEGOC» АҚ-тың БМЖ жөніндегі басшылық Өкілінің рұқсатынсыз толық немесе ішінара қайта жаңғыртыла және тарала алмайды.


1 Жалпы Қағидалар
1.1 Осы Қағидалар «KEGOC» АҚ қызметкерлері үшін бухгалтерлік есепті жүргізуге қатысты шығымдар мен өтініштерді беру, алу, қарау және сақтау, бухгалтерлік есепті жүргізуге ішкі бақылау рәсімдерін жүзеге асыру, алаяқтық, аудит жүргізу мен Корпоративтік басқару кодексін сақтау мәселелері (бұдан әрі – шағымдар мен өтініштер), Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамының (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» (одан әрі – «KEGOC» АҚ) ішкі нормативтік құжаттарын сақтау рәсімін белгілейді.

1.2 «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитетіне шағымдар мен өтініштерді алудың, қараудың осы Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының заңнамасына, «KEGOC» АҚ-тың Жарғысына, «KEGOC» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексіне, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі Комитеті туралы Ережеге сәйкес даярланды.

1.3 Осы Қағидаларды «KEGOC» АҚ-тың барлық құрылымдық бөлімшелері, соның ішінде филиалдар, «KEGOC» АҚ-тың Алматы қ.-дағы Өкілдігі және еншілес тәуелді ұйымдар (одан әрі – ЕТҰ) қолданады.

1.4 Осы Қағидалар «KEGOC» АҚ-тың ресми сайтында жариялануға жатады.


2 Нормативтік сілтемелер
Осы қағидаларда сілтемелер мынадай нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға пайдаланылды:

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі Комитеті туралы Ереже;

«KEGOC» АҚ-тың Жарғысы;

«KEGOC» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексі;

СТ KEGOC 00-101-10 Ұйым стандарты. Құжаттаманы басқару.


3 Терминдер мен анықтамалар
Осы қағидаларда «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер мен анықтамалар, соның ішінде келесі терминдер тиісті анықтамалармен қолданылады:

3.1 «KEGOC» АҚ-тың қаржылық (бухгалтерлік) есептемесі мен есепке алу саясаты: «KEGOC» АҚ-тың қаржылық (бухгалтерлік) есептемесі мен есепке алу саясаты, сондай-ақ «KEGOC» АҚ үйлестіретін ЕТҰ-дың қаржылық (бухгалтерлік) есептемесі және есепке алу саясаты;

3.2 Тәуелсіз аудитор: «KEGOC» АҚ-тың қаржылық (бухгалтерлік) есептемесі мен ол үйлестіретін компаниялар қатысында аудит жүргізу және аудиторлық қорытынды беру немесе өзге аудиторлық әрі бейаудиторлық ісметтерді жүзеге асыру мақсатында тартылатын аудиторлық компания.
4 Жауапкершілік пен уәкілеттіктер
4.1 Осы Қағидалар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

4.2 Осы Қағидаларда көрсетілген талаптардың ендірілуіне бақылауды Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – ІАҚ) басшысы жүзеге асырады.

4.3 Осы Қағидалар талаптарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі үшін жауапкершілікке Заң департаментінің директоры ие болады.

4.4 Осы Қағидаларды KEGOC 00-101-10 СТ-на сәйкес басқару үшін жауапкершілікке ІАҚ-тың басшысы ие болады.

4.5 Осы Қағидалардің талаптарын ендіру үшін жауапкершілікке «KEGOC» АҚ барлық құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдар мен ЕТҰ басшылары ие болады.

4.6 Аудит жөніндегі комитет мүшелері, ІАҚ басшысы, Аудит жөніндегі комитет хатшысы (одан әрі – Жауапты тұлға) және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің шешімі бойынша ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалар шағымды немесе өтінішті жіберген тұлға туралы ақпараттың әйгіленуі үшін жауапкершілікке ие болады.


5 Шағымдар мен өтініштерді жіберудің негізгі Қағидаларі
5.1 Осы Қағидалар «KEGOC» АҚ-тың еңбеккерлеріне және басқа тұлғаларға құпиялық негізде шағымдар мен өтініштерді Аудит жөніндегі комитетке, соның ішінде мынадай мәселелер бойынша жіберуді кепілдейді:

- «KEGOC» АҚ-тың акционерлері мен инвесторларына қарсы бағытталған алаяқтық жәйті, соның ішінде «KEGOC» АҚ-тың бағалы қағаздарымен алаяқтық, электрондық пошта мен пошталық жеткізуді пайдалана отырып алаяқтық, банктік операцияларды жүзеге асырған кездегі алаяқтық немесе «KEGOC» АҚ-тың реттеуші органдарға жіберілетін, сондай-ақ инвесторлардың кең ауқымына жаппай ашылатын есептерін қасақана бұрмалаумен байланысты алаяқтық жайттары бойынша;

- Қағидалардың және «KEGOC» АҚ және ЕБҰ үшін сақталуы міндетті болып табылатын реттеуші органдардың басқа да нормативтік актілердің бұзылу, бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері, бухгалтерлік есепті жүргізу үшін ішкі бақылау рәсімдері қатынасындағы, аудит өткізу және Корпоративтік басқару кодексін сақтау мәселелері жәйті бойынша;

- қасақана қателесу және/немесе «KEGOC» АҚ-тың және ЕБҰ-ның қаржылық (бухгалтерлік) есептілігін оны даярлау, тексеру және/немесе аудит үдерісінде бұрмалау жәйті бойынша;

- ішкі бақылау жүйесінде айтарлықтай кемшіліктің болуы, сондай-ақ «KEGOC» АҚ мен ЕБҰ-да ішкі бақылау рәсімдерінің талаптарын қасақана бұзу жәйті бойынша.

5.2 Басқа тұлғалар, соның ішінде «KEGOC» АҚ-тың қызметіне мүдделі акционерлер, инвесторлар, клиенттер, жеткерушілер, серіктестер, мемлекеттік органдар, қаржылық институттар мен жеке және заңды тұлғалар да шағым немесе өтінішті осы Қағидаларге сәйкес жібере алады.

5.3 Шағымды немесе өтінішті жіберген кезде «KEGOC» АҚ еңбеккерлері мыналарды талап ету құқығына ие болады:

- шағымның немесе өтініштің құпиялығын қамтамасыз ету;

- келіп түскен шағымды немесе өтінішті Аудит жөніндегі комитеттің құзыретті және мұқият қарауын қамтамасыз ету.

5.4 Комитет шағым немесе өтінішті осы Қағидаларға сәйкес жіберген қызметкерлерге қарсы «KEGOC» АҚ тарапынан болатын қайсыбір іс-қимылдардан қорғауды қамтамасыз етеді.

5.5 Егер де шағым немесе өтініш басқа тұлғалардан келіп түссе, онда бұл тұлғалар мен «KEGOC» АҚ осы Қағидаларды қолдануға міндеттенеді.
6 Шағымдар мен өтініштерді жіберу тәсілдері
6.1 Осы Қағидалар шағымды немесе өтінішті жіберудің екі тәсілін белгілейді:

- мына мекен-жай бойынша: 010010, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғ., 59, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің хатшысына, «ҚҰПИЯЛЫ» белгісімен пошта арқылы;

- электрондық хатты электрондық поштаның мекен-жайына: svakegoc@yandex.kz. жіберу арқылы.

6.2 Шағымды немесе өтінішті тиімді қарау және тиісті зерттеу жүргізу үшін «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің яки шағымдарды не өтініштерді жіберетін басқа мүдделі тұлғалардың мынадай ақпаратты көрсеткені жөн:

- жеке деректер, соның ішінде өтінген тұлғаның «KEGOC» АҚ қызметкері болып табылатыны туралы ақпарат;

- осы шағымды немесе өтінішті солар бойынша қарауы қажет себептерді көрсете отырып, шағымның не өтініштің мазмұны;

- шағымның немесе өтініштің құпиялығын сақтау қажеттігін не қажеттігінің жоқтығын көрсету.

6.3 Жауапты тұлға мынаған міндетті:

- келіп түскен шағымды немесе өтінішті осы Қағидалардің талаптарына сәйкестігіне үш жұмыс күні ішінде тексеру;

- осы шағым немесе өтініш бойынша дербес 25 жұмыс күні ішінде зерттеу жүргізу, қажет жағдайда ІАҚ басшысымен келісу бойынша зерттеу мерзімі созылуы мүмкін;

- Аудит жөніндегі комитетке жүргізілген зерттеу туралы Есепті мынадай ақпаратты көрсете отырып даярлау:


  • шағым немесе өтініш көшірмесі;

  • осы шағым немесе өтініш қозғайтын жағдаятты толық жете суреттеу;

  • шағым немесе өтініш бойынша зерттеу мәртебесі;

  • зерттеу қорытындылары мен нәтижелері.

- егер бұл қажет және мүмкінділі болса, «KEGOC» АҚ-тың сыртқы тәуелсіз аудиторына келіп түскен шағым не өтініш туралы қысқаша ақпарат.

Қажет жағдайда, ІАҚ басшысымен келісу бойынша Жауапты тұлға ІАҚ-тың басқа еңбеккерлерін, сондай-ақ ЕБҰ ІАҚ-ның еңбеккерлерін немесе егер де келіп түскен шағым не өтініш ЕБҰ-ның қызметіне қатысты жағдайда ЕБҰ-да ІАҚ жоқ кезде бақылау міндеттерін атқаратын органның өкілдерін тексеруге тарту құқысына ие.

6.3.1. Шағым не өтініш бойынша жан-жақты және шынайы тексеруді жүргізу мақсатында жауапты тұлға тексеріс жүргізілетін субъектінің соның ішінде ЕБҰ қызметіне қатысты кез келген ақпаратқа қолжетімді құқығына ие болады.

6.4 Шағым немесе өтініш бойынша зерттеу нәтижелері бойынша Аудит жөніндегі комитет «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі үшін тиісті ұсынымдар әзірлейді және оларды «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінде қарауға бастама жасайды.

6.5 Жауапты тұлға Аудит жөніндегі комитет алдында қайсыбір шағымдар не өтініштер бар шартымен кемінде тоқсанда бір рет мынадай есеп беруі тиіс:

- келіп түскен шағымдар не өтініштер жөнінде және/немесе осы зерттеулер нәтижелері бойынша зерттеулер мәртебесі туралы, сондай-ақ Аудит жөніндегі комитеттің шешім қабылдауы үшін зерттеулер нәтижелері бойынша ұсынымдар туралы;

- осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін келіп түскен шағымдар не өтініштер туралы.
7 Келіп түскен шағымдар мен өтініштер жөніндегі ақпаратты сақтау
7.1 Келіп түскен шағымдар мен өтініштерге байланысты барлық ақпарат, зерттеу нәтижелері және қолданылған шаралар құпиялы ақпарат болып табылады, оған кіру тек Аудит жөніндегі комитет мүшелеріне, ІАҚ басшысына, Жауапты тұлғаға рұқсат етіледі.

Шағым жіберген тұлға туралы ақпараттан басқа материалдарға рұқсат сондай-ақ «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің шешімі бойынша кез келген мүдделі тұлғаларға берілуі мүмкін.

7.2 Зерттеуді жүргізу, зерттеу қорытындылары мен нәтижелері, сондай-ақ Аудит жөніндегі комитетіне есептерді Жауапты тұлға қағаз түрінде ресімдеуі тиіс.

7.3 Жүргізілген зерттеулер нәтижелері, Жауапты тұлғаның Аудит жөніндегі комитетіне есептері осындай ақпаратты заңнама талаптарына сәйкес ашу, реттеуші органдардың сұрау салулары бойынша беру немесе «KEGOC» АҚ-тың қолданыстағы ішкі құжаттарына сай жағдайлардан басқа көпшілікке ашыла алмайды.

7.4 Келіп түскен шағымдар мен өтініштер туралы ақпаратты, зерттеулер нәтижелерін және осы қағидаларға жатқызылатын өзге де ақпаратты Жауапты тұлға кемінде 5 жыл сақтауы тиіс.
8 Осы Қағидаларды басқару
8.1 Осы Қағидаларды басқару KEGOC 00-101-10 СТ-на сәйкес жүзеге асырылады.

8.2 Осы Қағидаларды келісімдеу Басқарма Төрағасымен, «KEGOC» АҚ БМЖ жөніндегі басшылық өкілімен, ІАҚ басшысымен, Заң департаментінің директорымен, Қауіпсіздік қызметінің басшысымен, Корпоративтік департаментінің директорымен бірге, Келісу парағына жазбаны енгізе отырып жүзеге асырылады (1-қосымша).



Әзірлеуші:
Бас аудитор _______________ Жаров А.Н.

(лауазымы) (қолтаңбасы) (аты-жөні)


«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі Комитетіне шағымдар мен өтініштерді алудың, қараудың Қағидаларына

1-қосымша
Ф. СТ KEGOC 00-101-01
Келісім парағы


Лауазымы

Аты-жөні

Дата

Қолтаңбасы

Басқарма төрағасы

Сәтқалиев А.М.







Корпортаивтік басқару жөніндегі вице-президент

Бексары Ж.М.







Заң департаментінің директоры

Әуезова М.Ж.







Корпоративтік даму департаментінің директоры

Ахметов Е.К.







Қауіпсіздік қызметінің басшысы

Әлібеков Е.К.







Ішкі аудит қызметінің басшысы

Есетов Ө.Ө.









«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі Комитетіне шағымдар мен өтініштерді алудың, қараудың Қағидаларына

2-қосымша

Ф. СТ KEGOC 00-101-02



Таныстыру парағы





р/р


Таныстырылатын еңбеккердің аты-жөні

Қолтаңбасы

Таныстыру датасы

Еңбеккерді таныстырған басшының аты-жөні

Қолтаңбасы

1

2

3

4

5

6





























































































































«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі Комитетіне шағымдар мен өтініштерді алудың, қараудың Қағидаларына

3-қосымша

Ф. СТ KEGOC 00-101-03


Өзгертулерді тіркеу парағы

Соның негізінде өзгеріс енгізілген хабарламаның №

Парақтар нөмірлері

Өзгеріс енгізген адамның аты-жөні

Өзгеріс енгізген адамның қолтаңбасы

Өзгерістер енгізу датасы

өзгертілген

алмастырылған

жаңа

жойылған

1

2

3

4

5

6

7

8




















































































































































































































































«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі Комитетіне шағымдар мен өтініштерді алудың, қараудың Қағидаларына

4-қосымша

Ф. СТ KEGOC 00-101-04


Дүркін-дүркін тексерулерді есепке алу парағы





Тексеру датасы

Тексеруді орындаған адамның аты-жөні

Тексеруді орындаған адамның қолтаңбасы

Ескертулер тұжырымдары

















































































































































































































































































































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет