Шетелдік азаматтар.
Қазақстан Республикасының 19 маусым 1995 жылғы № 2337 «Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы» туралы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, шетелдік мемлекетке тиесілі екенін дәлелдейтін құжаты бар тұлғалар танылады.
Мемлекет сапасы халықаралық құқық субъектісі ретінде тану туралы және халықаралық құқықтар мен міндеттер жүйесіне тиесілі екендігі туралы сұрақтарды шешуде маңызды. Халықаралық құқық тұрғысынан, ол үшін үш элемент қажетті және жеткілікті: мемлекеттік аумақ, мемлекеттік халық және мемлекеттік билік.
Мемлекеттік аумақ - әлемнің шектеулі бөлігі, билік етудің айрықша шегі.
Мемлекеттік халық ретінде, құқықтық қатынастық мүшелікпен байланысты мемлекеттік тиесілі отырықшы, ұзақ мерзімге есептелген адамдардың одағы танылады.
Мемлекеттік билік ұзақ мерзімге болжанған тиімді, әрекет қабілетті Үкіметпен жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық билікті талап етеді. мемлекеттік билік егемендікке мұқтаж. Ішкі қатынастар бойынша, белгілі бір аумақтағы барлық саяси күштерге билік жүргізетінін білдіреді. Бұл биліктің құралы ретінде тұрақты түрдегі, тиімді билік етуге орнатылған монополия танылады. Тек мемлекеттік билік қана үстемдікке ие, яғни қоғамда бірыңғай құқықтық тәртіпті орнатуға, мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің құқық қабілетін анықтауға, азаматтар мен лауазымды тұлғаларға құқытар мен міндеттер беруге құзіретті егеменді белгіге ие.
Әрбір шетелдік мемлекет халықаралық құқық қабілеттікке ие және келесі белгілер тән:
егемендік;
дербес шарттық тәжірибе;
дипломатилық және консулдық өкілеттіктермен өзара алмасу;
халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу.
Халықаралық ұйымдар - халықаралық қатынастардың белгілі бір сұрақтары бойынша өзара әріптестік үшін егеменді мемлекеттердің келісім негізінде құрылған ерікті бірлестігі. Халықаралық ұйымдар мемлекеттер және халықарлық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 3-бабына сәйкес, дербес субъектілер болып табылады. Олар мемлекеттермен құралады және егемендікке ие.
Халықаралық ұйымдардың белгілері ретінде:
халықаралық құрылтай шартының болуы;
белгілі бір мақсаттарының болуы;
сәйкес, ұйымдастырушылық құрылымының болуы: тұрақты органдардың жүйесі және штаб-пәтер;
мүше-мемлекеттер құқықтары мен міндеттерінен өзгеше дербес құқықтары мен міндеттерінің болуы;
халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес құрылуы;
үш немесе одан да көп мемлекеттердің мүшелігі.
Халықаралық ұйымдар - Халықаралық валюталық қор, Қайта құру және даму халықаралық Банкі, Халықаралық қаржылық Корпарациясы, Халықаралық даму Ассоциациясы, Әлемдік сауда ұйымы және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |