КІРІСПЕ
Осы дипломдық жұмысымда жер асты газ құбырлардың орнатуын және тұрғын үйлерге жеткізілуі техникалық есептермен көрсетілген.
Жер асты газ құбырының саңылаусыздығын тексеруді және газдың шығу
жерлерін анықтауды ұңғымаларды бұру әдісімен жүргізуге рұқсат етіледі.
Ұңғымалар трассаның әрбір 2 м арқылы газ құбыры қабырғасынан қашықтығы кемінде 0,5 м жерде салынады.
Ұңғымаларда газдың болуы тексеру аспаптармен жүргізіледі. Ұңғыма аузын байқап көру үшін ашық отты пайдалану ғимараттар мен құрылыстардан 3 м жақын емес қашықтықта рұқсат етіледі.
Газ құбырларының саңылаусыздығын ауаны нығыздаумен тексеруді құрылыс нормаларымен және ережелерімен реттелетін, жаңадан салынған газ құбырларының саңылаусыздығын сынау нормалары бойынша жүргізуге рұқсат етіледі.
Жер асты газ құбырын нығыздау бойынша жұмыстарды бастар алдында
мынадай дайындық жұмыстары орындалады:
- атқарушы-техникалық құжаттаманың жұмыстарды өндіру орнында жер асты газ
құбырының нақты орналасуына сәйкестігі тексеріледі;
- бұқтырманың, үрлеп тазартатын шамдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының
орналасқан жерлері, компрессордың қосылу жері айқындалады.
Жұмыстарды орындау үшін әрбір нақты жағдайда жергілікті жағдай ескеріле отырып, жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жоспары әзірленеді, онда мынадай шаралар қарастырылады:
- жұмыстарды жүргізу реттілігі;
- газбен қамтамасыз етуден тұтынушыларды ажырату тәртібі;
- газ құбырларын газдан босату тәртібі;
- сынау жүргізілгеннен кейін газ құбырын газбен үрлеу кезінде жұмыстарды жүргізу
тәртібі;
- газ құбырын пайдалануға қосу тәртібі;
- механизмдердегі, құрылғылардағы, аспаптар мен материалдардағы мұқтаждық
Нығыздауға қатысатын мамандар мен жұмыскерлер жұмысты бастар алдында жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жоспарымен таныстырылған болу керек және оларға жұмыстарды қауіпсіз жүргізу әдістері бойынша нұсқаулар беру қажет.
Жұмыстарды орындау мерзімдері және газ беруді тоқтату туралы халық пен
тұтынушыларды құлақтандыру олар басталмастан үш тәулік бұрын жүргізілуі тиіс.
ЭХҚ қондырғыларын ажырату нығыздау жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін бір күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |