«Желтоқсанның алауы- Тәуелсіздік жалауы!»
Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған әдеби кеш.
Құрастырушы
ҚӘБ кітапханашы
Абильдинова Ж. К.
1 – жүргізуші: Армысыздар, Отандастар!
2 – жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты оқырмандар!
1 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.
/Әнұран орындалады/
2 – жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған «Желтоқсанның алауы- Тәуелсіздік жалауы!» атты әдеби-сазды кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
1 – жүргізуші:
Ия, бүгін үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл толып отыр. Халқымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманына жеткен тәрізді. Халықтың тыныс-тіршілігін тарих таразысына салып, ұлы көш алға басып барады.
2 – жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақтан бет алды мәңгілікке!
1 – жүргізуші:
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
2 – жүргізуші:
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
1 – жүргізуші:
Ал енді тарих беттерін парақтап шолу жасайық.
2 – жүргізуші:
XIV – XV ғасырда дүниеге елді билейтін хандар келді. Ең алғаш ел басқарған қазақ хандары халықтың негізін салушы Жәнібек пен Керей болса, бұл хандықтың одан әрі күшейте түскен Әбілхайыр хан, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хандар.
1 – жүргізуші:
Нысанбай ақынның «Кенесары - Наурызбай» дастанынан үзіндісісі
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Көп томдық .- Астана: «Астана полиграфия», Т.17 .- 2010.- 36 бетте.
1 – Оқушы: «Кенесары - Наурызбай» ....
2 – жүргізуші:
Әрі Батыр, әрі ақылды үш жүздің басын қосқан қазақ елінің тұтастығын сақтауға бар күшін, жігерін салған Аблай хан, мектеп ашып елді ағартушылыққа тартқан Жәңгір ханарды атап айта аламыз.
1 – жүргізуші:
«Аблай мен Олжабай» тарихи жырдан үзіндісісі
«Аблай мен Олжабай» // Бабалар сөзі: Жүзтомдық .- Астана: «Фолиант», 2010.- Т. 57 .- 307 бетте.
2 – Оқушы: «Аблай мен Олжабай»....
2 – жүргізуші:
Сол кезеңдерде хандарға ақыл-кеңес беріп, ел билеп атағы шыққан, шешендік сөздің шеберлері Әйтеке би, Қазыбек би, Төле билер елді аузына қаратқан.
1 – жүргізуші:
«Төле бидің тарихы» тарихи жырлардан үзіндісісі
«Төле бидің тарихы» // Бабалар сөзі: Жүзтомдық .- Астана: «Фолиант», 2010.- Т. 57 .- 9 бетте.
3 – Оқушы: «Төле бидің тарихы»....
2 – жүргізуші:
Қазақ халқы небір қиындықтарды басынан өткерген. Жоңғарлар шапқыншылық жасап, халық «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» атты апатқа тап болды. Дәл осы уақытта «Елім - ай» әні дүниеге келді.
/«Елім - ай» әні орындалады/
1 – жүргізуші:
Мұндай қиындықтардан өту үшін ел қорғаған батырлар шығып, елге қол ұшын бердң. Елім деп еңіреген Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай батырларды мәңгі есімізге сақтаймыз.
2 – жүргізуші:
Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» тарихи роман-дилогиясынан үзіндісін оқитын 4 – Оқушы: Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз»....
1 – жүргізуші:
1920 жылы 4 қазанда Қазақ Автономиялық Республикас болып құрылды.
2 – жүргізуші:
1937-1938 жылдары елімізде ұлт болашағы үшін шындықты басып айтып, әділдік ұшін күрескен, қазақтың намысын жыртқан біртуар азаматтарын қуғынға ұшыратқан. Азаттық, тендік жолында өз өмірін қиған С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатовтардың ерліктері мәнгі өшпейді.
5 – Оқушы:
1 – жүргізуші:
1941-1945 жылдар аралығында соғысы болды. Осы соғыста қазақ халқы да жері үшін аянбай шайқасқан. Қазақстандық ержүрек қыздар Әлия Молдағұлова, Мәнүк Мәметова, батыр ағаларымыз М. Ғабдуллин, Т. Бигельдинов, Т. Тоқтаров, Б. Момышұлы, Р. Қошқарбаев сынды батаырлар мәнгі есімізде.
2 – жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы Республика халқын дүр сілкіндірді. Әсіресе, қала жастары қатты толқыды. Жастар талабына билік өкілдері көкейкесті мәселеге қатысты жауап берудің орнына күшпен таратпақшы, баспақшы болды. Жастардың наразылықтарын ешкім елемей, алаңға асығыс әскер әкеліп, оқиғаны ұйымдастырған қылмысты топтар, ұлтшыл ұйымдар ісі деп жариялап, нашақорлар, маскүнемдер деп айыптап жатты.
Мұны халыққа Д. Қонаевқа жанындағы қылмысты топтар ұйымдастрған басбұзарлық, тәртіпсіздік деп әр түрлі лақаптар таратты. Шындықты жазған газеттерді, адамдарды барынша қатаң сөгіспен жұмыстан шығарды. Сөйтіп, бұл оқиғаның ақ-қарасы 4 жылдан соң дәлелделенді.
1 – жүргізуші:
7 – Оқушы: Мұхтар Шаханов
Айналайын алтын әнім жас өркені халқымның,
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайраты, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның әділетсіз соқтығынан құладың,
Өсер елдің қай сәттеде бірлік болмақ қалауы!
Лаула, лаула желтоқсанның мұзды жаққан алауы!
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалау!
2 – жүргізуші:
Қар үстінде қызыл қан, қара бұрым,
Халық та көп көшеде, қара құрым.
Жас арулар келеді мығым басып,
Қорқу, үрку бойынан қашқақтаған.
1 – жүргізуші:
Үміт оты жүректе лапылдаған,
Алай-д.лей күдік те тақымдаған.
Қыз денесін жауратып, жаулап алды,
Желтоқсанның аязы сақылдаған.
/Ә.Тінәлі «Желтоқсан желі» әні орындалады/
2 – жүргізуші:
Адамзат тарихында Тәуелсіздік атты ұғымнанасқан арман да, мақсат та, мұрат та жоқ екені баршамызға мәлім. Сондықтан шығар Тәуелсіздік атты киелі деқасиетті, тендесі жоқ ұлық мерекенің орны тіптен алабөтен айрықша, алабөтен ыстық алабөтен қастерлі.
1 – жүргізуші:
Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылдардағы енбектеріне сүйенумен ғана шектелеміз.Өйткені, бүкілхалықтық мұрат-мүдделерідің баянды жеңістері мен жетістіктер еліміз Тәуелсіздігімен, тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.
2 – жүргізуші:
Тәуелсіздік декларациясының қабылдануын, Тәуелсіздіктің жариялануын, мемлекеттік рәміздерің, Конституциямыздың қабылдануын, сондайақ, экономикалық тәуелсіздігіміздің басты көрсеткіші әрі күші – ұлттық теңгеміздің айналысқа шығуын айтпау мүмкін емес.
Ұлттық қордың құрылуы жаңа Астана қаласының салынуы, мемлекетарлық шекарамыздың занды түрде айқындалып,нақты құжатталынуын тілге тиек етсек артық емес.
1 – жүргізуші:
1997 жыл «Ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»;
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»;
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы»;
2002-2005 «Ауыл жылдары»;
2003 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасынын бастауында «Отырар кітапханасы» сериясы бойынша шыққан кітаптар, «Бабалар сөзі», «Әлем әдебиеті кітапханасы» т.б.......
2 – жүргізуші:
Жараттқаннын қалаумен.
«....біздің батылдығымызға, жігерімізге қайран қалары анық.. Өйткені, бүгінгі күні біз жасаған дүниені рухы күшті жандар ғана жасай алатын еді» - дейтін тұнғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың сындарлы байламының тамыры – біздің киелі қасиетті Тәуелсіздігімізде жатыр деп білеміз.
1 – жүргізуші:
Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы.
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,
Күмбез көкте желбіреді көк байрвғы.
2 – жүргізуші:
Осы күні сіздерді,
Шын жүректен құттықтаймыз!
Азат елдің білікті, білімді.
Жігерлі азаматы болындар!
/Б.Тілеухан «Елім менің» әні орындалады/
1 – жүргізуші: Амангельды Қаз Фил - 401
2 – жүргізуші: Имашхан Акерке - Қаз Фил - 201
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Жұмабек, С. Тандамалы
-
Кандракулова Б. Ел тарихы Тәуелсіздік шежіресі //Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте.- 2012.-№ 5.-39-41 б.
-
Мұқашева Ф. Желтоқсанның алауы – Тәуелсіздік жалауы // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика .- 2007 .-№ 6.- 76-77 б.
-
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Көп томдық .- Астана: «Астана полиграфия», Т.17 .- 2010.- 36 бетте.
-
Аблай мен Олжабай // Бабалар сөзі: Жүзтомдық .- Астана: Фолиант, 2010.- Т. 57 .- 307 бетте.
-
Төле бидің тарихы // Бабалар сөзі: Жүзтомдық .- Астана: Фолиант, 2010.- Т. 57 .- 9 бетте.
-
Жұмаділов, Қабдеш. Дарабоз: тарихи роман-дилогиясы .-
Достарыңызбен бөлісу: |