Және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы



Дата11.07.2016
өлшемі40 Kb.
#190680



ЖОБА

Ақтөбе облысының Ырғыз,

Торғай ірі өзендері мен оның

салаларына және (Тобыл-Торғай

бассейнінің) негізгі көлдерінің

су қорғау аймақтары мен белдеулерін

және оларды шаруашылықта

пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 27-бабына сәйкес Ырғыз, Торғай ірі өзендері мен оның салаларына және (Тобыл-Торғай бассейнінің) негізгі көлдерінің ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болдырмау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Белгіленсін:

Ырғыз, Торғай ірі өзендері мен оның салаларына және (Тобыл-Торғай бассейнінің) негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ені бекітілген жобаның негізінде;

Ырғыз, Торғай ірі өзендері мен оның салаларына және (Тобыл-Торғай бассейнінің) негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі осы қаулының қосымшана сәйкес.

2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген жобалық құжаттаманы Ырғыз, Торғай ірі өзендері мен оның салаларына және (Тобыл-Торғай бассейнінің) негізгі көлдерінің ластануына, қоқысталуына және сарқылуына жол бермеу және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу үшін Хромтау, Әйтекеби және Ырғыз аудандарының әкімдеріне тапсырсын.

3. Ырғыз, Торғай ірі өзендері мен оның салаларына және (Тобыл-Торғай бассейнінің) негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде орналасқан жер алқаптары бар Хромтау, Әйтекеби және Ырғыз әкімдеріне, кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшылары олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан:

бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізуге;

олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтығын қамтамасыз етуге ұсыныс жасалсын.

4. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5.дОсы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.

6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Облыс әкімдігінің

2014 жылғы ___________

№ ______қаулысына қосымша




Ырғыз, Торғай ірі өзендері мен оның салаларына және (Тобыл-Торғай бассейнінің) негізгі көлдерінің су қорғауаймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі
1.Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:

    авиациялық – химиялық жұмыстарды жүргізуге;

    зиянкестермен күреске қарсы, және өсімдіктер мен арамшөптердің ауруына қарсы күрес үшін қолданатын химиялық заттарды;

    топырақты тыңайтуға арналған көңді суағарларды қолдануға;

    улы химикаттар қоймасын, минералды тыңайтқыштар мен жанғыш – майлайтын материалдарды сақтайтын қоймаларды орналастыруға; аппаратураларға улы химикаттарды құюға арналған алаңдар орнатуға; мал шаруашылығы кешендері мен фермаларды орнатуға, өндірістік, тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдықтарын, зираттар мен өлген малдарды жинау және көмуге; ағынды суларды жинайтын орындарға.

    көң мен қоқысты жинақтауға;

    техникалық қызмет көрсету пункттерін орналастыруға және салуға, автокөліктерге, тракторларға және басқа да машиналар мен механизмдерге,оларды жуу және жөндеу жүргізуге;

    суды қорғау аймақтарында ен ұзындығы 100 м-ден кем және жақын маңайдағы беткейдің құлдилығы 3 градустан аспайтын жерлерге саяжайлық немесе бау – бақшалық жер телімдерін орналастыруға;

    көлік құралдарының тұрақты, соның ішінде олар саяжайлық және бау бақшалық учаскелердің аумақтарында да орналастыруға;



    құрылыс нысандарын, коммуникацияны және басқа да объектілерді қайта құруға, пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары мен жер қазу сияқты жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдардың келісімінсіз жүргізуге тиым салынады. Мұндай құзіретті органдар су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстар басқармасы, энергиямен жабдықтау және тұрғындардың санитарлық – эпидемиологиялық тұрғыдан алғандағы саулығы төңірегіндегі сұрақтарды қамтиды.

2.Суды қорғау белдеулері шегінде тиым салынады:

    үнемі (жүйелі түрде) жерді жыртып отыруға,тыңайтқыштарды қолдануға;

    шайылып кеткен топырақ қабаттарын жинауға;

    жаздық мал өрісі мен жайылымына (малдың әдеттегідей бір жерден су ішуі мен оларды шомылдыр үшін пайдаланудан басқа);

    маусымдық тұрақты күркелік қалашықтарды соғуға немесе орнатуға,



    саяжайлық және бау – бақшалық жерлерді соғуға;

жеке тұрғын үй немесе саяжайлық және басқа да құрылыстарға учаскелер бөлуге жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет