«Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу құқығына аккредиттеу»



Дата25.02.2016
өлшемі65.19 Kb.
#24359
«Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу құқығына аккредиттеу»

Мемлекеттіккөрсетілетінқызметің паспорты





1

Мемлекеттіккөрсетілетінқызметтіңатауы

Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу құқығына аккредиттеу

2

Көрсетілетінқызметтіберуші

ҚазақстанРеспубликасыДенсаулықсақтаужәне әлеуметтік даму министрлігініңМедициналықжәнефармацевтикалыққызметтібақылаукомитеті және оныңаумақтықдепартаменттері

3

Көрсетілетінқызметтіалушы

жекетұлғалар

4

Мемлекеттікқызметтікөрсетунысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Қажеттіқұжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

жоғары кәсiптiк медициналық немесе фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшiрмесi;

еңбек кітапшасының көшірмесі немесе:

медициналық қызметтер және (немесе) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар не медициналық техника айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе денсаулық сақтау ұйымдарында;

медициналық немесе фармацевтикалық білім беру ұйымдарында (ғылыми-педагогикалық құрам);

кәсіптік медициналық (клиникалық практика) және (немесе) фармацевтикалық қызметте кемiнде 7 жыл еңбек өтiлiнiң болуын растайтын өзге құжат;

біліктілігін арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы құжаттардың көшірмелері (клиникалық практиканы жүзеге асыратын мамандар үшін);

медициналық қызметтер және (немесе) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар немесе медициналық техника айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе денсаулық сақтау ұйымдарында немесе медициналық немесе фармацевтикалық білім беру ұйымдарында (ғылыми-педагогикалық құрам) кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар тұлғаларды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлік алуға алғаш рет үміткер тұлғалар соңғы 2 жыл iшiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және бiлiм беру ұйымдарында сараптама жүргiзу мәселелерi бойынша немесе сараптама қызметiнiң негiздерi бойынша жалпы көлемi кемiнде 216 сағат бiлiктiлiгiн арттыруы туралы құжат ұсынады;

медициналық қызметтер және (немесе) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар не медициналық техника айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе денсаулық сақтау ұйымдарында немесе медициналық немесе фармацевтикалық білім беру ұйымдарында (ғылыми-педагогикалық құрам) кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар тұлғаларды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлікті қайта алуға үміткер тұлғалар соңғы 5 жыл iшiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және бiлiм беру ұйымдарында тиісті мамандығы бойынша және (немесе) медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша жалпы көлемi кемiнде 216 сағат бiлiктiлiгiн арттыруы туралы құжат ұсынады;

ғылыми дәрежелерінің, атақтарының болуы туралы құжаттардың көшірмелері (бар болғанда);



2) порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

жоғары кәсiптiк медициналық немесе фармацевтикалық бiлiмi туралы дипломның электрондық көшiрмесi;

еңбек кітапшасының көшірмесі немесе:

медициналық қызметтер және (немесе) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар не медициналық техника айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе денсаулық сақтау ұйымдарында;

медициналық немесе фармацевтикалық білім беру ұйымдарында (ғылыми-педагогикалық құрам);

кәсіптік медициналық (клиникалық практика) және (немесе) фармацевтикалық қызметте кемiнде 7 жыл еңбек өтiлiнiң болуын растайтын басқа құжат;

біліктілігін арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы құжаттардың көшірмелері (клиникалық практиканы жүзеге асыратын мамандар үшін);

медициналық қызметтер және (немесе) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар не медициналық техника айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе денсаулық сақтау ұйымдарында немесе медициналық немесе фармацевтикалық білім беру ұйымдарында (ғылыми-педагогикалық құрам) кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар тұлғаларды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлікті алғаш рет үміткер тұлғалар үшін соңғы 2 жыл iшiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және бiлiм беру ұйымдарында сараптама жүргiзу мәселелерi бойынша немесе сараптама қызметiнiң негiздерi бойынша жалпы көлемi кемiнде 216 сағат бiлiктiлiгiн арттыру қажет;

медициналық қызметтер және (немесе) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар не медициналық техника айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе денсаулық сақтау ұйымдарында немесе медициналық немесе фармацевтикалық білім беру ұйымдарында (ғылыми-педагогикалық құрам) кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар тұлғаларды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлікті қайта алуға үміткер тұлғалар үшін соңғы 5 жыл iшiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және бiлiм беру ұйымдарында тиісті мамандығы бойынша және (немесе) медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша жалпы көлемi кемiнде 216 сағат бiлiктiлiгiн арттыру қажет;

ғылыми дәрежелерінің, атақтарының болуы туралы құжаттардың көшірмелері (олар болса).

Мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылатын, жеке басын куәландыратын құжаттың немесе бірінші не жоғары біліктілік санаттарын беру туралы сертификаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің кесесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады;

портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» тестілеу мен әңгімелесуден өту күні, уақыты және орны көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі (ол құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша тестілеуге және тестілеудің нәтижелері бойынша әңгімелесуге жіберілген жағдайда).




6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны мен төлеу тәсілі

тегін

7

Мемлекеттікқызметтікөрсетумерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.


8

Мемлекеттікқызметтікөрсетунәтижесі

жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу құқығына аккредиттеу туралы куәлік

9

Нормативтік құқықтық актісі

Стандарт – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген;

Регламент - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығымен бекітілген.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет