Жер асты суы
Жер асты суы - Грунто́вая вода́
Жер қыртысы – земная кора
Жыныстар - породы
Су өткізбейтін қабат- водоупорный слой
Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді.
Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады.
Еспе су (грунт) дегеніміз – жер бетіне жақын , алғашқы су өткізбейтін қабатқа дейінгі су. Еспе су деңгейінің өзгеруіне жауын-шашын, еріген қар, булану көп әсер етеді. Жер бетінен сіңетін су көп болса грунт суының деңгейі жоғарылап, ал аз болса төмендейді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді.
Артезиан суы — су өткізбейтін қабаттардың, немесе жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындагы жер асты суы. Ол жер астындағы қысымда тұрады. Бұл — сапасы жағынан да жақсы су.
Жердің терең қабаттарындағы қысымы жоғары су артезиан суы деп аталады. Артезиан суы жерді бұрғылағанда атқылап шығады. Артезиан суы ондаған км-ден жүздеген км-ге дейінгі тереңдікте болады.
Жер астынан шығатын арасан суларды әртүрлі ауруларды емдеу мақсатында пайдаланады. Арасан сулар – құрамында еріген тұздары мен газдары бар сулар.
Кейбір жер асты сулары жылы болып келеді.Ондай сулар өте тереңде жатады.Олардың температурасы +200С-тан +1000С-қа дейін барады және одан да асады.Мұндай сулардың құрамында тұздар, қышқылдар, металдар және радиоактивті заттар кездеседі. Олардан йод, глаубер тұзын, бор қышқылын, әр түрлі металдарды алады.
Қазақстан аумағында да арасан сулары шығатын жерлер өте көп. Мысалы, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, т.б. облыстарында бар.
Жерасты суы – Жер шарындағы тұщы су қорының негізгі көзі. Сондықтан жерасты суын ысырапсыз пайдаланып, тазалығын сақтау керек. Алайда ірі кәсіпорындардың қалдықтары, сарқынды сулар еспе суларға араласып, орны толмас зиян келтіреді де, суды жарамсыз етеді.
Жер асты суы ең құнды пайдалы қазбалардың бірі болып табылады, ал оны
зерделеу – геология ғылымының маңызды мəселесі. Геологияның жерасты
суын зерттейтін саласы гидрогеология деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |