Жекешелендіру нарықтық экономикаға көшуге бағытталған мемлекеттік меншік объектілерін басқару жүйесінің элементі ретінде
Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің Төрағасы Э.К. Өтепов
Қазақстан өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап мемлекеттің саясаты экономикалық және саяси өмірді жаппай орталықтандыруға негізделген елдің экономикалық жүйесін нарықтық экономиканың негіздеріне жедел жаңғыртуға бағытталған болатын. «Жаңа экономика» қалыптасуының түрлі сатыларында мемлекеттік меншікті жекешелендіруді жүзеге асыру негізін қалаушы процесс болып табылады десек асыра айтқандық емес.
«Қазақ ССР мемлекеттік басқару органдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1990 жылғы 20 желтоқсандағы № 172 Жарлығымен Қазақ ССР Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті, кейіннен 1991 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Меммүліккомитетіне және оның аумақтық органдарына «Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының меншігі мәселелеріндегі мемлекеттің мүдделерін білдіру тапсырылған.
Қазақстанда 1995 жылдың 1 наурызына дейiн меншiктi басқару және мемлекет иелiгiнен алу функцияларын да оны жекешелендiрудi де жүзеге асыратын жалғыз орган болды. Бұл дамудың алғашқы кезеңдерінде мемлекеттік меншікті қайта құрудың жалғыз қағидасын орнатуға және сақтауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасында қайта құру және мемлекеттік меншікті жекешелендіру процестері төрт негізгі кезеңнен өтті.
Бірінші кезең (1991-1992 жылдар). «Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы» Заңның негізінде 1991 - 1992 жылдарға арналған Қазақ КСР-інде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші бағдарламасы әзірленген болатын. бұл екі құжат мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің құқықтық негіздерін, қағидасы мен рәсімдерін айқындады.
Қабылданған жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiруге тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігіндегі объектілерден басқа, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық салаларында мемлекеттік меншік объектілері жатқызылды.
Жекешелендіруге қатысу үшін тең бастапқы алғы шарттар құру мақсатында жекешелендіру купондары пайдаланылды, олар мемлекеттік мүліктің бір бөлігін сатып алу үшін төлем құралдары болып табылды. Купондар Жинақтаушы банкте (Қазақстан Халық Жинақтаушы банкі) шоттар түрінде есептелді, бұл аталған процесте Халық банкінің барлық жүйесін, оның филиалдарын қоса алғанда жаңғыртуға мүмкіндік берді және Қазақстандағы банк жүйесін жаңғырту қарқынын жасады.
Бірінші кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатта болды. Арендалық және ұжымдық кәсіпорындар құрылды. Алайда, мемлекеттік органдар объектіні жекешелендіру туралы шешімді жекешелендіруге кәсіпорын ұжымының тиісті өтінімінен кейін ғана қабылдады. Кәсіпорынды мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру нысандарын таңдау еңбек ұжымының өзіне берілді. Кәсіпорындарды мемлекет иелiгiнен алу аукциондарда да, конкурстарда да, акционерлеу және жекешелендірілетін кәсіпорынның теңгеріміндегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды еңбек ұжымына өтеусіз беру арқылы да жүргізілді.
Біррінші кезең барысында барлығы 4771 объекті жекешелендірілді, оның ішінде 472 совхоз ұжымдық меншікке берілді.
Жекешелендірудің бірінші кезеңінің тәжірибесі мемлекеттік меншікті қайта құру құралдарының шектеулілігін, мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендірудің кең ауқымды бағдарламаларының қажеттігін көрсетті.
Екінші кезең (1993-1995 жылдар) 1993 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы» қабылданған болатын.
Бастамашылық жекешелендіру қағидаттары заңнамадан алынып тастылды, арендалық және ұжымдық кәсіпорындар құру жөніндегі заңнамалық актілер күшін жойды. Бұл кезеңнің басты қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің бірыңғай жүйесін енгізу болды.
Осы кезеңде жергілікті әкімшіліктерге бағынатын басқару және жекешелендіру органдары таратылған болатын. Бұл жұмыс облыстарда Меммүліккомитетінің аумақтық органдарымен ғана жүзеге асырылды. Аумақтық органдардың төрағалары облыс әкімдерінің (әкімшілік басшыларының) орынбасарлары мәртебесін алды. Бұл шаралар қысқа мерзімдерде және бірыңғай сценарий бойынша мемлекеттік меншікті жекешелендіру жүргізуге мүмкіндік берді.
Екінші кезеңде еңбек ұжымдарына жекелеген жеңілдіктер сақталды. Егер аукционға немесе конкурсқа сатылатын объектінің 50 %-дан астам жұмысшылары біріктірілетін шаруашылық серіктестік қатысса, оларға сату бағасынан 10 % жеңілдік ұсынылды.
Шағын жекешелендіру аукциондар мен конкурстар нысанында жүргізілді.
Бұл кезеңнің басты сипаты бұрынғы кеңестік сауда жүйесінің барлық көтерме буындарын қайта құру болатын. Оны бұрынғы қалпында сақтау тасымалдаудың барлық құрылымын қоса алғанда, бөлшек сауда саласындағы шағын бизнесті дамыту үшін негізгі тежеу болды. Көтерме-бөлшек, сауда және автокөліктік бірлестіктер шағын жекешелендіруді жүргізердің алдында бірнеше дербес заңды тұлғалар құру мақсатында бөлшектелген. Біртұтас кешен ретінде көтерме және бөлшек буындарды жекешелендіруге жол берілген жоқ. Шағын жекешелендіру аукциондарында сатып алынатын мемлекекеттік мүліктің төлемі 50 % ақшалай қаражатпен және 50 % тұрғын үй купондарымен жүргізілді. Жинақтаушы (Халық) банктің бөлімшелері арқылы тұрғын үй купондарын еркін сатып алу-сату енгізілді.
Үкіметтің бастамасы бойынша мемлекеттік кәсіпорындарды акционирлеу басталды, ол жаппай жекешелендірудің және жеке жобалар бойынша жекешелендірудің басы болды.
Жекешелендірілетін кәсіпорынның еңбек ұжымдарында жарғылық капиталдың шамасынан 10 %-ға дейін артықшылықты акцияларды өтеусiз алу құқығын алу туралы норма заңнамалық бекітілді.
Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттері уақытша сату сәтіне дейін жаңадан құрылған мемлекеттік холдингтік компанияларға басқаруға берілді.
Бұл кезеңде Қазақстанның құнды қағаздар нарығы қалыптастырылды. Институционалдық инвесторлар жүйесі сияқты инвестициялық жекешелендіру қорлары (ИЖҚ) құрылды. Халыққа жекешелендіру купондарының жаң түрі – жекешелендіру инвестициялық купондары (ЖИК) берілді, олар Жинақтаушы (Халық) банктегі жеке шоттарда сақталды.
Жаппай жекешелендіруге 11 миллионнан астам адам қатысты, яғни республика халқының 67 %. Купондық жекешелендіру кезінде 1707 акционерлік қоғамның 172,53 миллион акциясы шығарылды. Купондық сауда-сатыққа шығарылған акционерлік қоғамдардың барлығының 1529 АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттері толығымен сатылды, ал бұл аукционға қойылғандардың 89,6 %-ы.
Ерекше әлеуметтік маңызы бар өнімдер шығаратын ірі объектілер мен кәсіпорындардың жекелеген жобалары бойынша жекешелендіру жүргізілді. Жекелеген жобалар бойынша сату:
-
белгiлi бiр инвесторға келiсiлген шарттар негiзiнде сату;
-
аукциондар немесе конкурстар арқылы өткiзу;
басқаруға келісім-шарт жасасу;
-
акцияларды ашық түрде сату арқылы жүзеге асырылды.
1994 жылдан бастап ірі акционерлік компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакеттері берілген кәсіпорынның одан әрі дамуымен және жұмыс істеуімен байланысты белгілі міндеттемелермен сенімгерлік басқаруға берілді.
Агроөнеркәсіптік кешенде мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру кәсіпорындардың ерекшелегін ескерумен жүргізілді.
Ауылшаруашылығы кәсіпорны мүлкінің құны сату кезінде 75 %-ға дейін жекешелендіру тұрғын үй купондарымен төленді. Мүлікті сату конкурстарда немесе аукциондарда жүзеге асырылды.
1993 жылдан бастап 1995 жыл аралығында республикада 1490 мемлекеттік ауылшаруашылығы кәсіпорны жекешелендірілді, яғни агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік кәсіпорындарының жалпы санынан 70,2%.
Аталған кезеңде жалпы 6037 мемлекеттік объекті, сондай-ақ 385 АҚ мен ЖШС акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері жекешелендірілді, мемлекет табысына 9 476 676 мың теңге түсті.
Жекешелендірудің кең ауқымын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті қайта ұйымдастырылды. 1995 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті және Қазақстан Республикасының Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын.
1995 жылдың желтоқсанында «Жекешелендіру туралы» заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданған болатын. Заңмен мемлекеттік мүлікті жекешелендіру тәртібі жетілдірілген болатын, жекешелендірудің жаңа түрлері көзделді, мүлікті сенімгерлік басқару арқылы жекешелендірудің алдын ала сатылары, сондай-ақ мүліктік жалдау мен өзгеріп отыратын экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес жекешелендіру процесін реттеуге бағытталған өзге де ережелер енгізілді.
Үшінші кезең (1996-1998 жылдар). 1996 жылы ақпанда Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiктi
жекешелендiрудiң және оның құрылымын өзгертудiң
1996-1998 жылдарға арналған үшінші бағдарламасы бекітілді, оның негізгі мақсаты, Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншiк сектордың басым болуына қол жеткiзу және орнықтыру, жекешелендiру процесiн аяқтау болып табылады.
Қызметтің негізгі бағыты мемлекеттік меншікте қалған объектілерді қайта құрылымдау болып табылады.
Аталған кезеңде мемлекеттік меншікті кез келген жекешелендіру тек ақшалай қаражатпен жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңнің ерекшелігі мұнай-газ және көліктік-коммуникациялық кешендер, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спорт кәсіпорындарын жекешелендіру процесін белсендіруді көздейтін жекешелендіру мен қайты құрылымдаудың секторлық бағдарламаларына кқші болды. Көрсетілген салалардың әрқайсысы бойынша объектілік жекешелендіру бойынша арнайы бағдарлама әзірленген болатын. жекешелендіру білікті консультанттарды тарта отырып Республиканың мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескерумен жеке жобалар бойынша жүзеге асырылды.
Бұл кезеңде Үкіметтің назары бюджеттің кіріс бөлігін толықтырудың негізгі көздері ретінде ірі кәсіпорындарды жекешелендіруге шоғырланған болатын. жекешелендірудің жаңа әдістері - стартегиялық инвесторларды тарта отырып бәсекелестік тендерлерді өткізу енгізілді.
Жасалған келісім-шарттарға сәйкес басқаруға берілген 66 кәсіпорынның ішінен 26-ы одан әрі басқарушы компанияларға сатылған болатын.
Үкімет экономиканың стратегиялық салалары объектілерін жекешелендіруге бастамашылық жасады. Осылайша, 1997 жылы мұнай-газ саласында «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ акцияларының мемлекеттік пакетінің 60%-на және «Ақтөбемұнайгаз» ААҚ акцияларының мемлекеттік пакетінің 60%-на сатып алу-сату шарттарына қол қойылған болатын. Ашық инвестициялық тендерлердің жеңімпаздары сәйкесінше «Централ Азия Петролеум» индонезиялық компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы болды, олар 4 миллиард АҚШ доллары бойынша кәсіпорындардың негізгі өндірісін инвестиялау міндеттемесін өздеріне алды.
1997 жылы ғана секторлық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде әлеуметтік саланың 1946 объектісі, оның ішінде жекешелендіруге берілуге жататын денсаулық сақтау объектісі - 67,7%, 57,7%- білім беру, 49,8%-мәдениет, 66,7% - туризм және спорт объектісі.
1998 жылдың соңына дейін 2615 акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестік жекешелендірілген болатын, ол құрылатын акцияонерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің жалпы санынан 51,8 %-ды құрады. Бұдан басқа, әлеуметтік саланың 2905 объектісі жекешелендірілді.
Қарастырылып отырған кезең ішінде жеке жобалар бойынша 93 кәсіпорын жекешелендірілді, ол барлық өндірістік қуаттың 80%-ын құрады және экономика салаларының бөлінісінде мынадай түрде көрінеді. Мұнай-газ саласындағы жеке жобалар бойынша 2,3 металлургиялық, тау-кен және машина жасау кешенінде – 41, энергетикада – 19, экономиканың басқа салаларында – 10 сатылды.
56 кәсіпорын шетелдік инвесторларға сатылды. Еліміздің жақсы инвестициялық климатпен құрылған имиджі Қазақстанға АҚШ-тан, Англиядан, Кореядан, Швейцариядан, Бельгиядан, Гибралтардан, Индонезиядан, Канададан, Германиядан, ҚХР-дан, Россиядан инвесторларды тартты.
Шетелдік капиталдың жекешелендіру процесіне қатысуы, отандық кәсіпорындарды басқаруда шетелдік тәжірибені пайдалану, алдыңғы қатарлы технологияларды игеру тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша стратегияның дұрыстығын растады.
Жекешелендірудің алғашқы үш кезеңінде нарықтық қатынастырдың белсенді дамуы сипатталады. Жекешелендірудің шынайы міндеті бұрын жұмыс істеген кәсіпорындар мен активтерді жеке меншікке жай ғана беру емес, оларды жаңа өндірістермен және жаңа активтермен біртіндеп ауыстыру болды. Қазақстандағы бұқаралық жекешелендіру корпоративтік сектордың пайда болуына, корпоративтік бақылау мен басқарудың ұлттық моделінің дамуына ықпал етті.
Төртінші кезең (1999 жылдан бастап осы уақытта дейін) Мемлекеттік меншікті басқару және билік ету мәселелерінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктер бөлуге жаңа тәсілдер сипатталады. Аталған кезеңнің өзекті сәті мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық меншікке бөлу болып табылды.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды бекіту, өңірлердің қаржылық және экономикалық дербестігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне коммуналдық меншік объектілеріне қатысты шешім қабылдау және жекешелендіруді жүзеге асыру құқығын беру болып табылады. 1999 жылы 953 акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктің акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері коммуналдық меншікке берілді.
Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар санын оңтайландыру басталды. Олар бұл құқықтық нысанды ұйымдастырмау мүмкін болмаған жерлерде ғана сақталды.
2000 жылдан бастап мемлекеттік мүлікке қатысты мемлекеттік саясат мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыруға негізделді.
Осылайша, 2000 жылы ҚР Үкіметі Мемлекеттік мүлікті басқару тұжырымдамасын мақұлдады, ол мынадай жаңа міндеттерді білдіреді:
-
мемлекеттік меншіктің барлық объектілеріне толық түгендеу жүргізу;
-
қолданыстағы заңнамаға сәйкес меншік құқығын ресімдеу;
-
басқару объектілерінің санын оңтайландыру;
-
мемлекеттік басқару мақсаттарын айқындау;
-
мемлекеттің заңды тұлғалардың акционері (қатысушысы) ретіндегі құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
-
мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану есебінен республикалық және жергілікті бюджеттерге қосамша табыстардың түсуі.
Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Мемлекеттік мүлікті басқару мен жекешелендіру тиімділігін арттырудың 2001-2002, 2003-2005 және 2006-2008 жылдарға арналған үш салалық бағдарламасы қабылданған болатын.
Ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын арттыру және активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығымен «Самұрық» мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi» акционерлiк қоғамы құрылды. Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында, ұлттық қауіпсіздігінде қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттері, атап айтқанда «Қазақтелеком» мен «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания», «Қазақстан темір жолы» ҰК», «Казпочта», «ҚазМұнайГаз» ҰК», сондай-ақ 17 ірі акционерлік қоғамның акцияларының мемлекеттік пакеттері қоғамның орналастырылған акцияларын төлеуге берілген болатын. Самұрық озық әлемдік практикаларға қол жеткізген компанияларды біріктіретін, шикізаттық емес компаниялардың дамуына жетекші катализатор әрі ел экономикасының тұрақты жұмыс істеуіне негізгі қолдау болып табылатын стратегиялық холдинг болады деп танылды.
Самұрықтың меншігінде экономиканың стратегиялық маңызды салаларында қызметін жүзеге асыратын және оның құнын ұлғайтуды қамтамасыз ететін компаниялардың шоғырлануы тиіс екендігін есепке ала отырып, қайта құрылымдау бойынша меншікті бағдарламалар шеңберінде бірқатар бейінді емес активтер сатылған болатын.
Осылайша, 2007 жылдың соңында Самұрықтың құрамына кірген компаниялардың ішінен «Қазақтелеком» АҚ (1 актив); «Казпочта» АҚ (11 активов), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (14 объекті); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (47 ұйымның 100% акцияларының пакеті (қатысу үлесі) және 10 филиалының кір жуу комбинаттарының мүлкі); «ҚазМұнайГаз» АҚ (11 ұйымының 100% акциялардың пакеті (қатысу үлесі) және 4 объекті) шығарылған болатын.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығымен мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды тиімді корпоративтік басқару жолымен экономиканың барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру мақсатында «Қазына» тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамы құрылды. Акционерлік қоғамға «Қазақстан даму қоры», «Ұлттық инновациялық», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы», «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамдарының-даму институттарының акцияларының мемлекеттік пакеттері, «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» ЖШС-дағы мемүлес берілді. ҚР Үкіметі қабылдаған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2008, 2009-2010 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландырудың барлық ішкі көздерін жұмылдыруда мемлекеттің рөлін күшейту шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығымен «Самұрық» мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi» АҚ мен «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-ны біріктіру жолымен Қазақстанның мемлекеттік активтерінің түгелге жуық активтерін біріктірген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылды. Бұл ретте, Қор 2010 жылдан бастап еншілес ұйымдармен бірлесіп, Қордың еншілес ұйымдары активтерінің құрылымын оңтайландыру жөнінде, сондай-ақ олардың құрылымдарынан бейінді емес активтер мен объектілерді босату бойынша белсенді жұмыс жүргізе бастады. Сонымен, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша нақты шығарылған 482 актив пен объектінің ішінен: 405 сатылды, оның ішінде 11-і актив және 394-сі объекті, олардың ішінде 79 - 2012 жылға дейін, 326 – 2013 жыл ішінде; - 55 орталық және жергілікті атқарушы органдарға берілді; - 16 актив таратылды;
- 3 актив қосу жолымен қайта ұйымдастырылды;
- 3 объекті моральдық және физикалық тозуына байланысты есептен шығарылды.
«Қазақстан-2050 стратегиясында» қойылған мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік-бағдарлау міндеттерін шешу және мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономиканың басым секторларын қаржыландыру мен қолдау көрсету, сондай-ақ даму институттарын басқару жүйесін оңтайландыру үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
акционерлік қоғамы құрылды. Қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге Холдингке даму институттарының акциялары берілді, олардың ішінен 5-еуі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның меншігінде болған.
Қарастырылып отырған кезеңде мемлекеттік меншіктің жүргізілген қайта құрылымдаулардың қорытындыларын шығара келе, сондай-ақ Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде алдағы реформалауды ескере келе мемлекеттік меншікте мемлекеттік функцияларды және жеке сектордың субъектілері арасындағы бәсекелестіктің болмауы кезінде көрсетілетін қоғамдық маңызы бар қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар қалады.
Бұдан басқа, мемлекеттің бақылауында ұлттық холдингтердің атынан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында қызметін жүзеге асыратын және мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға қатысатын квазимемлекеттік сетор субъектілері сақталатын болады. Мемлекеттік меншіктегі қалған барлық объектілер мемлекеттік-жеке серіктестіктің түрлі тетіктерін пайдалана отырып, бәсекелестік ортаға берілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |