Және оларды Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлерінде шаруашылықтық пайдалану режимін белгілеу туралы



Дата03.07.2016
өлшемі59.67 Kb.
#173873


Өскемен су қоймасының су қорғау

аймағы мен су қорғау белдеуін

және оларды Өскемен қаласы

әкімінің әкімшілік бағынышты

жерлерінде шаруашылықтық

пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116-баптарына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары» жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және тартылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. 1 қосымшаға сәйкес Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлеріндегі Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі белгіленсін.

2. 2 қосымшаға сәйкес су қорғау аймағының аумағында шаруашылықтық пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектелген шаруашылықтық қызмет режимі белгіленсін.

3. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (В.Р.Колесников) «Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары» жобасын мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарын пайдалану және қорғауға арналған мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органға тапсырсын.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.В.Белихинге жүктелсін.


5. Осы қаулы 2007 жылғы 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Ж. КӘРІБЖАНОВ

Келісілді:

Ертіс бассейнді су шаруашылық

басқармасының бастығы К. КӨБЕГЕНОВ

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

«___» ________________

__________ қаулысына



1 қосымша

Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлеріндегі Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі



Рет са-ны



Су объектісі, оның учаскесі



Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

шекара-сының ұзын-дығы, (шақы-рым)

алаңы, (гектар)



орта ені (метр)



шекара-сының ұзын-дығы, (шақы-рым)

алаңы, (гектар)



орта ені (метр)



1.

Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлеріндегі Өскемен су қоймасы

33,61

1916,22

643,5

37,24

494,71

119,0

Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары» бекітілген жобаның картографиялық материалдарында көрсетілген.



Департамент директоры В.КОЛЕСНИКОВ

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

«___» ________________

__________ қаулысына



2 қосымша

Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлеріндегі Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін шаруашылықтық пайдаланудың арнайы режимі

1. Су қорғау аймағының шегінде мыналарға тыйым салынады:

1) су қоймасының алаңының су жинау алабында улы химикаттарды, органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдануға (зарарсыздандыру, улау және дератизациялық іс-шаралар тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі);

2) су қоймасына радиоактивті және уытты заттарды төгуге және көмуге;

3) су қоймасына тазарту имараттары жоқ және тиімді тазартудың нормативтеріне сәйкес қамтамасыз етілмеген өнеркәсіп, тамақ объектілерінің сарқынды суларының құйылуына;

4) су қоймасында радиоактивті және уытты заттарды бөлетін ядролық және өзге де технологиялардың түрлері пайдаланылатын жарылыс жасау жұмыстарын жүргізуге;

5) су қоймасында және су шаруашылығы имараттарында тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін техника мен технологияларды қолдануға;

6) су қоймасына қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды төгуге және көмуге;

7) су қоймасының су жинау алабына, оның мұз жамылғысының шайылуы су қоймасындағы судың сапасын нашарлатуға әкеліп соғатын қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтармен ластануына;

8) негізгі пайдаланудағы ағаш кесуді жүзеге асыруға;

9) тұрғындардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті, алаптың табиғи экологиялық жүйесінің бұзылуына қоршаған ортаның өзгеруіне, жол беретін шаруашылықтық және өзге де қызметке;

10) зиянсыздандыруға және қайта пайдалануға жарамайтын радиоактивті қалдықтар мен өнімдерді әкелуге, сонымен қатар сақтауға немесе көмуге;

11) қамысты шабуға және құрғақ шөпті өртеуге, түбірлерді қопаруға, уылдырық шашуға маңызы бар өзендердің арналарын игеруге;

12) міндетті мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаларсыз шаруашылықтық қызмет пен жұмыс өндірісіне және қызмет көрсетуге;

13) су қоймасы мен оның су қорғау аймағы мен белдеуінің ластануына жол бермейтін имараттармен және қондырғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайтадан жөнделген объектілерді пайдалануға енгізуге;

14) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, мұнай өнімдерін, техникалық қызмет көрсету пункттері мен автомашиналар мен ауыл шаруашылығы техникасын жууды, механикалық шеберханаларды, қоқыс үйінділері мен өндірістік қалдықтарды, мал өлігін көметін орындарды, аппаратураларға пестицидтер мен улы химикаттарды құюға арналған алаңқайларды, авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге арналған ұшу-қону алаңдарын орналастыруға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

15) белгіленген тәртіппен келісілген жобаларсыз құрылыс, судың түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру, кабель, құбыр желісі мен басқа да коммуникацияларды төсеу, бұрғылау, ауыл шаруашылықтық және өзге де жұмыстарды жүргізуге;

16) су көзіндегі су кемерінен кем дегенде 2000 метр ара қашықтықта ауыл шаруашылығы дақылдары мен ормандық екпе ағаштарды улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштарды қолданумен авиациялық өңдеуге;

17) малды өлшеусіз жаюға, оларды тоғытуға және санитарлық өңдеуге, су тоғаны режимінің нашарлауына әкеліп соғатын шаруашылық қызметтің түрлерін жүргізуге;

18) РБШК анықталмаған пестицидтерді қолдануға, қардың беті бойынша тыңайтқыштарды енгізуге, құрамында залалсыздандырылмаған көңі бар сарқынды суларды және тұрақты хлорлы органикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға (су қорғау аймақтарына өңдеу жүргізген кезде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылардың негізінде аз және орта улы химикаттар қолданылады).

2. Су қорғау белдеуінің шегінде, су қорғау аймағы үшін анықталған шектеулерден басқа, мыналарға тыйым салынады:

1) жер жыртуға, мал жаюға, сүректік-бұталық өсімдіктерді шабуға (орманда күтім және санитарлық шабуларды ғана жүргізуге рұқсат беріледі);

2) органикалық және минералды тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдануға;

3) палаткалы қалашықтарды, автомобильдердің тұрақты тұрағын, малға арналған жазғы лагерьлерді салуға;

4) арнайы мақсаттағы бас тоған, су реттеу, қорғаныс және басқа да имараттардан басқа, ғимараттар мен имараттар салуға; табиғат қорғау органдарымен келісілген жобалар бойынша орналастырылатын бас тоған имараттарынан, жағалауды бекіту жұмыстарынан, сондай-ақ демалыс орындарынан (жазғы үй салу) басқа, табиғи ортаға зиян келтіретін құрылыс, шаруашылықтық және басқа да құрылыстардың барлық түрлеріне;

5) учаскелерді саяжайлар салу үшін беруге.



Департамент директоры В.КОЛЕСНИКОВ



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет